Совет–Хан Єаббасов



бет102/294
Дата08.10.2023
өлшемі3,2 Mb.
#113418
1   ...   98   99   100   101   102   103   104   105   ...   294
Байланысты:
treatise70934

* * *
Ә). ДАУЛЫ МӘСЕЛЕНІҢ БҮГІНГІ ЖАҒДАЙЫ

Границы з н а н и я хотели установить с помощью –


все того же з н а н и я. Это – типичная ошибка”
А.ЛОСЕВ.

П с и х и к а д а ғ ы и д е я т у а пайда бола ма? жоқ әлде – Ж ү р е пайда бола ма? – дейтін сауалдардың түпкі төркіні тым тереңде жатқанын байқаймыз. Тіпті, кезінде бұл мәселемен – данагөй Платонның өзі де шұғылданып, адам п с и х и к а с ы н д а ғ ы и д е я н ы ң т у а пайда болуы, тікелей құдайтағаланың құдіретімен екенін уағыздаған екен. Оны жоғарыда ұлы философ Декарттың осы мәселе жайындағы шығармаларын талқылағанда білдік.


Осынау күрделі м ә с е л е н і – 17 ғасырдың ортасына таман қайта қарастырған Декарт та, жан-жақты зерттей келіп – И д е я т у а п а й д а болады, ­ деп тұжырымдаса да, бірақ о н ы т ү р т і п о я т а т ы н қ у а т т ы ң иә болмаса, ә с е р д і ң не екенін ашып айта алған жоқ. Ол – бұл құбылыс ж а р а т ы л ы с т ы ң өз і ш і н д е, яғни, адамның ж а н д ү н и е с і н д е өзінен-өзі қалыптасатындығын айтады. Әрине бұл – осы і л і м н і ң әлсіз тұсы болатын. Бірақ, оған себепкер – сол кездегі т а б и ғ и ғ ы л ы м д а р д ы ң даму деңгейінің төмендігі еді. Әйтседе – т у а пайда болатын и д е я жайындағы Декарттың көзқарасын, Халық педагогикасы мен психологиясының 2-ші негізіндегі – құбылыстармен астастыра қарасақ, сөз жоқ, Декарттың бұл мәселедегі аса ұшқыр т а н ы м ы н а таңданбасқа болмайды. Бірақ, ол – туа пайда болатын идея да – ананың түйсігі мен сезімдері арқылы оянатынын – былайша айтқанда, бұл да – с е з і м р е ф л е к ц и я с ы м е н қалыптасатынын түсіне алмаған. Өйткені, Декарттың заманын да, ана құрсағындағы ж а н и е с і н і ң төрт ай мерзімінде-ақ, ести де тыңдай да алатыны белгісіз болған ғой.
Ендеше болашақ ұрпақ тәрбиесінде пайдаланбақ болып отырған жаңа көзқарас өзінің гносеологиясы мен методологиясы бойынша, тіршіліктің тереңдегі түп-тамырымен сабақтас екен. Ал оның өмірдегі орнын батыл да жедел тауып беру үшін, ең әуелі адам ғұмырының ф и з и о л о г и я л ы қ к е з е ң д е р і н мойындаумен қоса, және осы кезеңдердің ә р қ а й с ы с ы н ы ң өздеріне т ә н – т ә р б и е ә д і с т е р і н і ң – бар екенін түсіну қажет. Әсіресе, сол кезеңдердің ішінде көздің қарашығындай сақтайтын, ең қ ұ д і р е т і мол пәрмендісі – Ұрық тазалығы мен Ана құрсағындағы – кезеңдерді ерекше бөліп айтқан жөн. Өйткені, дәл осы кезеңдер де, адамның ең н е г і з г і қасиеттері: - түйсігі мен ұяты, зейіні мен зердесі, мінезі мен жігері, ішкі бес сезімдері мен психикалық темпераменттері және табиғи туа пайда болатын қабілеттері – тек өзіне тән тәрбие әдістерімен ғана ашылып қалыптасады.
Адамзаттың Ұлы ойшылдарының бірі Декарттың – философиялық і л і м дәрежесіне дейін дамытқан – “идея туа пайда болады” – деп дәлелдейтін еңбектерін жаңаша көзқараспен игеруге тиіспіз.
