Совет–Хан Єаббасов


Отбасы тіршілік ұясы. Адам баласының ажары да, бақыты да, осы бақыты



бет273/294
Дата08.10.2023
өлшемі3,2 Mb.
#113418
1   ...   269   270   271   272   273   274   275   276   ...   294
Отбасы тіршілік ұясы. Адам баласының ажары да, бақыты да, осы
бақыты. шаңырақ астында ғана барқадар тапқан. Оның арттағыға
қалдырар ұлағаты да, келешегіне жеткізер үміті де, осы айрандай ұйыған жанұясынан ғана өрбімек. Шаңырақ көтерудің мәні мен мағынасын осылайша түсінетін, ержеткен ұлдарымыз да, бойжеткен қыздарымыз да, өздеріне өмірлік жар іздеп шарқұра талпыныс жасайды. Бұл жайында әр халықтың да, ғасырлар бойы қалыптастырған сан қилы дәстүр-салттары бар. Сол сияқты қазақ халқының да, шаңырақ көтерудегі тәлім-тәрбиелеріне, кітаптың алдыңғы тарауларында, кең түрде тоқталған едік. Ал қазір, орайы келіп тұрған соң, жанұяның бақыты деген ұғымға, арнайы көңіл аударып еске алуды жөн көрдік. Шындығында да, отбасы бақытын аңсамайтын, армандамайтын жан болуы мүмкін емес. Ендеше, бақыт дегеніміздің өзі не? Сірә ол, адам бойына сырттан келіп сіңетін, немесе көктен құйылып жұғатын нәрсе емес қой?! Оның да көктеп өнер тамыры, бірте-.бірте қалыптастырар тұрағы бар, тіршіліктің заңдылықтарына бағынатын құбылыс екені рас. Анығырақ етіп айтсақ, адам баласының б а қ ы т ы, оның үзіліссіз тәрбие кезеңдерінде қалыптасатын, мінез-құлықтарының бекзаттығымен тікелей байланысты екенін түсіну қиын емес. Тіпті, адамдардың, мінез-құлығы — оның тіршілігіндегі т а ғ д ы- р ы деп те айтылатыны белгілі. Олай болса, о т б а с ы бақыты тікелей ерлі-зайыптылардың өз қолында екен.
Адамның тәрбиемен қалыптасатын ар-ұжданы мен адалдық инабатының арқасында, ерзі-зайыптылардың бір-біріне деген сенімдерін ешуақытта кір шалмайды. Олар өзара адалдықтарына имандай сенеді. Міне, осындай адамшылыққа толы қасиеттерден, олардың кісілікке жеткен келбеттері қалыптасады. Осылайша, адалдықты ту еткен жанұяда алдау мен арбау да, жымсыма сезімдер мен зинақорлыққа құмартудың да болмайтыны анық. Міне, осындай тазалықтан ғана, шынайы махаббат сезімдері үлгісі мол достыққа ұласып, ізгілікке толы сыйластықты қалыптастырады екен. Шаңырағының астына осындай береке-бірлік ұялата білген ә й е л д е р, тек өз отбасында ғана емес, бүкіл айналасындағы адамдарға да с ү й к і м д і көрінеді. Мұндай шаңырақтың еркектері де төңірегіне мейірімді де, мазмұнға бай марқасқа азамат ретінде әсер етеді. Сөйтіп, олар өзара шынайы адал сыйластықтарымен, ауылы мен аймағына белгілі қадір-қасиетке жетеді. Міне, шаңырақ астындағы — о т б а с ы б а қ ы т ы деген осы болса керек?! Ал, шаңырақ астының береке-бірлігі, толып жатқан тәлім-тәрбие түрлерінен тұратыны да белгілі. Мәселен, оларды жіктей айтып көрсек:
— Әке тәрбиесі.
— Жезде тәрбиесі.
— Ене тәрбиесі.
— Жеңге тәрбиесі, — деп атап-атап айтуға болады.
Оның үстіне, бұлардың бірін-бірі алмастыра алмайтын, өте нәзік заңдылықтарының да бар екендігін байқаған дұрыс. Мысалы, ер жетіп қалған ұлына әкесі айта алмайтынды, ж е з д ес і әзіл араластырып-ақ ұғындыра алады. Сол сияқты, б о й ж е т і п қалған қ ы з ы н а ш е ш е с і айта алмайтынды, сөз арасында немесе сырласқан сәттерінде ж е ң г е с і оп-оңай түсіндіре салады. Осы айтылып отырған тәрбие түрлері, сайып келгенде қаншама мол имандылық пен инабаттылықты қалыптастырады десеңізші?! Енді қысқаша болса да, осыларға жеке-жеке тоқталып көрелік.
Ә к е т ә р б и е с і — бүкіл адам тәрбиесінің, соның


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   269   270   271   272   273   274   275   276   ...   294




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет