§4. МАХАББАТ ЖӘНЕ АДАМ ТАҒДЫРЫ
«Көргенсізбен — құрдас болма,
Опасызбен — сырлас болма.
МАҚАЛ.
Адамдардың бойындағы жақсы сезімдер де, жаман сезімдер де, әркімнің мінез-құлықтарыменен астасып жатады. Тіпті, адамдардың т а ғ д ы р ы — сүйегіне біткен мінездері — десек асырып айтқанымыз емес. Міне, үзіліссіз ұрпақ тәрбиесіндегі туа бітіп, жүре қалыптасатын мінез-құлықтың құдіреті осындай екен. Сондықтан, болашақ ұрпағымыздың жақсы қалыптасқан мінез-құлықтары, олардың өздерінің ғана б а қ ы т ы емес, бүкіл бір халықтың береке-бірліктегі ырыстары десек болады. Кез-келген адам өзінің, жақсы мінезінің арқасында, көңіл-күйі шат сезімдерге бөленіп, рухани тереңдікпен астасып жатқан қуанышы мен үміті әр кез оның қайғысы мен қасіретінен басым түсіп отырады. Мұндай адамдардың — махаббат сезімдері де бай болмақ. Бірақ, көп жағдайларда адамдардың махаббат сезімдеріне әсер ететін, сыртқы күштердің салмағы, әлдеқайда молырақ болып келеді. Олар өз махаббаттарының жолындағы кедергілерді жеңу арқылы, бойындағы бар болмысының ашылуына ықпал етеді. Осындай сәттерде, адамның бойындағы сезім тазалығымен қоса, оның тәрбиесіндегі ішкі қуаты мен күш-жігерін де салмақтайды. Тек осындай мұратқа жеткен жандар ғана, бір кезеңнің үлгісі ретінде, қанша уақыт өтсе де ұрпақтарының зердесінен өшпейді. Қазақ халқының көне мәдениетінің асыл қазынасы болып саналатын лиро-эпостар: «Қыз Жібек», «Қозы Көрпеш пен Баян сұлу» сияқты ғашықтық жырлар, осының айқын мысалдары болып табылады.
Қай заманда болмасын, адамдар арасындағы махаббат
Махаббат трагедиясы ерекше толқымалы сезім мен іс -әрекеттері
трагедиясы. мен қоса, өзінің әлеуметтік көріністерін ұмытылмастай етіп халықтың зердесінде қалдырып отырған. Жалпы, махаббат трагедияларының қыры мен сыры көп. Адам баласы өзінің осынау ерекше күйін, ғасырлар бойы жырлап келеді. Бұған әдебиет алыптарының соқпағандары аз?! Мәселен, Гете өзінің «Жас Вертердің жапа шегуі» дейтін шығармасында, жас жігіттің адам төзгісіз сезім сергелдеңін амалсыздан былай шештіреді: «Қалайда, үшеуміздің біріміз кетуге тиістіміз. Сондықтан мен кеттім!» ‑ деген аз сөздің астарындағы, қаны сорғалаған трагедияны, сирек болса да әдейі береді. Бұл махаббат трагедиясы шешімдерінің ‑бір ғана көрінісі?! Жалпы, махаббат трагедияларының шешімдерін ‑ үш түрге топтастырып қарайтыны белгілі.
Б і р і н ш і, бір-біріне ғашық екі жастың сезімдері өзара үндесіп, аса терең қанағаттанарлықтай сезім тудырған сәттерде, үшінші біреу киліккенмен, бәлендей қатты өзгерістерге ұшырамайды. Әйтсе де, бұл тәріздес екі адамның бір кісіні сүюі, өмірде жиі кездесетіндіктен, арнайы тоқталыңқырап байсалды сөз еткенді жөн көрдік. Ең әуелі, екі жастың қалтқысыз сүйіспеншіліктері, үшінші жанға, ешқандай үміт қалдырмайтыны да анық. Бірақ, бұл үшінші адам үшін, жүрегі қан жылаған сезімдерге толып, ендігі ғұмыры тіршілігінің аса ауыр күндеріне айналады. Ол, тіпті бұл өмірден баз кешуге дейін баруы да ықтимал. Міне, мұндай жағдайда өзара бақыттарын тапқан екінші жақтың қатынастары қандай болмақ?
Мұндай сәт, көптеген зерттеулерге қарағанда, үш түрлі- көзқарастарға жіктелейді екен:
а) жанашырлық пен түсінушілік және достық қалыпқа ауысу;
ә)елеусіз қалдырып ескермеуге тырысу, тіпті шамдану мен шамырқануға дейін бару;
б) әуел бастан-ақ жек көріп, жаулық таныту.
Міне, осындай сан түрлі сезімдердің қайсысы күш алады, оны уақыт көрсетіп, әлеуметтік жағдайлар да, жиі билейтін көрінеді. Кейде, махаббат сезімі ашылмай, жауапсыз қалған үшінші адамды, сүйісіп табысқан жастардың бірі ‑ мүсіркей қараса, екіншісі ‑ аса суық қалыппен салқындық байқатады. Тіпті, үшінші адамға деген осындай қатынас, бақытқа бөленген екеудің арасында, үнемі кикілжіңдер де тудыратын сәттер аз емес. Мұның басты мұрындығы болып, іске кірісетін — қызғаныш сезімдері?! Оған, әркімнің өзімшіл мінездері қол ұшын береді. Сөйтіп, махаббат машақатына душар болған «үшіншінің» трагедиясы, өзара сүйіспеншілікке бөленген екеуді де шарпуы мүмкін. Мұндай жағдайдың соңы созыла берсе, үшеуінің де трагедиялық тағдырға ұласуымен аяқталады. Ендеше, бұдан түйетін ой, жастардың жан-дүниесін шарпыған махаббат сезімдері, әр қилы әлеуметтік жағдайлардың әсерімен, қатысы бар адамдардың тағдырына айналады екен. Сірә, бұл да тіршілік заңдылықтарының бірі болса керек.
Е к і н ш і, махаббат майданына қатынасушы ү ш е у д і ң б і р і — аса ауыр аласапыран күймен, өзінің ақырғы шешіміне келе алмай әрі-сәрі күйге түседі. Міне, ү ш і н ш і н і ң осындай сәтін байқаған «сезімдері жарасқан екеуі» оны мүсіркеген сезіммен әрқайсысы өзіне тартып, арақатынастары тым күрделі қым-қуыт жағдайларға тап болады. Мысалы, бір Еркектің — екі бірдей әйелге де ғашық болуы, иә болмаса, бір Ә й е лд і ң — екі бірдей еркекті де қия алмай ұнататыны сияқты. Мұндай жағдайдың қиыншылығы мен күрделілігін шешу оңайға түспейді. Міне, осындай алма-кезек әрі-сәрі жағдайларда жүргенде, араға әлеуметтік ыңғай мен кездейсоқ уақиғалар араласып, олардың арасындағы күрмеудің шешуші сәттерін, сыртқы әсерлер-ақ, айқындап беруі ғажап емес. Оның үстіне, махаббат майданына шыққан үшеудің, анығырақ айтқанда, екі адамның да махаббатына бөленген Жалғыз жанның қайткенде де сезімінің төрінде, таңдауда тұрған екеуінің біріне, артығырақ сүйіспеншілікте болмауы да мүмкін емес. Кейде, осынау сәл артықшылықтың өзі, әлеуметтік жағдайдың ыңғайына қарай, ең негізгі шешуші күшке де айналып кетеді. Содан кейінгі тіршіліктерінде, бұл үшеуі, сыртқы жағдайлардың әсерімен бір-бірлерін көрместей болып кетсе, кейбір сәттерде өзара түсінісіп те өмір сүре береді. Жалпы, «махаббат сезімдерінің үш бұрышты сипаты» сол сәттегі ортаның әсеріне орай, әр түрлі тұрғыда шешіліп жататындығын байқауға болады.
Ү ш і н ш і, өзара қарым-қатынаста араласып жүрген екі адам, көп уақытқа дейін, екеуі де бір кісіге ғашық екендерін білмеулері мүмкін. Бірақ, олардың білмейтіндерін жасырын ұстауға тырысқан, Жалғыздың ішкі сезім күйініштері, күннен күнге өртей қаулап күшейе береді. Ақырында, үшеуінің арасындағы жұмбақтың сыры ашылып, олардың арасында мазасыз күндер кештірген трагедиялық әрекеттер басталады. Кейде, қарсыластардың бірі біліп, екіншісі сезбегеннің өзінде де, жасырын сайыс күрделене қиындап жалғаса береді.
Сонымен, махаббат сезімдерінің қалыптаса өркен алуы мен шешілуіне, көптеген жағдайлардың тікелей ықпал ететіндігін көрдік. Осыған орай, махаббат трагедиялары да бір-біріне ұқсамайтын, сан қилы болып келетінін аңғару қиын емес.
Мәселен, өмірде бір жақты сүйіспеншіліктің де, машақаттары жиі ұшырасады. Аса үлкен сезіммен ғашық болған адамның өңсіздігіне бола, екінші жақтың ыңғай бермейтіні болады. Мұндай жағдайда, терең сезіммен қатты ұнатып сүйген адамның басындағы трагедияның ауырлығын, тіпті өзара ғашық болып қиналғандардың трагедиясымен де салыстыруға келмейді. Оның өзгеге ұқсамас өз қиыншылықтары толып жатыр. Олардың түсінісе алмауына әсер ететін себептер көп. Соның ішінде, әсіресе тәрбиенің рухани өркені мен ішкі психологияның алшақтықтары шешуші қызмет атқарады.
Ендігі бір жиі ұшырасатын махаббат машақаттарының бірі, тіпті, екі жақта өзара сүйісе тұрып, ж а с айырмашылықтарының кедергі болатындығы. Мұндай жағдайда, егделеуінің, тартатын азабы өз алдына бір хикая.
Осылайша, махаббат жайында азды-көпті сөз етіп, оқушы қауымның өзінше қиялдауына мүмкіндіктер тудырдық. Сөз жоқ, бұл тақырыптың сан жетпестей алуан түрлі болары хақ. Тіпті, олардың трагедиялық жағдайдан, комедиялық қалыпқа ауысатындары қаншама десеңізші?! Бұл адамзаттың айтып бітпеген, таусылмайтын мәңгі тақырыбы, әлідағы талай жүректерді тербетіп жырлана бермек.
Қандай қоғамда болмасын, адамдардың бір-біріне
Достарыңызбен бөлісу: |