- “Жалпы философияны с ө з д і к т е р ж ү й е с і н е айналдырып түсіндіруге болмайды, - деп нақтылайтын ғұлама А.Ф. Лосев1 - керісінше оны д ү н и е т а н ы м і л і м і ретінде, ал философиялық сөздіктер сол біртұтас дүниетанымның, әрбір бөлшектерін терең игеруге көмектесетінін айтады. Сонымен қоса, ең алғаш и д е я жайындағы пікірді тудырған Платон ба? – жоқ әлде Демокрит пе? – ол жағын дәл басып айту қиын. Өзінің а т о м туралы і л і м і н Демокрит те и д е я ғ а балаған екен. Платон и д е я жайындағы і л і м і н жинақтай келіп, күллі и д е я атаулыны өзінің заттық негіздерінен бөлек қарау, тіпті де ойға қонбайтын о ғ а ш т ы қ – деп тұжырымдаған”
Егер осы принципті негізге алсақ, сөз жоқ Декарттың, - “идея туа пайда болады” ‑ дейтін тұжырымындағы з а т т ы қ негіз болып табылатын, ми қабаттары екені даусыз?! Бірақ, осы з а т т ы қ н е г і з д і ң ішінде жатқан и д е я н ы да түртіп о я т п а с а, ол өз мәніне жетпейтіндігін бүгінгі адамзат қауымының кемшіліктері мол т ә р б и е л е р і н е н анық аңғаруға болады. Европацентризм м е т о д о о л о г и я с ы н ы ң ықпалымен, адамның биологиялық и н д и в и д ретіндегі алғашқы екі кезеңдерін, яғни Ұрық тазалығы мен Ана құрсағындағы т ә р б и е н і қағаберіс қалдырудың зиянын тұшынудамыз. Осы пікірдің айқын дәлеліндей Декарттың ескермеген тұсын айтқымыз келсе, “т у а пайда болатын и д е я н ы ң” өзіне де – оны о я т у үшін – құрсақтағы баланы а н а с е з і м д е р і м е н тәрбиелеудің қажеттігін аңғармаған.Сондықтан да, ол жайында ешқандай о й қозғамаған.
Ал Декарттың осы пікірін қатты с ы н ғ а алған Локктың – “идея ж ү р е пайда болады” – дейтін тұжырымына келсек, оның да ө з д ұ р ы с т ы ғ ы бар екенін айтқан жөн. Мұның анық мысалы ретінде, осы Локктің и д е я с ы н ы ң ы қ п а л ы м е н – бүгінге дейін қалыптасып келген а н а қ ұ р с а ғ ы н д а ғ ы тәрбиені мойындау немесе ж ү р е к т ә р б и е с і н жүргізбеу – тәрізді білместіктің салдарынан тартып отырған азабымыз аз емес?! Д.Локк өзінің келтіретін дәлелдерінде, бала шыр етіп дүниеге келгенде, оның миы ақ қағаздай таза болатындықтан, туа пайда болатын идеяның болуы мүмкін еместігін айтады. Керісінше, осы “табула расса” яғни жазылмаған тақтаға, тек с ы р т т а н түсетін рефлекцияның арқасында ғана “и д е я жүре пайда болатындығын” дәлелдеуге тырысады.
Мінеки, осы екі философтың қарама-қарсы даулы пікірлерін зерделей зерттеп байқасақ, екеуінің де мамандықтары дәрігер бола тұрса да, ана құрсағындағы өсіп жатқан Жан иесіне де т ә р б и е н і ң керектігін, яки жанның арналарын ашатын ж ү р е к т ә р б и е с і болатынын ескермеген. Былайша айтқанда, бір медальдің екі бетін өзара байланыссыз сыйпаттап отырғандай әсер қалдырады. Екеуіне де өз уақыттарынан ерте бір мәселенің белгісіздігінен, яғни ана құрсағындағы бала төрт айдан кейін-ақ ести де түсіне де алатыны, олар үшін белгісіз болған. Таңғажайып осы құбылыс, оларға бір-біріне қарама-қарсы болжамдар қабылдауына мәжбүр еткен. Жазып отырған кітабымыз негізінен философиялық еңбек болмағандықтан, көтеріп отырған даулы мәселенің, тек а д а м т ә р б и е с і н е қатысты жағын ғана қарастырып, педагогика саласында аса елеулі зерттеулер қалдырған Ұлы философтарымыз Р.