Совет–Хан Єаббасов


Ерлі-зайыптылардағы үндестік



бет266/294
Дата08.10.2023
өлшемі3,2 Mb.
#113418
1   ...   262   263   264   265   266   267   268   269   ...   294
Ерлі-зайыптылардағы үндестік. Жаңа шаңырақ көтерген жастарға, өмір өзінің бұлжытпай орындайтын, талаптары мен міндеттерін жүктейді. Жалпы, кез келген семья негізінен үш түрлі мәселені дұрыс шешсе:
— рухани тәрбиені жетілдіру мен сақтау;
— денсаулық пен күш-қуатты шынықтыру;
— үй шаруашылығын дұрыс бағытта дамыту — деп шартты түрде жіктегенмен, осы мәселелерді біртұтас қалпында шешу арқылы, әр семья өзінің іргесін бекітіп, шаңырақтарын биіктете түседі. Осылайша, дұрыс қалыптасқан шаңырақ астындағы тіршілік те, оның ыстығы мен суығына шыдаған ерлі-зайыптылардың арақатынастары да, әсіресе рухани тәрбиенің сапасына ерекше байланысты болмақ.Тіпті, осылардың үндесе дұрыс шешім табуынан, семья беріктігі де қаланбақ екен.
Ал енді, шаңырақ астын шайқалтып, аздыруға апарар себептер қандай? Олардың атын атап, жөнін айтып жіктеуге болар ма екен? Бұл сауалдардың нақты жауаптарын айтпаса да, талдап көрсетуге, тек ғылым ғана көмекке келмек. Жалпы әлемдік деңгейде тұжырымдалған зерттеулерде, ерлі-зайыптылар арасындағы үндестікті бұзатын, негізінен ж е т і т ү р л і себептерді атап көрсетеді. Біз соның үшінші себебінен бастап көрелік:
— ерлі-зайыптылардың екеуінің де, немесе біреуінің айналасындағы адамдары мен туыс-туғандары — жора-жолдастары, көрші-қолаңдары және қызметтес адамдарымен қарым-қатынастары дұрыс болмаса;
— ерлі-зайыптылардың өзара сыйластығы мен түсіністіктері болмаса;
— олардың бала тәрбиесі жөніндегі көзқарастарының алшақтығы, яғни мәдениет деңгейлерінің әр түрлі болып келуі;
— ерлі-зайыптылардың жеке бастағы мінез-құлығындағы кемшіліктері;
Міне, осы айтылғандардың барлығы да, ерлі-зайып-тылардың тәлім-тәрбиесіндегі кемшіліктері бола тұра, олардың өзара қарым-қатынастарына да, орасан зор-ықпал етіп, тату-тәтті өмір сүрулеріне қиянатын тигізеді екен.
Енді, ең негізгі ‑ бірінші себепке келсек, бұл ерлі-зайыптылардың өзара жауапсыздықтарынан, анығырақ айтсақ, имансыз нәпсі құмарлықтарынан шығатын, — бір-бірінің көзіне шөп салушылықтан басталатын ұрыс-керіс, ақыры өз қолдарымен көтерген шаңырақтарын ортасына түсіріп тынады. Ерлі-зайыптылардың — е к і н ш і б і р келісе алмайтын себептері — олардың өзара жыныс қатынастарының үндеспеуімен тұжырымдалады.

Жалпы жыныс мүшелерін зерттейтін ғылымда,




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   262   263   264   265   266   267   268   269   ...   294




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет