Совет–Хан Єаббасов


§ 3. ЖЫНЫС ҚАТЫНАСЫНЫҢ ПСИХОЛОГИЯСЫ



бет268/294
Дата08.10.2023
өлшемі3,2 Mb.
#113418
1   ...   264   265   266   267   268   269   270   271   ...   294
Байланысты:
treatise70934

§ 3. ЖЫНЫС ҚАТЫНАСЫНЫҢ ПСИХОЛОГИЯСЫ


«Қалған көңіл шыққан жан».
* * *
«Махаббатсыз — өмір тұл».
ХАЛЫҚ МӘТЕЛДЕРІ.

Ерлі-зайыпты адамдардың жыныс қатынастарының м а з м ұ н ы н а, міндетті түрде психологиялық және физиологиялық түсініктер енеді. Бұл мазмұн мен түсінікке, бүкіл әлеуметтік және биологиялық мәселелер тұтаса келіп, жыныс қатынастарындағы аса күрделі байланыстардың мәнін ашады. Себебі, бүкіл жер бетіндегі жан-жануарлар үшін жыныс қатынасы, тек ұрпақ қамымен ғана байланысатын болса, ал адамдар үшін, биологиялық қана қажеттілік емес, оның үстіне — әлеуметтік қоғами, сезімнің тәрбиелігі мен сұлулығы, тіпті көңіл күйдің тазалығы мен көркемдігіне де әсер ететін қажеттілік. Адамдардың өзара қарым-қатынас тіршіліктерінде, жыныс қатынасының ерекше мәні бар құбылыс болғандықтан да, оның өзіне тән қ ұ п и я сырлары мен интимдік ерекшеліктері өте мол болып келеді. Бұл ерекшеліктерді, тек ерлі-зайыптылар бірлесіп қана шеше алады. Оған сырттай ықпал ету мүмкін емес. Себебі, жыныс жүйесі — философиялық жағынан ең күшті де, ең көне инстинктіге жатады. Міне, осы құдіреттің арқасында, тіршіліктің мың-сан түрлері, бір-бірімен шатаспай өркен жайып, өздерінің көбеюі мен жетілуін қамтамасыз етіп отыр. Ендеше, жыныс қатынастарын ү й р е т у немесе о қ ы т у арқылы оның жарасымдылықтарын жақсартамын деу аса күлкілі сияқты. Осыған орай, Анри Бергсонның сөзін қайталап еске салсақ «инстинкт атаулы еш уақытта да үйретуді қажет етпейді» деген тұжырымына, тағы да зер сала отырып көңіл аударсақ екен.


Әрине, адамзат қауымының арасындағы жыныс қатынастарын, рухани жағынан байыту, сыртқы және ішкі сезім мәдениеттеріне жету арқылы, оның барлық қадыр-қасиеттерін айқындай түсудің мәні зор. Тіпті, адамзат қауымына л а й ы қ т ы бағыт т а, осы болса керек?!
Адамшылыққа жат өзімшіл сезімдердің өркенін тыйып, тек тән құмарлықты қоздыратын әрекеттерді желеулете желпілдетпей, оның шынайы қасиеті мен жұмбақтығын жүрек тә р б и е с і н д е г і терең сезімдермен астастыра отырып шешкен жөн. Мінеки, сонда ғана адамзат қауымының сұлулық танымдары да, мінез-құлықтарының байлығы да, еселене түсіп ересен терең имандылықпен ләззатқа кенелмек. Жалпы, адамға ғана тән жыныс қатынасын, ерекше мәнге көтеріп тұрған, ерлі-зайыптылар арасындағы шынайы сүйіспеншілік пен махаббат сезімдерінің тазалығы екені шүбәсіз. Ендеше, бұл сезімдерсіз жәй құмарлықпен ғана жасалынатын қатынастар, әншейін қарапайым жабайылықтан да аса алмайтыны белгілі. Өйткені, мұндай қатынастар өрекпі көңілдің ө з і м ш і л сезімдерінің құлы ғана екен. Ал, шынайы махаббат сезімдерімен астасқан қатынастар ешуақытта да, өзекті өртеп кететін өзімшілдіктің өрекпулеріне жол бермек емес. Тіпті, мұндай сүйіспеншілік жағдайларында, жыныс қатынасының орны, екінші кезекке шығып қалмақ. Ерлі-зайыптылардың өзара риясыз таза сезімдері мен рухани қажеттіліктері алдыңғы қатарға шығып салтанат кұрмақ. Асыра айтсақ, мұндай ләззат пен бақытты сәттерді — табиғат шебер, тек адам баласына ғана сыйға тартқан тәрізді. Осы айтылған ойларды, ұлы Абайдың сөзіменен тұжырымдасақ:
Ғашықтық, құмарлықпен — ол екі жол,
Кұмарлық — бір н ә п с і үшін болады сол,
С е н е н артық ж а н жоқ деп — ғ а ш ы қ болдым,
М е н — не болсам болайын, сен — аман бол *.
(сөздерді арасын ашып жазушы — Совет‑Хан Ғ.)




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   264   265   266   267   268   269   270   271   ...   294




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет