әсерлері. көркем тұлғасы екені айтпаса да түсінікті. Көбінесе олар
серуендерін, Кіші Алматы өзенінің бойындағы арнайы жасалынған Тереңкурде жүруді, өздерінің күнделікті режимдеріне айналдырған. Сөз жоқ, өзен бойындағы салқын ауа, самал жел, алдыңнан айдындана көрінетін Алатаудың шыңдары, жүруге ыңғайлы етіп төселген асфальт жол, машинаның дыбыстарынан аулақ тыныштық, міне осылардың барлығы да, аяғы ауыр аналардың көңіл-күйлерін тексеріп , жан дүниелерін жадыратар жақсы жағдай жасаған. Айналасын қоршаған жасыл желек, сылдырай аққан тау өзенінің ырғақты үні де, толқындаған сезімдерін тербете құрсағындағы жан иесіне әсер еткен. Оның үстіне, мінәжат етуге жаттығып қалғандықтан сезім үндестіктеріне қиналмай бірден түсетін көрінеді. Сонымен қоса, ауыздарын ашса болды айтылатын әңгімелері де, сол ертеңгі келер нәрестелердің жай-күйін сөз етеді. Ол туралы нендей қиялдарға барып, қандай армандарға қол созбайды десеңші ?!
Кей кездерде жеке-жеке серуендеп, ағаш саясында орын-дықтарда отырып, сайраған құстардың даусына елітіп, бар уақытын ішіндегі жан иесімен тілдесуге арнаған.
Қырықтан асқан жасында тұмса босанбақшы болып
№3. Кітап оқу. отырған Ана, аяғы ауырлаған екінші кезеңінде неше
дүркін «Ана мен Баланы қорғау» институтында жатып, сақтану жолдарына ерекше көңіл бөледі. Міне осы сәттегі оның «жан иесімен» сырласуы ерекше тереңдеп, іргесінде ғана тұрған–ақ басты Алатауға қарап мінәжат етудің неше алуан сырларын ашқандай болады. Оның үстіне бос уақыттары аса мол болмағандықтан, көптеген кітаптарды асықпай жан иесімен сырласа отырып, тарата талдап оқуға кіріседі. Бұл, әрине ғажайып шешім еді?! Ол осы кезде «Абай жолын» қайталап оқиды. Сонымен қоса, бұрыннан оқып шықпақшы болып жүрген кітаптары – «Кәусарды», «Мейірімді» және «Құтты білікті» ерекше ұқыптылықпен оқыған. Әсіресе, Абайдың өлеңдерін дауыстап оқуды қадетіне айналдырған. Бұдан басқа да толып жатқан кітаптарды оқығандығын айтады.
Тағы да бір ерекше мән берген нәрселері, таңдаулы
№4. Кино көру. киноларды қайыра көріп, кешкілік теледидардан жиі
беріліп тұрған индияның киноларын жібермей көргендерін әңгімелейді. Тіпті, атақты қолбасшыларынан Ұлы Петр мен Наполеон жайындағы фильмдерді де қызықтаған.
Радио арқылы көбінесе классикалық әуендер мен Құрманғазы күйлерін жиі тыңдаған. Әсіресе, халқымыздың өткен тарихы жайында берілген хабарларды да жібермей естуге құмартыпты. Міне, осылардан оянған ақ сезімдердің бәрінде, құрсағындағы жан иесінің тәрбиесіне пайдаланғандықтарын еске алады.
Олар ерлерімен тәулігіне бірнеше рет саналы
№ 5. Ерлермен сұхбат, көңілді сырласуларды, орнықты да жәйлі
Достарыңызбен бөлісу: |