БАЛБӨБЕКТІҢ ТӘУЛІК ТЫНЫСЫ
(таб. №5)
Тәуліктің кестесі
|
Баланың жасы
|
1 ж. – 1 ж. 6 ай
|
1 ж. 6 ай – 2,5-3 жас
|
уақыты – сағ. мин.
|
уақыты – сағ. мин.
|
Үйде:
тұрғызу, жуындыру, киіндіру
|
6.30 - 7.30
|
6.30 - 7.30
|
Яслиде:
қабылдау, қызуын өлшеу
|
7.00 – 8.00
|
7.00 – 8.00
|
таңертеңгі асқа әзірлеу
|
7.30 – 8.30
|
7.45 – 8.45
|
Ойыны:
|
8.30 – 9.30
|
8.45 – 9.15
|
Тәрбие сабағы:
|
9.30 – 10.00
|
9.15 – 9.30
|
Ұйқы:
Түске дейінгі
|
10.00 – 12.00
|
-
|
Далада ойнау
|
-
|
9.45 – 10.45
|
Сырттан оралу
|
-
|
10.50 – 11.00
|
Түскі асқа әзірленуі
|
-
|
11.10 – 12.00
|
/ояну/, жуыну, тамақтану
|
12.00 – 13.00
|
12.00 – 13.00
|
Күндізгі ұйқы
|
-
|
13.30 – 15.00
|
Ойыны:
|
13.30 – 15.30
|
-
|
Бесін тағам
|
15.30 – 16.00
|
15.30 – 16.00
|
Түстен кейінгі ұйқы
|
16.05 – 17.00
|
-
|
Кешкі тағам
|
17.00 – 18.00
|
17.00 – 18.00
|
Үйге қайту
|
18.30 -
|
18.30
|
Кіші топты да, үлкен топтың балаларын да жатар алдында міндетті түрде дәретке отырғызып, жуынып-шайынған соң әрқайсысының дұрыс жатқандығын тексеріп шыққан жөн. Барынша балалардың ұйықтар алдында да және ұйықтап тұрғаннан кейін де, олардың көңіл-күйлерін бұзбай, у-шусыз жайбарақат жағдайға қадеттендіру керек.
Балбөбек кезеңіндегі баланың әртүрлі кез-келген ойындары
Ойын оның ойлауына да тілінің жылдам шығуына да,
мазмұны сөздік қорының молаюына да, еңбек сүйгіш болуына да, тіпті имандылық пен инабатының жетілуіне де көмектесер пәрменділігімен құнды. Сондықтан да, балабақшаларында мақсатты ұйымдастырылатын м а з м ұ н ғ а бай ойындардың берері мол. Ол үшін әртүрлі ойыншықтар мен түрлі-түсті заттардың көп болғаны жөн. Мысалы, бірнеше түр мен түсте жасалынған қуыршақтар, ойыншық орындықтар мен төсекорындар, ыдыс-аяқтар мен үй тұрмысының заттары сияқты мүліктер ойынның мазмұнын жан-жақты етіп ашуға мүмкіндіктер береді. Бұл балалардың бірге ойнауына да, жарыса қиялдауына да, тіпті ойдан мазмұны бар шағын әңгімелер құрастыруларына көмектеседі. Бала қиялының ғажап жетілетіні соншама, кейде үлкендердің ойларына келе бермейтін көріністерді де елестете алады.Тек, ойынның қандай түрлері болса да, барынша жинақы да қысқа болуы шарт.
Бұл кезеңде балбөбектерге арнайы жасалынатын, құрама тетіктері көп жиналмалы ойыншықтардың берері мол. Олардың бөлшектерін бір-бірімен тауып құрастыру да, қайыра ажыратып жинаудың өзі де баланың ойлау қабілетіне тікелей ықпал етеді. Сонымен қоса, түрлі-түсті бояулы суреттері бар кітаптан алар танымдық әсерлерді ештемемен салыстыруға келмейді. Сол суреттердің ішінде жанды табиғаттың бейнелері, әсіресе құстар, аңдар, суда мекендейтін тіршілік иелерімен таныстыра отырып, олар жайлы жазылған бірер ауыз тақпақтарды да үйретудің орны бөлек. Бұл жайында сақталған, қазақтың аса бай фольклорлық нұсқаларын пайдалану арқылы, баланың генетикалық зердесін оятуды жаңа көзқарастағы тәрбиенің, басты бір шарты екенін естен шығармаған дұрыс.
Түйе, түйе, түйелер
І
Түйе, түйе, түйелер, Суды қара сиырға бердім, -
Тұзың қайда, түйелер?! Қара сиыр сүтін берді.
Балқан таудың басында, Сүтті пісіріп отыр едім,
Балдыр қоян қасында. Көбелек келіп күмп етіп,
Көбігін ішіп ол кетті.
Еніп кеттім егіске, Жапалақ келіп жалп етіп,
Қойным толды жеміске. Жарымын ішіп ол кетті.
Жемісімді жерге бердім, Сауысқан келіп шықылықтап,
Жер жусанын берді. Сарқып ішіп ол кетті.
Бауырым келіп еді,
Жусанды мен қойға бердім, Қазанның түбіндегі,
Қой маған қошақанын берді. Қаспағын қырып оған бердім.
Қошақанды мен қонаққа сойдым,
Қонақ маған қамшысын берді.
ІІІ
Қамшыны мен қазға бердім, Тем – тем, тем еткен,
Қаз маған жұмыртқасын берді. Тебінгіден тер өткен,
Жұмыртқаны мен шешеме бердім, Қанжығадан қан өткен,
Шешем маған – Ала тай берді: Қарағай басын қайырған,
- Ала тайға мін, - деді. Қалмақтан жылқы айырған,
- Олай-бұлай жүр,- деді, Ай керек-ау, ай керек,
- Қызды ауылға түс,- деді. Айдың жүзі дөңгелек
- Қымызынан іш,- деді. Айдай толған кезімде
- Тайыңа міне шап,- деді Би билеймін дөңгелеп...
- Қызын ала қаш,- деді.
ІІ IV
Қамшыны қызға бердім, Жайлауға ертең ауылым көшеді,
Қыз түймесін берді. Уық, бауын шешеді,
Түймесін көлге бердім, - Қара қойым қашады.
Көл көбігін берді. Құмалағын шашады
Көбігін терекке бердім,- Ақ сандық,
Терек қабығын берді. Көк сандық,
Қабықты келіншекке бердім,- Арқан тарт
Келіншек орамалын берді. Кілем арт!
Орамалды анама бердім, -
Анам асық берді.
Асықты мұзға бердім,-
Мұз суын берді
Мінеки, соншама қарапайым да, қаншама мазмұнмен таныстыратынына өздеріңіздің де көздеріңіз жетіп отыр. Егер осы жоғарыда келтірілген тақпақтың мазмұнын, компьютерге түсіріп түрлі-түсті бояулармен бейнелесе, баланың қиялына қанат бітері сөзсіз. Осылайша, тіл үйрену мен ой ширатудың үстіне, ұлттық нақыштар арқылы ата-баба зердесімен табысары қандай керемет десеңіз ші?
Тәрбиесі мен күтімдері дұрыс балалар 2,0-2,5 жасында,
Достарыңызбен бөлісу: |