6- ші ай. Оның мынау мұңлы жүзіне қарап соңғы кездер де, тіпті
қорқатын сәттерім де жиілеп кетті. Өстіп жүргенде, үш ай дегенде әкесі шаруаларын ыңғайлап, Алматыға көңілді оралды. Мен оған көп жағдайларды таратып жазбаушы едім. Сондықтан, әкесі сәбиінің бұл күйлерінен хабарсыз болатын. Ол келген бойда ояу жатқан сәбиін бауырына басып, аймалап еркелете бастап еді бала әкесінің иығына басын салып, өкси дауыстап қатты жылады. Мен оның жылағанын алғаш естігендіктен аузымды ашып қалыппын. Өзімше жорып:- «Сірә, көптен бері көрмеген соң, жатырқап қалған болар» - деп ойладым. Сөйтіп, өз қолыма алып едім, сонда да тоқтай алмай жылаумен болды. Бірақ, даусы жатырқап жылағанға ұқсамайды. Тіпті, бөтен адамдарды да жатырқамаушы еді.
Ертеңінде де кешке дейін әкесі оның жанынан шықпай, ояу сәтінде ойнатып, сөйлесіп, есейіп қалғанына мәз-мәйрам болуменен өткізді. Бірақ, өкпелеген баладай әлі де оған күлген де, тіпті жымиған да жоқ. Тек, екінші күні кешке қарай... сықылықтай күлген оның даусын естіп, бәріміз де жүгіре жетіп мәз-мәйрам болдық. Оның тіпті айғайлай дауыстағанын да бірінші естідік. Біздер сонда ғана үш ай бойы болған жағдайларды, жарыса сөз етісіп әкесіне айтып бердік. Көзімнен жасым сорғалап толқығаным соншама, тіпті өзім де бармақтай баланың мұң мен зарын енді ғана толық түсінгендеймін.
Мамандығым п е д а г о г болған соң, адам тәрбиесіндегі
7- ші ай. ж а ң а к ө з қ а р а с қ а деген, өз пікірімді білдіре
кеткенімді жөн көрдім. Әсіресе, мұндағы адам табиғатын өзара байланысты екі жүйеге бөліп қарастыруы: - біріншісі- адамның ж а н д ү н и е с і н і ң әлемі, екіншісі - оның т ә н сипатына – жіктей қарастырудың маңызын аңғару аса қиын емес тәрізді. Міне, осы – Ж а н н ы ң да - өзіне ғана сәйкес тәрбие тәсілдері, ал сол сияқты – Т ә н н і ң де - өзіне лайықты тәрбие әдістері барын, алғаш рет ғылыми түрде жүйелейтінін атап айтқан жөн. Және, оларды өзара үндестіріп, аса тығыз байланыста көрсетеді.Оның ұстіне осы екі жүйенің де тәрбиелері - тікелей ф и з и о л о г и я л ы қ к е з е ң д е р г е бағынатынын, дәлелдеп жатудың өзі артық сияқты. Себебі, бұл жер бетіндгі тіршіліктердің жетілу заңдылықтары екен. Күллі тіршілік атаулы тек ұ р ы қ тазалығынан бастау алса ғана, өзінің тегі мен түрін сақтап, с а п а л ы сатымен жетіле алатыны еш күмән тудырмаса керек. Ал, адам тәрбиесінің ана құрсағындағы сипаттары бұрын-соңды айтылмаған мәселе ғой. Жаңа көзқарастағы айтылатын осы е к і түрлі кезеңдер де, бұған дейін аңғармай келген ақауымыз екені де рас. Егер бұл көзқарастарды да, кез-келген жаңалықтар сияқты бұрмалай берсек, тек біздің қоғамымыз ғана емес, бүкіл адамзаттың ұтылатындығын ашып айтуымыз керек.
Мен сәбиімді құрсақтан бастап бүгінге дейін, жаңа т ә р б и е ә д і с т е р і н жүргізуді бір сәтке де тоқтатқаммын жоқ. Өйткені, физиологиялық әр кезеңнің басталуы мен аяқталуы бар сияқты, олардың да өздеріне тән тәрбие тәсілдері ұсынылған ғой. Мәселен, қазір бар мүмкіншілігімді н ә р е с т е кезеңінің тәрбиесін жүргізуге күш салудамын. Іштен қалыптасып жетілген – ж ү р е к т ә р б и е с і н, енді ғана қалыптасуы басталатын – а қ ы л т ә р б и е с і м е н үндестіруге тырысудамын. Алғашқы айларында терең де ұзақ ұйықтауына бар жігерімді салдым. Ол үшін бақ ішіндегі тыныштыққа бөленген таза ауада тәулігіне 7-8 сағаттай серуендетуді әдетке айналдырдым. Баланың ішер сүтін (НАН) алдын ала дайындап жылы орап алдым да, мерзімі жеткенде ұйқысынан оятпай-ақ тамақтандыра беруге үйреттім. Қоларбада жүргенде астын құрғақ ұстауға да икемделіп алдым. Тіпті, күз айларының соңғы мерзімдерінде де, таза ауада серуендеудің уақытын азайтқамыз жоқ. Бұл мезгілде бақ ішіндегі шіркеудің зәулім ғимаратының ықтасыны мен күншуақ тұстарын пайдаландық. Осындай қуат көздері мол жиналатын жерлердің қасиеті м і н ә ж а т ету үшін де қажет екенін, үнемі есте ұстап жүрдік. Мүмкіндігінше бұл кезеңдегі таза ауаның атқарар қызметі ерекше демекпін.
Ал енді ұйқысы қанып оянған баланы суға түсірудің өзі бір ғанибет қой?! Карита тектес кең ыдысқа жуындырып, сылап-сипауды жеңіл массаж жасауды, онымен үнемі сөйлесуді, жанары арқылы тілдесуді күнбе-күн жетілдіріп отыруға тырыстым. Осыған өзі де үйрене бастаған нәрестемнің ыңғайын анық аңғарамын.
Оның жеті айлығында, біздер үш сағаттай ұшатын жол сапарына шықтық. Соған оны бір тәуліктей дайындап, алғаш рет ұшаққа отыратынымызды шыдамды болу керектігін айтып, неше дүркін қайталап сырласқан едік. Қыс мезгілі болғандықтан жарты тәуліктей кешігіп те ұштық. Бірақ, жетер жерімізге жеткенше, сәбиім маған еш қиындық түсірген жоқ. Әрине, ол мені түгелдей түсінді десем артық болар, әйтседе істеген істері оның өзінше түсінгендігін байқатқандай. Соңғы жылдары дүниеге келген бала түгіл, құрсақтағы жан иесінің де ұғатындығын жиі жазып жүр ғой. Жаңа ілімдегі ж ү р е к тәрбиесінің берері мол екеніне еш күмәнданбаймын.
«Бала тілі - бал» деген емес пе?! Нәрестемнің алғашқы