Декарт пен Д.Локкті аттап өте алмағанымызды ескертеміз. Олардың кезінде келісе алмаған ғылыми көзқарастарына б и о т е х н о л о г и я н ы ң жаңа деректерін пайдалана отырып, ескі ұғымдардың ересен үлкен қ у а т т а р ы н а үн қосуды жөн көрдік. Сонымен, екі философтың өз уақыттарына лайық, бір мәселенің е к і ж а қ б е т і н сөз еткен пікірлерін де, аса үлкен а л ш а қ т ы қ т ы ң жоқ екендігін айтқымыз келеді. Біз бұл философтардың е к е у і н і ң де п і к і р л е р і дұрыс дегенде, тек адам т ә р б и е с і н і ң қай кезеңнен қалай басталуына байланысты, салыстырмалы сипатта ғана айтып отырмыз. Мәселен, адам ғұмырының а л ғ а ш қ ы екі кезеңдерін немесе Ұрық тазалығы мен Ана құрсағындағы т ә р б и е н і қалыс қалдырған жағдай да, шамамен Локктің айтқан – “идея жүре пайда болады” – дейтін тұжырымы өз күшінде көрінеді. Оның сипаты – осы уақытқа дейін жүргізіліп келген, тәрбие жүйелерімен астасатындығын ашып айтқан жөн. Жалпы и м п е р и я л ы қ саясаттар қалыптастырған тәрбие жүйелерінде, адамның ж а н д ү н и е с і оның г е н е т и к а л ы қ күрделі күрмеулері, ана құрсағында ғана қалыптасатын т у м а қасиеттері және биологиялық и н д и в и д ретіндегі ерекшеліктері, ешуақытта да ескерілмеген және оларды сақтап жетілдіруді көздемеген. Міне, осындай ж ү р е к тәрбиесі мүлдем ескерілмейтін жүйеде, т ү й с і к тәрбиесінсіз дүниеге келген нәрестеде ғана “идея жүре пайда болуы” әбден ықтимал. Себебі, ол ана құрсағында жүргізілетін тәрбие тәсілдерінен мүлдем мақұрым қалатындықтан, оның ми қабаттарындағы ата-баба зерделері оянбай, жан-дүниесінің арналары ашылмауын да жоққа шығара алмаймыз. Олай болса, Локктың – “табула расса” дейтін философиялық тұжырымында да өз шындығы бар екенін түсінген жөн.
Ал керісінше, ана құрсағында Тәннің ішкі және сыртқы мүшелері қалай дамып жетілетін болса, Жан дүниесінің арналары да осы кезеңде ашылып қалыптасатындығын ескерсек, құрсақтағы Жан иесінің т ү й с і к т і к ақылының кемелденуімен Ұлы Декарттың – “идея туа пайда болады” – дейтін өз уақытынан озып айтқан тұжырымын құптауға да құлықтымыз. Мұндай тұжырымға келуге, бүгінгі ғ ы л ы м жетістіктері мүмкіндік береді. Тіпті, жоғарыда келтірілген лабороториялық зерттеулердің сыры, болашақ ұрпақ тәрбиесінің өзгеше ө р і с і н ашып, педагогика ғылымының да көкжиегін кеңейте түспек.
Сөйтіп, адам тәрбиесінің алғашқы екі к е з е ң д е р і н і ң тылсымға толы құпия сырларын ашу арқылы, адамзаттың Ұлы ойшылдары Декарт пен Локктің пікір таластарын шешіп, өзара келісімге келулерін қалар едік. Сонымен қоса, кез-келген философия ғылымдарының өзі де, халық педагогикасы мен психологиясының қойнауынан шығатындығының айқын айғағын да көргендей боламыз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   98   99   100   101   102   103   104   105   ...   294




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет