Совет–Хан Єаббасов


ТӨРТ, БЕС ЖАСАР БАЛАНЫҢ ТӘРБИЕСІ



бет179/294
Дата08.10.2023
өлшемі3,2 Mb.
#113418
1   ...   175   176   177   178   179   180   181   182   ...   294
Байланысты:
treatise70934

2. ТӨРТ, БЕС ЖАСАР БАЛАНЫҢ ТӘРБИЕСІ

Аз бiлетiнiңдi ұғыну үшiн — көп оқып үйрену керек”


М. Монтень.


Жан Баланың 4-5 жасар шағы, ең бiр танымдық қабілеттері
ерекшелігі. үздiксiз жұмыс iстейтiндiгiмен қоса, оның айналасындағы
құбылыстарды сезiну мен бiлуге деген ынталылығы да мол байқалатын тұсы екенiн ескеруiмiз керек. Көп жағдайларда оның жан дүниесiнiң қозғалыстарына тән құрылысының қозғалыстары үлгiре алмай жататындықтан, үнемi асығыс қимылдардың артықтығынан сүрiнiп-қабынып жататындықтары белгiлi. Өйткенi, олар көбiнесе “көңiлiндегi көкдөненнiң” жүрiсiн тежей алмай әлекке түсiп жүредi. Бала бұл шағында сан-салалы танымдарды игерiп, неше түрлi күрделi құбылыстарды ұғына алатын жағдайға жетедi. Оның миының үстiңгi оң және сол жарты шарларының қабаты қаурыт жетiлу сәтiнде – баланың мiнез-құлқтары мен iс-әрекеттерiне пәрмендi ықпал етуiмен бiрге, өзiнiң күллi нерв талшықтары мен жұлын-жүйкелерiнiң жұмыс iстеу қабiлетiн күшейте бередi. Мiне, жандүниесiнiң осыншалық қауырт жетiлуiнiң арқасында, оның тән құрылыстары да ерекше икемдiлiкпен тығыршықтай таралып марқая түседi.
Әрдайым қозғалыс үстiнде жетiле дамыған балалардың
Тән денесi мен салмағы да бiр қалыпты мөлшерді сақтап өсіп
құрылысының отырады. Олардың әр жастағы орташа көрсеткіштері
өсуі. төмендегiдей болып келеді:



  • баланың 4 жасындағы орташа салмағы 15-16 кг, ал бойы – 100 см болса, ол жыл бойына 1,3 кг қосып, тұлғасы 6,5–7 см өседi екен;

  • баланың 5 жасындағы орташа салмағы 17-18 кг, ал оның бойы – 106 – 107 см болады;

  • баланың 6 жасындағы орташа салмағы – 19 – 20 кг, ал бойы – 112 – 113 см;

  • баланың 7 жасында денесiнiң орташа салмағы 22 –23 кг, бойы – 119 см, кеуде қуысының көлемi 58 – 59 см болуға тиiстi.



Балалардың балабақшасы жасындағы кезеңiнде, яғни 4 пен 7 жас аралықтарында, әсiресе ұлдар үшiн жалпы қозғалыстарының көлемi – 7 және 9 км мөлшерiнде болады. Нақтырақ етiп айтсақ, ұл балалар 4‑ 5 жасында – 6–7 км, ал 6–7 жастағылар – 9 км жолды жүре алады. Мұндай жас мөлшерлерiндегi қыз балалардың қозғалыстарының мөлшерi 2 км аз болып келедi. Жалпы ұл бала да, қыз бала да 4 жастарынан бастап еркiн қозғалып, неше түрлi қимылдарды жайбарақат жасай алатын жағдайды меңгередi. Осыдан былай жыл өткен сайын, олардың жүрiс-тұрыстары жетiле бередi. Күнделiктi ойын-өрнектерi де күрделенiп, сурет салу, ән-күй тыңдау, қол еңбектерiмен шұғылдану тәрiздi сабақтар өткiзiп, ойындарының түрлерi саналы түрде терең мазмұндарға ауыса бастайды.
Төрт-бес жасар балалардың салыстырмалы ойлай алатын


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   175   176   177   178   179   180   181   182   ...   294




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет