Совет–Хан Єаббасов


Ойшылдардың деген махаббат сезімдері, әлеуметтік қатынастарды пікірі



бет272/294
Дата08.10.2023
өлшемі3,2 Mb.
#113418
1   ...   268   269   270   271   272   273   274   275   ...   294
Байланысты:
treatise70934

Ойшылдардың деген махаббат сезімдері, әлеуметтік қатынастарды
пікірі. ашатын да, оны келешекпен жалғастыратын да ерекше
қасиеттерімен құнды ғой. Сондықтан да, адамзаттың ой алыптарының бұл мәселеге пікір айтпағандары аз. Оның үстіне, бұл сезімнен қоғамдағы әрбір мүше де, сырт қалмайтындығымен ерекше күрделене түседі. Немістің данышпан философ-ойшылы Гегельдің айтқан «саналы қажеттілігін», Ф.Энгельс дамыта келіп: «махаббат сезімдері арқылы, саналы істің шешімдері қабылданады» деген ғой. Ендеше, махаббат — өзімшіл сезімдерден іргесін аулақтата отырып — өзінің бостандық сүйгіштігімен де ерекшеленеді. Былайша айтқанда, адам шынайы, сүйіспеншілік сезімдеріменен — өзінің болмысындағы барлық мүмкіншіліктерін жайып салып, солардың ішінен біреуін ғана таңдап алатын, аса батыл шешімге бара алатындығын көрсетеді. Әр кездерде, бұл шешімдер әртүрлі сипат та алатындығын байқатады:
1) саналы түрдегі қажеттілікке бару арқылы;
2) сыртқы күштердің қыспағына түсу;
3) өмір тәжірибелерінің дегеніне қарай шешім қабылдау.
Ал, көптеген ойшылдар махаббат сезімі басыңа киілген ноқта тәрізді, табиғи теңсіздіктің бір көрінісіне балайды. Мәселен, Тургеновтың «Ауылдағы бір ай» атты әңгімесіндегі Ракитиннің сөзі: «Махаббатта теңдік жоқ. Тек қожасы мен құлы ғана бар. Сондықтан да ақындар оны арқандаулы темір шынжыр деген ғой. Сәл, сабыр етіңіз?! Мүмкін, сіз әлі өзіңіз де түсінерсіз, маңдайыңыздан сыйпаған жұмсақ алақан шымшып та, тіпті ет-жүрегіңізді дар-дар еткізіп жыртып та үлгіреді. Сөйтіп, әйел қауымының етегіне оралудың өзі зардабы мен запыраны да болады» ‑ деп түйіндейді. Осы айтылған пікірді, жазушының «Түтін» атты әңгімесінде Потугин үстемелей түседі. «Ер адам бір әлсіз жан иесі болғанда, әйел қауымы — күшті?! Дүние кезек жалғанмен алысып жүргенде, кездесе қалған мейірім мен жылылық еріксіз сені жетелеп ала жөнеледі. Тіпті, дегбіріңді алып, анасына ұмтылған баладай, алаңсыз аңқау күйге бөленетінің де рас. Осылайша, өле-өлгенше магнитке тартылған темірдей болып күнің өтеді»
Егер, осы айтылғандай, әйел атаулыны — м а г н и т десек, еркектерді — бір түйір темірге балап бейнелесек, оның еркі мен жігері байлауда болатындығын аңғару қиын емес. Сондықтан, оны өзінше түсінгендерге, махаббат — теңсіздіктің темір діңгегі тәрізденіп те көрінеді. Кейде, бұл күйді керісінше әйелдер де бастарынан кешіреді. Еркек те — әйел қауымының еркіндіктерін қанайды деуге болады. Сонда қалай? Махаббат сезімдерін жоғарыда айтқандай түсінуге бола ма? Шындығында да, сүю деген, азап па екен?
Міне, сырттай қарап үстірт түсінсек, аяулыңның өзі, азап сияқтанып та көрінеді екен. Ал, көптеген ойшылдардың тұжырымдары бойынша, шынайы махаббат сезімдері, керісінше, теңсіздіктерді жоюшы күштердің бірі көрінеді. Аңсаумен жеткен сезімдерден, тек адамшылық мұраттары арқау алмақ. Өмір сол сезімдердің арқасында, қызығы мол дәуренге айналады екен.
Әрине, адам тіршілігінің барлық салаларында да, уақыттан тыс, заманынан бөлек, қоғамына қатынассыз еш нәрсе де болмайтыны анық. Сол сияқты, заманы мен уақытына лайық, махаббаттың да өзіне тән міндеттері мен парыздары бар. Тіпті, ол сүйіспеншілік сезімдерінің қасиетін байытып, азғана топтың қызығына айналмай, қайта бүкіл халықтың қажетіне ауысатындығын көреміз. Мәселен, Петрарка өзінің «Ән кітабы» атты еңбегінде: «шынайы махаббат — бұл қасиеті мол жұмбақ күш, адамдарды алыс армандар мен биік мақсаттарға жеткізеді» деп тұжырымдайды. Ал, Руссоның айтуынша: «махаббат сезімдеріне бөленген адамдардың ақылы тапқыр өміршеңдіктерімен, тіршіліктегі өзге де мейірімді сезімдердің оянуына күш-жігер береді» дейді. Осы айтылған және айтылмаған ойлардың тұжырымдары бойынша, тек махаббат сезімдері ғана адам бойындағы азаматтық сананы жетілдіруші қуат күш екен.
Отбасы — бүкіл адамзат қауымының өсіп, өркен жайған,


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   268   269   270   271   272   273   274   275   ...   294




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет