* * *
ТҮЙІНІ:
Педагогика мен психологияның ІІІ‑ші негізі (немесе,Нәресте кезеңі);
Нәресте тәрбиесі, жаңа туған нәресте, нәрестенің психикасын игеру, сана тәрбиесі, уыздың мәні;
Нәрестені көректендірудің түрлері, ана сүті таиғи нәр, омырау беру әдістері, танакөзді ауызға дұрыс беру, әр бала әртүрлі емеді, тікмінездіні тітіркендіретін не?, омырау сүті әртүрлі мезгілде келеді, емізу мерзімдері,омыраудың ұшын күту;
Аралас қоректің жөнін біл, нәрестені емізу реті;
Жасанды көрек;
Емізудің күрделі сәттері;
ІІІ‑ші негіздің этнопедагогикалық сипаттары;
Бесіктің тәрбиелік мәні;
бесіктің құрылысы;
Бір жарым жасқа дейінгі бала тәрбиесі;
Үш пен алты айлық;
Бір жас аралығы;
Бір жарым жас аралығы;
Бір жарым жасарды түсіну;
ТАПСЫРМА және СҰРАҚТАР:
Жоғарыдағы тақырыптарды игеру керек ?
* * *
А Л Т Ы Н Ш Ы Т А Р А У
“ Адамның бiр қызығы – бала деген,
Баланы – оқытуды жек көрмедiм”
АБАЙ.
§ 1. ПЕДАГОГИКА мен ПСИХОЛОГИЯНЫҢ IV-ШI НЕГIЗI
(немесе БАЛБӨБЕК КЕЗЕҢI)
“Ештеңеге де таңдануға болмайды”
ПИФАГОР.
а) БАЛБӨБЕК ТӘРБИЕСI
“Ата-баба зердесiне жалғасар сәт”
ҰЖДАН.
Психика. Ұрпақ тәрбиесiнiң бұл кезеңi де яки, баланың Балбөбек дәуренi де, өзiне лайықтап жасалынған ұлттық тәрбие тәсiлдерiнiң үлгiсiн әлi де көре қойған жоқ. Сондықтан, ұрпақ тәрбиесiнiң физиологиялық бұл сатысында да, оның аса нәзiк психикалық ерекшелiктерiн ескерiп, нағыз ата-баба з е р - д е с i м е н сабақтастырарлық – Халық педагогикасы мен психологиясының – ғылыми Негiздерi мен Жүйесiнiң м е т о д о-л о г и я с ы н пайдаланудан мақұрым қалып отыр. Әлi де сол сырттан таңылған к ө ш i р м е м а з м ұ н д а р мен т ә р б и е т ә с i л д е р i үстемдiктерiн жүргiзуде. Ендеше үнемi елiктеушiлiкпен тәрбиеленген ұрпақтан өзiнше еркiн ойлауды да, ұлттық болмысына лайықты болып жетiлудi күтпек түгiл, тiптi азаматтық санасы ашылуынан үмiттенудiң өзi мүмкiн емес. Олай болса, не iстеуiмiз керек?! Ендеше, өркендерi өсiп отырған елдерге қарасақ, олар ұрпақтарын әуелi өзiнiң халықтық тағылымында тербетiп, сонан кейiн ғана бүкiл адамзаттық игiлiктердi ұлттық психологиясына үндестiре отырып игередi екен. Мiне, бiзге де керегi осы үлгi?! Тек, бұл мәселенi – жанұя – мемлекет – қоғамдық орта – бiртұтас халық болып шешудi басты шарт етiп қарастырған жөн. Ендiгi жерде – егемендi Ел болудың негiзi де - өркениетке жетудiң өзегi де – тек дұрыс бағыттағы а д а м т ә р б и е с i н е тiкелей байланысты екендiгiн, түбегейлi түсiнбей құр босқа өзiңдi-өзiң алдай берудiң қажетi жоқ.
Достарыңызбен бөлісу: |