Совет–Хан Єаббасов


§ 9. БІР ЖАРЫМ ЖАСАРДЫ ТҮСІНУ



бет145/294
Дата08.10.2023
өлшемі3,2 Mb.
#113418
1   ...   141   142   143   144   145   146   147   148   ...   294
Байланысты:
treatise70934

§ 9. БІР ЖАРЫМ ЖАСАРДЫ ТҮСІНУ

Ай маңдайлы ұл-қыз туса алдыңда,
Үйіңде өсір, бөтен жерде қалдырма.
Тәрбиеші ал ізгілікті, көшелі,
Ұл-қыз жақсы, таза болып өседі.
Ұл-қызыңа ә д е п үйрет, білім бер,
Екі дүние еркін оған күлімдер.
Ж. Баласағұн.
Жан Нәрестенің алғашқы б і р ж ы л ы – тіршіліктің нағыз
талпынысы. таңғажайып құбылыстарын көз алдыңа келтірмей ме ?
Сөз жоқ, ол ересен үлкен өзгерістерді басынан кешіреді. Нәресте кезеңінің соңында, яғни бір жастан асқан баланың айналасындағы адамдармен қарым-қатынастары да, тағамға деген талғамдары да, тіпті өзіне деген түсініктері де қатты өзгереді. Оны кішкентай кездеріндегідей қалай орап, қайда қоям десеңіз де, қандай тамақ беріп нендей ойыншықпен алдандырсаңыз да, өзіңіздің еркіңізде болатын. Ол осының бәріне де көнетін. Ал ендігі жерде, бір жасарлардың жағдайы басқаша мүлдем жаңа өзгерістерге ауысады. Енді ол не істесе де нені сұраса да, өзіне ұнағандарын талап ете бастайды. Кейде тіпті қырсығып, сенің айтқандарыңа көнгісі де келмейтін кездері болады. Нәрестесінің мұндай мінездерінен көптеген ата-аналар тіксінген әсерінен, жамандық көргендей уайымға да беріліп қалады. Бұған айтар кеңес: Жоқ! Қайта өз пікірін білдірмейтін баладан қорыққан жөн. Ол ертең ер жетіп өскен кезде де, еш пікірсіздікпен өмір кешсе одан қауіпті еш нәрсенің болуы мүмкін емес. Әйткенмен де, өз дегеніне ыңғай танытатын бір жасарлықтарды да қайшылықсыз келісуге көндіретін, тәрбие-әдістері мен құпия-сырлары жоқ емес. Ол үшін баланы үкімді ықпалға көндірем демей-ақ жылы сөйлеп жұмсақ мінезбен еліктіріп, істелетін әрекеттерді бірге жасауға тырысқан жөн. Осылайша олардың ерегеспек болған әрекеттерінен бірте-бірте мүлдем алыстатып әкетуге болады. Түсіне келе ол өзінің бұл қылықтарынан саналы түрде бас тартуға барады.
Нәресте б і р мен е к і жас аралығында аса ізденгіш,
Тынымсыз әр нәрсені білуге құмар, көргені мен байқағандарын
іздену. қайталап істеуге талпынғыш келеді. Тіпті, оларды шұқып көрмейтін тесіктері, ырғап қозғамайтын заттары, ұстап көруге тырыспайтын үй-мүлкі жоқ десек те болады. Бәрін де өзінше зерттеп білуге тырысады. Осындай тынымсыз ізденістердің өзі-ақ, баланың ойлау қабілеттерін қозғалмалы күйге түсіріп, үнемі алдына мақсат қойғыш қасиеттерін аңғартса керек. Ендеше, танымға құмар балалар ұйықтағанда ғана болмаса, басқа уақыттарда тыныштық дегенді білмейді. Осының арқасында тыным таппай жүріп олар көп нәрсені игеріп те, үйреніп те алады.
Ата-анасы баланы сақтандырып тәрбиелеуге ұмтылған


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   141   142   143   144   145   146   147   148   ...   294




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет