Совет–Хан Єаббасов


Жыныс көптен бері даулы мәселе бар. Ол — жыныстық қатынасындағы



бет267/294
Дата08.10.2023
өлшемі3,2 Mb.
#113418
1   ...   263   264   265   266   267   268   269   270   ...   294
Жыныс көптен бері даулы мәселе бар. Ол — жыныстық
қатынасындағы үйлеспеу немесе өзара үндеспеуі деп те аталынады.
үйлесімсіздік. Бірақ, мұндай ұғымның өзіндік қарама-
қайшылығы бар?! Өйткені, шынайы жыныс қатынасының үйлеспеуі, тек қана анатомиялық, иә физиологиялық жарымжандықпен тікелей байланысты. Ал, мұндай кемшіліктерін біле тұра отау құрушылар сирек кездеседі.Тіпті, анатомиялық ауытқуларды айтпағанда, жыныс мүшесінің физиологиялық әлсіздігін (импотент) білген жандар да, шаңырақ көтеріп семья құруға батылдары жетпейді. Ендеше, бұл саладағы көптеген ғ ы л ы м и зерттеулер мен тиісті мамандардың айтуларына қарағанда, ерлі-зайыптылардың арасындағы биологиялық үйлеспеушілік, тіпті де болмайтын көрінеді. Ол туралы айтылып жүрген себептер, көбінесе ойдан шығарылатын жорамалдар тәрізді. Осы үйлеспеушіліктің астарында жатқан, шын себептің көзі, ерлі-зайыптылар не бірін-бірі түсінісуге тырыспайды, не олар өздерінің ішкі қайшылықтарын анық білмейді. Ендеше, биологиялық үндеспеушілік деудің өзі, өмір шындығынан алыс, көңіл күйдегі жаңылыс сезім екендігін анғартады. Ал, күнделікті тұрмыста, ерлі-зайыптылардың өзара көңілдерінің суынуларынан, түсінісуге тырысып сыйласпаушылықтан, боларға да, болмасқа да бет тырнасуларынан шығатын ‑психологиялық үйлеспеушіліктері ‑ күн өткен сайын асқына бермек. Өмірдегі мұндай көріністердің көптігі ешкімге де құпия емес. Міне, ерлі-зайыптылардың өміріндегі күллі үйлеспеушілікті тудыратын ең қиын жағдай осы! Жалпы, әйелдер мен еркектердің өзара қатынастарындағы адамшылық қасиеттері мен имандылық тәлімдері, олардың сан-сала мәдениеттерінің деңгейіне, тіпті әрқайсысының мінез-құлықтарында қалыптасқан қайырымдылыққа да байланысты екендігі айтпаса да түсінікті. Егер де, ішкі мәдениеттері рухани тәрбиемен астасып жатса, ондай жандар психологиялық үйлеспеушілікке де жол бермейтіні анық. Мұның түп тамырында жатқан мәні де сол, үзіліссіз ұрпақ тәрбиесіндегі қисық қалыптасқан, тума қасиеттердің теріс жетілуінен екендігін ұғыну қиын емес. Осындай кемшіліктерден бастау алып, өзегіңді өрттей шарпып өз дегеніне жетпей қоймайтын ө з і м ш і л д і к т і ң әсерін ерекше атап айтқан жөн. Мінеки, ерзі-зайыптылардың жыныс қатынастарының үйлесімсіздігінде, толып жатқан психологиялық қарама-қайшылықтың ықпалы аз емес көрінеді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   263   264   265   266   267   268   269   270   ...   294




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет