бойынша, босанғаннан кейін емшектің ұшына қол тигізе бермеуді ұсынса, екіншісі бала еміп болысымен жылы сумен шайып тастауға кеңес береді. Қалай болғанда да, ана емізуге кірісердің алдында міндетті түрде қолын сабындап жуып келгені жөн. Жуылмаған қолдан – емшектің ұшына да, баланың аузына да ұ ш ы қ шығады. Тәжірибелі әйелдер емізіп болған соң, омырауының ұшы кепкенше күтуге қадеттенеді.
Бала үшін – емшек сүтіне жетер не бар?! Бірақ,
Емшек сүтімен қазіргі көптеген аналардың омырауларынан сүт
өсіру – ана атаулының шықпайтындықтан баласын өз сүтімен өсіру,
арманы қол жетпес арманға айналып кетті. Мұның ең
негізгі әлеуметтік себебі, босанғаннан кейінгі жағдайсыздықтан, ана атауылының күйгелектікке, яғни н е в р о з ғ а шалдығуына тіккелей байланысты. Біз мұны – дәстүрлі б е с і к тәрбиесінен қол үзгендікпен байланыстырамыз. Балаларын бесіксіз өсіретін басқа жұртты сөз етпегенмен, ғасырлар бойы б е с і к т е өскен халықтар үшін – мидың астыңғы қабатына жазылып қалған ата-баба з е р д е с і н ешқайда жасыра алмаймыз. Соның салдарынан, осынау ұлттық ерекшіліктерін ескергісі келмейтін елдер де, нәрестесін емшек сүтімен жарытпау мәселесі етек алып отыр.Қалай болғанда да, мұндай жағдайға ұшыраған аналар – мынадай үш түрлі жәйді есте ұстаулары қажет:
Егер емшек сүтін қалыпты жағдайға жеткізерліктей үміт болса, жасанды қорекке асықпау керек.
Бірден үмітсіздікті күйттеп, көңіл-күйді бұзуға болмайды.
Егер бала алғашқы күндерден бастап-ақ, қолдан тамақтануға көшсе, соғұрлым омырау берудің мүмкіндігі азая береді. Өйткені, балаға күш жұмсап емшектен сорып емгеннен гөрі, құмырадан жұту әлдеқайда оңайға түсетіндіктен, ол омырауды алмауға тырысады. Біртіндеп омырауына сүт келе бастаған ана байқамай баласын құмыраға үйретіп алса, нәрестесімен қайшылыққа түсуге тура келеді. Мұндай сәттерде табандылық жасап, баланы қайыра омырауға салуы қажет-ақ.
Алғашқы күндер сүт аздау болса, түнгі мерзімдерде емізудің уақытын ұлғайту арқылы (22.00 және 2.00), таңға дейін емшектің сүті молая түседі. Немесе, керісінше әрбір 3-4 сағаттың орнына 2 сағат сайын емізіп те, сүттің жиналуын жиілетуге болады. бұл екі тәсіл де, ананың психологиясына байланысты әсер етеді. Біреуге уақыт мөлшерінің ұзарғаны жақсы, керісінше екіншісіне – қысқарғанынан сүті омырауына мол жиналатынын байқауға болады. Тек жиі емізгенде емшектің ұшына сақ болу керек. Осы әрекеттердің барлығы да аса ұқыпты зейін қоюды талап етеді. Егер шынымен де омыраудың сүті аз екені анықталысымен-ақ, еш кідіріссіз ж а с а н д ы қоректерге көшуді кешеуілдетудің қажеті жоқ. Бірақ, омыраудағы сүтті аз мөлшерде болса да, жасанды сүтпен алма-кезек ауыстырып берудің пайдалылығын естен шығармаған жөн.