Совет–Хан Єаббасов



бет153/294
Дата08.10.2023
өлшемі3,2 Mb.
#113418
1   ...   149   150   151   152   153   154   155   156   ...   294
Байланысты:
treatise70934

Тазалық тағылымы. Балбөбек кезеңіндегі ең жауапты да уақытты барынша көп алатын тәрбиенің бірі, балалардың шешініп-киінулері мен барлық киімдері өздеріне шақ, ыңғайлы да көркем болуына көңіл аудару қажет. Бұл оның көңілін көтеріп жақсы әсер етумен қоса, баланы ұқыптылық пен жинақылыққа да ұмтылдырады.Себебі,бөбек өзіне ұнайтын киімдерімен ойыншықтарын қалай болса солай тастап, кірлетпеуге өзі де қамқорлық жасайды. Сонымен қоса киімдерінің қалай аталатынын да тез үйреніп, рет-ретімен киінуді де жылдам игереді. Әйтсе де, баланың бұл кезеңінде өзін-өзі тазалыққа баулуы – жуынуы – сүртінуі – заттарын орын-орындарына қоюы - әлі де үлкен қиындықтармен орындалатыны белгілі.Олар осы кезде тіл алғыштықтарымен қоса, өздерінің де айтқандарын орындауды талап ете бастайды. Сондықтан, сөздерін аяғына дейін тыңдамай айтқандарын істемеген жағдайда, қатты ренжіп қалуды шығара бастайды. Мұны теріс мінезге баламай, қайта өзін-өзі сыйлатуға ұмтылған к і с і л і к т і ң алғашқы белгілері деп түсінген жөн. Даладан енді ғана кірісімен-ақ аяқ киімдерін шешіндіріп, бірден қолдарын жуындыруға қадеттендіру шарт. Ол осының бәрін де өзі істеуге тырысса барынша мүмкінділік жасап, жаманын жасырып жақсысын асырып дегендей психологиялық әсерлер етудің орны бөлек.
Балбөбектерді – балабақшаларында тәрбиелеудің өз
Ұйқы. ерекшеліктері бар. Мәселен, 1 жарым жастағыларды –
кіші топқа, 2-ден асқандарын – үлкен топқа бөліп тәрбиелеудің маңызы зор. Бұл – балбөбек кезеңінің табиғи ерекшелігімен тығыз байланысты екенін жоғарыда айтқанбыз. Өйткені кіші топтың – тәулік режимдері, яғни, оның тамақтануы мен ұйқысының да – үлкен топтан әжептәуір айырмашылықтары бар. Оның режимдік реттерін алдыңғы тарауда жіктей талдап, уақыт мерзімдерін (№4 таблица) жеке-жеке көрсетіле отырып берілген еді. Балбөбек кезеңінде балабақшасындағы кіші топтың да, үлкен топтың да ұйқысының мөлшері мен тамақтануына ерекше маңыз беру қажет. Өйткені бұл кезеңдегі тамақтану мен ұйқының дұрыс болуы балаға ауадай қажет. Сондықтан, олардың ұйқысын жаз айларында да, қыс мерзімдерінде де дәліздегі таза ауада ұйымдастырған жөн. Сонда ғана тынысы терең, сапасы мол ұйқы болмақ.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   149   150   151   152   153   154   155   156   ...   294




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет