ТҮЙІНІ:
Жыныс қатынасы жұмбақ па ?;
Махабат,алғашқы махабат,сезім тәрбиесі;
Ерлі‑зайыптылар арасындағы қатынастыр, отбасын құруға әзірлік;
Ерлі‑зайыптылардағы үндестік, жыныс қатынасындағы үйлесімсіздік;
Жыныс қатынасының психологиясы;
Махабат және адам тағдыры, махабат трагедиясы,отбасы бақыты, ойшылдардың пікірі;
Әке‑ана – ене –жеңге – жезде тәрбиесі;
Ұят пен Ар кепілі;
ТАПСЫРМАЛАР МЕН СҰРАҚТАР:
Жоғарыдағы тақырыптардың ішіндегі сан‑сала түрлерін,
түгелдей тізіп шығу мүмкін болмағандықтан,
қысқаша келтірілсе де толық игеру қажет.
* * *
ҚОРЫТЫНДЫ СӨЗ
Адамзат қауымы халық болып қалыптасқанға шейін де, ұзақ дәурен сүріп, неше ықылым замандарды басынан кешкен ғой. Бұл жайында біздерге сыр шертіп көмекке келетін, тек ертеде жазылған ежелгі кітаптардағы аңыз бен ертегілер екені де рас. Тым ертеде өткен замандардағы рухани, иә материалдық мәдениеттердің қандай да ескерткіштері, адамзат тарихы мен халық педагогикасы үшін, сөз жоқ ден қоярлық маңызды деректер болып табылады. Әсіресе, рухани мәдениеттерге барынша мұқият болу парыз?! Мәселен, тұрмыстық заттарға немесе еңбек құралдарына қарағанда, рухани ескерткіштерге неғұрлым жан-жақты зерттеп тереңірек үңілу керек. Себебі, неше ықылым замандарды басып жеткен аңыздар мен ертегілер, сол кездегі өмір кешкен жандардың, аса күрделенген ойлары мен қиялдарының жиынтығы десек болады. Мұндай аңыздарға да, мифтерге де, көбінесе қиял-ғажайып деректер енгенмен де, олар тіпті мүлдем жоқтан жасалмағаны белгілі. Соның бір мысалы ретінде, ежелгі Грецияның атақты ақыны Гомердің айтуы бойынша, кезінде неміс археологы Шлиманның Троя қаласының орнын тауып зерттеуі, жоғарыдағы айтылған пікірлерді бұлжытпайтын дәлел болып табылады. Ал, академик Б.А.Рыбаковтың айтуынша: — «Аңыздар, ертегілер, мифтер — біреудің қиялынан шыққан нәрселер, көбінесе жұртты алдандыру мақсаттарына қызмет етеді дейтін пікірлер кең таралған. Бірақ, бұл мейлінше қате қауесет демекпіз. Іс жүзінде бұл сияқты халық ауыз әдебиеттерін тереңдеп зерттей бастасаң-ақ болғаны, нағыз өмірде болған оқиғалардың ізіне тап боламыз. Олардың қаны сорғалаған шындықтан ой түйгендігін және терең тарихи тамырлары да бар екенін байқаймыз» ‑ дей келіп, белгілі ғалым кез-келген ғылымдардың саласынан, бұларға ерекше мән берулерін талап етеді.
Жалпы, халық педагогикасының бастауын, ең алғашқы адам санасының ашылуымен деңгейлестіріп, жан-жақты етіп қарастырудың берері мол болмақ. Егер, адамзаттың ең ескі жазбаларындағы деректерді куәға таратсақ, бірден онда Шумер мен Таураттағы аңыздарға қол созамыз. Сонда да, Адам-ата мен Хауа-ананың алма жеп, айыбына жұмақтан шыққанға дейінгі тіршіліктерінен, тіпті қиялмен қамтып ой түйетіндей де ештемені білу мүмкін емес. Бұл жайында Библи де қысқа ғана аңыз тәріздес көріністер береді.
«...Бүкіл әлем мен тіршілік атаулыны Жаратушы өз қалауына орай, Адамды да бұл дүниеге әкелген екен. Бірақ, оны жоғалтып жіберем десе де, яки жарылқаймын десе де өз еркінде көрінеді. Әйтсе де, Адам-ата мен Хауа-анаға жұмақтың бағындағы өсіп тұрған Алма ағашының жемісіне жоламауды бұйырады. Бірақ, бұл ағашта өсіп тұрған жемістің қасиеттерін айтқан Жылан:
«...Иә-иә, алып жеңдер, одан қорқатындай ештеңе жоқ! — деп ағаштағы алмаға қызыға қарап тұрған Хауа-анаға. — Мұны жесең «өледі» дейтін бекер сөз?! Қайта Жаратушының өзі сияқты, қайырымдылық пен зұлымдықтың не екенін түсіне алатындай қасиет табасыңдар» деп жемістің сырын түсіндіреді.
Осы сөзге илана кеткен Хауа‑ана, алманы үзіп жеп көреді де, дереу Адам‑атаны үгіттеп жемісті жеуіне мәжбүр етеді. Бұлардың мынау қылықтарын көрген кұдайтағала қатты ашуланып, адам мен табиғаттың, еркек пен әйелдің арасындағы қайшылықтарды жария етіп, олардың өздері жасаған күнәлары үшін жазаламақ болады. Бірақ, Адам-ата мен Хауа-анаға өлім жазасының орнына, жұмақтың бағынан шығарып қуып жібереді...
Міне, бұл айтылған уақиғадан көріп отырғанымыздай, адам жұмақта жүрседағы, еркі мен жігері байлаулы болғандықтан, өздерінше төзімін де жасай алмаған тәрізді. Ендеше, бұл кезеңде олардың қиялмен құрарлықтай да тәлімі болмағаны анық. Олай болса, адамзаттың, екінші рет тіршілігі жалғасатын кезең, «топан суы» басылғаннан кейін ғана, тәрбие мен тәлім туралы ұғымдардың қалыптасатындығын сөз етуге болатын сияқты.
Ал, Библиден де ертерек, Тауратта айтылатын — топан суы дегеніміз не?.. Аздап бұл жайында да құлаққағыс еткеніміз жөн болар. Бұл жайында айтудың ең басты себебі, күллі әлемді Жаратушы, адам баласына е к і н ш і р е т аса қатты ренжіп ашуланады. Өйткені, адамдар сол кезде де, ақылға сыймастай арсыздықпен тіршілік етіпті. Таураттың айтуынша: ‑«Жа-ратушы қатты ашуланып:‑ өз қолымнан жасаған бұл адамдарды, жер бетінен жоямын. Тіпті, адамнан бастап жан-жануарлар мен ұшқан құстан да ештеме қалмайды. Бұларды жаратқаныма аса өкініштімін...» ‑ деп налыған екен дейтін аңыз бар.
Бірақ, Жаратушыны осыншама қатал шешімінен тыйған, өзінің сүйікті досы Нұх-пайғамбарды мұншалықты ауыр апатқа қимағандығы көрінеді. Сондықтан, ең әуелі Нұх-пайғамбарға кеме жасаттырады. Оған күллі тіршілік иелерінен бір-бір жұбын өзімен бірге алуына рұқсат етті. Бұлай етуді Жаратушының шешімін естігеннен кейін, Нұх-пайғамбар өтіне сұрап алған болатын...
Бұдан әрі Тауратта айтылғандай, қырық күн және қырық түн жаңбыр жауады. Аспаннан жер бетіне шелектеп төккен жауын нөсері бір сәтке де толастамайды. Жер бетінде жойқын тасқын суының көтерілуімен, «...көк аспанның астындағы барлық биік таулар су астына кетті...» деген аңызды оқуға болады. Нұх‑пайғамбардың өзімен бірге кемесіне алған жан-жануарлардың жұбынан басқа, күллі тіршілік иелері түгелдей суға батып қырылады. Жер бетінде толқыған судан басқа ештеме де көзге ілінбейді. Тек, жүз елу күн өткеннен кейін ғана, біртіндеп су тартыла бастайды. Таураттың айтуынша, Нұхтың кемесі Арарат тауының басына келіп қайраңдаған екен...
Осы Таурат та айтылатын аңызбен... сабақтасып та, зымыран уақыттармен тайталаса жеткен, «топан су» хақында айтатын қазақ халқының Қ а з ы қ ұ р т жайындағы аңызы дер едік. Бұл аңызда — Нұхтың (Ной) кемесі, Қазықұрт тауының басына келіп қайраңдағанын айтады.. Ежелден сақталып келе жатқан халықтың аңыз-өлеңінде:
...Басында Қазықұрттың кеме қалған,
Болмаса ол әулие неге қалған?!?
Адамзат ұрпағымен өрби өсіп...
Дүние бүгінгідей бола қалған?! —
дей келіп, осы күнге шейін Үлкен Қазықұрттың басындағы ат айналым жазықты, кеменің қайраңдай келіп тоқтаған орнына балайды. Тіпті, сол жазықтың үстінен аса қатты уақыт өзгерістеріне ұшыраған ағаштың қалдықтары да бар дегенді айтады. Осыған орай, ата-бабамыздың ұрпақтарына жазып қалдырған, Үлкен Күлтегіннің тас кітабын да:
Биікте —көк Тәңірі,
Төменде — қара Жер жаралған да,
Екеуінің арасында Адам баласы жаралған.
Бумын қаған, Истемі қаған отырған.
Отырып, Түркі халқының ел-жұртын
Қалыптастырған, иелік еткен... —
деуінде үлкен мән жатса керек. Міне, осының бәрі де, .халқымыздың, ұрпақтарына қалдырған, өшпейтін тәлімі мен тәрбиесі екені сөзсіз. Тек, тереңіне үңіліп, мәні мен мағынасына байсалды қарайтын мезгіл жетті.
Бұл шын мәнінде айырықша зер салып, терең зерттеуді талап ететін деректер екені рас. Соншама алыс ықылым замандардан жеткен, ара қашықтықтарының үстіне дәстүр-салттарында да өзгерістері көп алшақ жатқан екі елдегі, осынау ежелгі ескі аңыздардан бастау алатын егіз ұғымдарды, салыстыра қарап өмір шындықтарын іздеген мысалдардың бір ғана түрі ғой. Әйтпесе, тарихшылардың айтуынша, осы топан су жайындағы Таурат аңыздарының өзі де, өзінен бұрынғы көне деректерден алынғандығын ғылыми дәлелдермен анықтап отыр. Мысалы, Ассирия ертегілерінің бірінде, тап осы «топан су» уақиғасына жақын, ескі аңыздың бар екендігі айтылады. Ол кезінде қыш т а қ т а л а р ы н а жазылып," Ассирия патшасы Ашшурбанипал (б.з дейінгі VII ғасыр) кітапханасында сақталған.Ал, ассириялықтардың, өзі бұл аңызды ежелгі Қосөзеннің көне халқы, Шумерлердің аңыз-ертегілерінен алған. Байқасаңыздар, аңыздан аңыз жалғасып отырса да, айтылатын ойдың төркіні біреу, ол —жердің, жүзін басқан «топан суы» жайында хабардар етеді. Олай болса, жер бетінде планеталық апаттың болғанына күмән келтіру, тіпті де ақылға сыймайтын даңғойлық болар еді. Ал, егер де Шумерлерге келсек, адамзат қауымындағы, ең ал-ғашқы жазу таңбаларын жасаған ел екені белгілі.
Жалпы, т о п а н с у жайындағы Ш у м е р ертегісі, атақты саяхатшы және жиһанкез Гильгамеш туралы эпостың бір тарауы болып табылады. Бұл аңыздың негізгі кейіпкері, аса білімдар, данышпан Зиусудра, немесе Утнапиштим болады. Күндердің бір күнінде данышпандықтың п і р і, түнделете Утнапиштимге асығыс жолығады да, Жаратушының адамзатты суға қарықтырып жоймақшы шешім алғанын хабарлайды. Жаратушы рахым етіп, оның өзіне және туған-туыстарына арнайы кеме жасап алуға мұрсат беріпті. Сонымен қоса, өздерінің тіршілік тұрмыстарына қажет, басқа да тіршілік иелерінен жұптап алуларына рұхсат етіпті. Мұны естіген Утнапиштим данышпан дереу іске кірісіп, зор көлемді кеме жасап суға түсіреді. Бұдан әрі аңызда топан судың қалай жердің бетін басқанын, шеті мен шегі жоқ жойқын судың тасқынын жырдай етіп жазады. Ақырында, Тауратта жазылғандай, әуелі көгершін, сонан соң қарлығаш ұшырып құрғақ жер іздетеді. Бірақ, ол екеуі де таба алмай қайтадан кемеге келіп паналайды. Үшінші рет шалғыншы етіп ұшырған Қ а р ғ а, судың тартыла бастағанын көріп, қайыра қайтып кемеге оралмайды. Міне, осы Қарға кеткен бағыттан аумай жүргізіп отырған кемесімен Утнапиштим де құрғаққа шығып, Жаратушыға құлшылық етіп құрбандық шалады. Өздеріңіз байқап отырғандай, Шумер ертегісінің, Таураттағы аңыздан, ешқандай да өзгешелігі жоқ. Тек, болар-болмас айырмашылықтарын түсіну қиын емес?! Өйткені, Тауратқа қарағанда Гильгамеш аңызы, кем дегенде, бірнеше мың жылдай бұрын жазылған ғой. Ендеше, осыншама араларында жатқан көп уақыттың өз таңбасы да болары сөзсіз.
Ендігі бір көңіл аударатын қызықты дерек, ол — қазақ халқының Қазықұрт жайлы аңызының, тіпті сол Шумерлердің өзіменен тікелей байланысы бар екендігіне күмәніміз жоқ. Себебі, соңғы кездердегі ғылыми деректерге қарағанда, Шумерлер мен Түркі тілдес халықтардың, тілдерінің ұқсастықтары мен тектерінің бір екендігін жиі айтып жүр. Тіпті, Шумерлердің жеке сөздерінде түркі атаулары бәз-баяғы қалыптарында сақталып, осы күнге дейін бұзылмай жеткен маз-мұндары жөніндегі мысалдары көп-ақ. Олай болса, топан суы жайындағы Қазықұрт аңызы мен Гильгамештің де тамырластығы, келер ұрпақ зерттеп те, тереңдей танып табатындығына сенгіміз келеді.
Сонымен, адамзат баласы өзінің ұзақ-салқар ғұмырында екі рет, күллі әлемді Жаратушының қаһарына ұшыраған екен. Әрине, біз аңыз ретінде жазылып жеткендерін ғана айтып отырмыз?! Әйтпесе, адам тәрбиесіндегі жетілмей жатқан жетесіздіктің көп екендігіне күмәніміз жоқ. Бірақ, адам баласы қол қусырып отырған да емес! ! Үнемі өзін-өзі тәрбиелеп, ғылым атаулының жеткен жетістіктеріне сүйену арқылы, өз бойларындағы кемшіліктерден арылумен де өркен жайып отыр. Біздердің қазіргі ғылыми жүйеге түсіріп, бойындағы бар құдіретін ашпақшы «халық педагогикасы» да, сол ата-бабаларымыздың неше ықылым замандардан бері жиып терген тәлімдері мен тәрбиелерінің қайнар көзі десек те болады. Сөйтіп, дүние жүзіндегі халықтардың, тәлімдері мен тәрбиелерінің бастауын, сонау топан суы басқан замандардан тартып айтуға тура келетінін аңғарамыз. Міне, содан бері қарай неше ықылым замандар өтіп, адамзат баласы да өзінің сан қилы тағдырларын бастарынан кешті. Бертін келе толып жатқан халықтар пайда болып, әрқайсысы өздерінің тарихтары мен халық педагогикасының ірге тастарын қалыптастырады. Сол рухани қа-зыналардың жинақтала көркемделген түрі, фольклорлардың, ішінде, күллі халық педагогикасының уақыт сынынан өткен жетістіктері жинақталған. Ендеше, қазақ халқының жүзден аса сақталып жеткен батырлар жырларында, қаншама ғашықтық дастандарын да, не бір ғажайып ертегілері мен аңыздарын да, тіпті мақал-мәтелдеріндегі ойларында тұнып тұрған адамшылыққа жеткізер т ә л і м екендігі айдан анық. Тек осыларды жүйелі түрге келтіріп, пәрменді әдістермен ұрпақ тәрбиесіне пайдалануымыз керек...
Атақты немістің ағартушы-ғалымы Карл Шмидтің «Педагогика тарихы» атты бірнеше томдық кітабында, Бүкіл Европа халықтарының педагогикасын тарихи екі кезеңге бөліп, нақты кезеңдеріне қарай таныстыруға тырысады. Бұл томдардың төртінші басылымы 1890 жылы шыққан екен. Жалпы, Табиғат пен Адамның егіз екендігін ескере отырып, адамзат қоғамының да: қарапайымдықтан күрделілікке, есерліктен естілікке, әрсіздіктен сұлулыққа, табиғи басыбайлылықтан бостандыққа дейін өркендей түсіп, тек қана саналы түрде ғана өсе білгендігін айтады. Сөйтіп, ол педагогика тарихының І-ші кезеңін — Иса-пайғамбарға дейінгі, ал ІІ-ші кезеңді — Иса-пайғамбар ілімімен байланыстырады. Европа тілімен айтқанда, Христосқа дейінгі, Христостан кейінгі деп, екі кезеңге бөледі.
Егер бұл түсінікті қазақ халқының, даму тарихымен байланыстырып айтсақ, онда оның халықтық тәлім-тәрбиесі де — Ислам дініне дейінгі және Ислам дінінен кейінгі кезеңдер деп, екіге бөліп қарастырылатыны анық. Түркі халықтарының алғашқы сенім-нанымдары, әуелі Тәңірге табынушылықпен танылғанын, үнемі халық педагогикасының көлемінде ескеріп отырған жөн. Тіпті, Ислам діні қабылданғаннан кейін де, халық нанымындағы көк Тәңіріндегі құдіретті біржола ысырып тастай алған жоқ. Әлі күнге дейін мінәжат етер екі сенімін де, үндестіре катар дамытып келеді. Жалпы, Тәңірлік сенімнің құдіреті, Табиғат болғандықтан, тіршіліктегі көп жағдайлардың қадір-қасиеттері, тікелей табиғат заңдылықтарыменен аса тығыз байланысып жатады. Сондықтан да, біздің халықтарымыз пайдаланатын ислам дінінің, тәңірлік сенімдермен үндесетін де, тіпті сонан бастау алатындай сипаттары да көп. Әсіресе, бұл көріністер халқымыздың аса көне аңыздары мен ертегілерінде анық байқалады.
Тіршілік әлемінен Адамзат қауымы бөлініп шыққаннан бергі уақыт ішінде, бүкіл адам баласына қызмет етіп отырған ғылыми жаңалықтардың, соның ішіндегі аса ірі ғылыми қ ұ б ы л ы с т а р д ы ң 80-нен аса пайызы, тек ХХ-ғасырдың ғана, яғни, біздің замандастарымыздың еншісіне тиеді екен. Қазіргі кезеңдегі адам баласының ақыл-ойы, табиғаттың не бір ғажайып сырларын ашып, оның аса тереңде жатқан тұңғиықтарына да сәулелі үмітпен үңіле бастады. Сөйтіп, адам баласы ‑ бүкіл әлемдік мәселелерді, өзіне тиесілі парыздай сезініп, батыл түрде игеруге сәтті қадамдар жасап отыр. Әйтсе де, табиғат тылсымдарының қаншама құпияларын ұғынған сайын, күрделіленіп те жұмбақтанып та бара жатқан, адамның өз бойындағы құбылыстар мен психикасындағы тылсым сырларды шешу оңай болмай отыр. Адам тану ғылымында да, әртүрлі ойшылдар, сан қырлы пікірлер айтқан ғой. Мәселен, солардың бірі Поп: ‑«Если хочешь узнать человека, то старайся открыть господствуюшую в нем страсть» ‑ деген екен. Міне, осы адам бойындағы қ ұ м а р л ы қ сезімдері, жаңағы қиындығы жоғарыда айтылған психологиялық сипаттарды айқындаса керек. Ал, адам қ ұ м а р л ы қ т а р ы қашанда қ ы м т а л ы п ұсталатындығын ескерсек, онда адамды түсіну мен ұғыну тіпті де оңай нәрсе емес екендігін аңғаруға болады.
Осыған орай, барша адамзаттың тегін, әйел қауымымен тығыз байланыстырсақ, оның жаратылысы мен психологиялық қатпарлары, тіпті нәзіктенген үстіне, тым жұмбақтанып кететіні де анық. Мұның, өз себебі де жоқ емес?! Адам баласының бойындағы бірте-бірте қалыптаса бой көтерген, күллі адамшылық пен і з г і л і к тің негіздерін қалаушы және ұйымдастырушы — әйел қауымы екендігінде дау жоқ.
— «...Бұл жайында көп айтқан және көп зерттеген білгіштердің шешімі мынау, — деп өзіне сүйеніш ретінде сілтеме жасап отырған ұлы Әуезов: ‑ Адам баласы бір үлгіні — біреуден аларда, ең әуелі шын жүрегімен сүйген кісісінен көптеп алады. Сол сүйген кісісінен, сүйіп алған үлгі, жүрегіне нық орнайды дейді. Бұған қарағанда, біздің ой буынымыз қатпай тұрған бала күнімізде, ең әуелі елжірей сүйетін кісіміз кім? Ол ‑анамыз! Бұлай болғанда ‑ біз адамшылығымызға ірге болатын қ ұл ы қт ы, әкеміз қандай ғалым болса да, қой сауып, тезек теріп жүрген анамыздан аламыз. Бұлай болғанда, өмірінде ‑ әділет, мархаббат, махаббат ‑ деген нәрсенің атын естімеген ананың қарекеті, үй-іші мен от басынан, ғайбат өсектен аспаған анадан ақ жүрек адал ниетті қамқор тууы мүмкін бе? Бұл себеп әр адам өзінің балалық күніне көз салса, бар қазақтың баласының анасынан болатын тағылымы мына түрде болады. Әуелі: ‑ана балаға байлық, барлықтың өзінде болғандағы бағасы, дәмі қандай, өзгеде болғандағы көзге күйіктің пайдасыздығы қандайын үйретеді. Онан соң, өзің ретті құрбыңның, өзіңе қатарласа алмай, қалып жүргені жақсы деп үйретеді. Және неше түрлі өзінің ауданы аз түрсіз қараңғы ойларына кіретін, жаман мінезінің бәрін, баласының сіңіргіш жүрегіне жұққызады:‑ бұдан кейін әр бала қызғаншақ, өзімшіл, мақтаншақ, пайдакүнем, сұмырай мінездерді ойына артып алады. Ана талқысынан асқанда, бала шет жағалап, әке ақылына құлақ салады. Бірақ, оның жақсы түрлері болса да, әлгіндей түрлі тағылым көрген балаға, көбінесе жұқпай кетеді. Бұдан кейін бала құрбы арасына кіріп, құрбысының мінезі мен әдеттерін көреді. Ол құрбылардың бәрі де, әлгі баланың шыққан анасындай ‑ аналардың қолынан шыққан соң, олардағы адамшылықтың нәр жұғынының шамасы да белгілі болады. Бұдан кейін бұл бала қандай оқысын, қандай үлгісі мол ортада жүрсін, әуелгі анадан алған өрнек, ішкі сырының арқауы болады. Бұл арқауының маңызы қара тастай болып, салмағы бір кездегі көрген, естіген білгенінің бәрін басып жатып алады.
Қай уақытта қай халықта болсын, білім жолында жұрт қатарына жетерлік халық болу жолында ең керекті шарт ақ жүректі екпінді ерлер. Халықты ілгерілететін дөңгелек солар. Оларсыз мақсатқа жақындау мүмкін емес. Бұлай болғанда алғашқы сөзімді қайта айтамын. Адам баласы тағы болып, еркегі хайуандық дәрежесінде жүргенде, әйелден бала туып, ол балалардың барлығы да жастық, қорғансыздықтан анасының айналасына үйіріліп, үй ішінің бірлігін, одан туысқандық ұйымын кіргізген.
Бұған қарағанда, адамды хайуандықтан адамшылыққа кіргізген — әйел?! Адам баласының адамшылық, жолындағы таппақ тарақиеті әйел халіне жалғасады. Сол себепті әйелдің басындағы сасық тұман айықпай, халыққа адамшылықтың бақытты күні күліп қарамайды. Ал, қазақ — мешел болып қалам демесең, тағылымыңды, бесігіңді түзе! Оны түзеймін десең, әйелдің х а л і н т ү з е...»1.
Жалпы әйел қауымын мінездеріне орай — байсалды, жеңілтек, жұмсақ мінезді, сүйкімді және ашушаң, қатаң әйелдер ‑ деп жіктейді. Осындай мінезді әйелдерді - әділетсіз қоғамдар мен қайырымсыз орта қалыптастыратыны даусыз! Әйтпесе, негізінен әйел атаулының табиғаты — қайырымдылық, тазалық, нәзіктік пен ізгілікке және баяны мол тәртіптілікке ұмтылатыны хақ. Сөз жоқ, кез-келген халықтың болашағы, оның әйел қауымының имандылығымен тығыз байланысты. Біз ұсынып отырған ү з і л іс с і з ұ р п а қ т ә р б и е с і н д е г і а н а н ы ң атқаратын қызметімен, еш нәрсені теңдестіруге келмейді. Бұл — әйел қауымының күллі адамзат болашағының алдындағы — олардың жауапкершіліктерін арттыратын ең негізгі сипат! Сонымен қоса, адамзат қоғамдары да, ана атаулыға тиісті мәселені, әр кез барынша әділетті де, аса үлкен мейіріммен шешуге ұмтылуды, барлық ақыл-парасаттың мақсаты етіп қою шарт.
Осыған орай, адам табиғатындағы аса бір асқақ қасиет — ақылдылық деп білеміз. Оның тұрағы да — қайырымды қоғам мен әділетті орта екені белгілі. Ақыл— тек, осындай жағдайға тап болғанда ғана, өзінің шырқау биігіне көтеріліп, айналасына нұрлы шапағатын дарытады. Сонда, оның жарқырай көрінген алып тұлғасынан, бүкіл ақымақтық атаулы жаны қалмай шошып, жер астына сіңіп кеткендей болады. Бірақ, ақылды — зұлымдық пен қулық еліктірмеуін қатты қадағалау қажет! Тек, а қ ы л д ы ң с ү й е т і н і ‑ қ а й ы р ы м д ы л ы қ болғанда, с ы й л а й т ы н ы ‑ т а л а н т т ы қ а б і л е т екенін қалыптастыру керек. Сонымен қоса, жағымсыз қылықтардың жасқанатыны — парасатты ақылдың талапшылдығы мен шешімділігі екенін әркез есте ұстаған жөн. Күнделікті тіршілігіміздегі ақыл-парасаттың мақсаты да: «...бүгін нендей — жақсылық жасадым, қандай жаманшылықтарды түзедім...» деп, үнемі өзіне-өзі есеп беруден жалықпағаны дұрыс.
Жалпы, ақымақтықтың ең азғын әрекеті — басқаны алдап та, арбап та бақытсыз етсе, оның үстіне сол басқаның р е н і ш і н е н — шаттық сезім тапса, ал ақыл-парасат иелері керісінше — азып-тозған жандарға қ а й ы р ы м д ы л ы қ жасауға ұмтылады. Ендеше, шынайы қалыптасқан ақыл-парасат — бүкіл адамзат қауымының игілігі екен. Сондықтан да, оны үнемі өркен жайдырып, жетілдіре беру, қайырымды қоғамның мойнындағы парыз? Ал, табиғи тума ақылды ұштай түсетін, тек б і л і м ғана екені айтпаса да түсінікті. Қашанда, шынайы білім ғана, өмірдің астыңғы ағыстарындағы, «таскесек» тәрізді кесепаттардан сақтандыра алады. Адамзат қоғамдары білім биіктігіне жеткенде, әуелі адамдардың тіршілікке көзқарастарын қ а т а ң тәртіпке түсіріп, олардың ойы мен мақсаттарын айқындаумен қоса, шым-шытырық бейбастақ сезімдерін де сарабдал саналылыққа тәрбиелейді. Өмірдің өзі-ақ көрсетіп отырғандай, көбінесе білімдері таяз адамдардың армандары азалы күйге ауысып, тұрмыстағы әрекет қимылдары іске аспай әуре-сарсаң жағдайларға ұрынатындықтан, селқос тартқан көңіл-күйлері керенаулық пен тығырыққа барып тіреледі. Мұндай жағдай, ақыры оны алып келіп, үрейлі үмітсіздікке ұшыратады. Ал, адам үшін, ү м і т пен ү р е й, бүкіл тіршілігінің қозғаушы күші екені белгілі. Егер, пендешіліктің шырмауында қалған жандар өздерінің іс-әрекеттерін, денсаулықтары мен жастық қуаттарын, тек қу дүниенің құлқынына ғана жұмсауға тырысса, ал білімді адамдар өзінде бар қуат күштері мен таланттарын жеке бастарының қамына айналдырмай, қайта көпшілікке ортақ игіліктерге жұмсауға арман етеді. Сондықтан да, білімдіден шыққан сөз де, істелінген іс те, әмәндә қарапайым халықтың жадында сақталады. Бұл жайында тағы да жүгінетініміз, халық педагогикасы, оның ұрпақтан-ұрпаққа жалғаса сақталып отырған асыл мұраларына жүгінеміз. Мысалы, күллі түркі жұртының асыл перзенттерінің бірі, Жүсіп Баласағұнның «Құтты білік» атты енбегімен түйіндегенді жөн көріп отырмыз. Себебі, бұл кітаптың өзі — бастан-аяқ жүйеленген, халық педагогикасы десек артық емес.
Адамды х а қ жаратты да ескерді,
Оған — а қ ы л, б і л і м, ө н е р, ес берді.
К ө ң і л берді, әрі т і л і н тербетті,
¥ я т берді, берді қ у л ы қ, келбетті.
50 Б і л і к берді — адам бүгін жетілді,
Ақыл берді — талай түйін шешілді.
Кімге құдай берсе — б і л і м, а қ ы л д ы,
Қолы жетіп, алар ол — м о л а с ы л д ы.
(сөздерді бөліп ерекшелеген — Совет‑Хан Ғ.)
А қ ы л д ы — ұ л ы, біл білімді — б і л і к т і,
Қонса екеуі, Ұлы — етер жігітті.
Бұл айтқанға куә мұндай сөз де бар,
Сөзді естіп, аларыңды көздеп ал:
«Ақыл қада болса — ұ л ы л ы қ т о л а д ы,
Б і л і м кімде — сол б і л і к т і болады».
* * *
Біздердің де алға қойып отырған негізгі мақсатымыз, ғасырлар қатпарында неше алуан қиянаттарға ұшыраған, халық педагогикасының шынайы мәнін ашып, оны жаңа көзқарастағы методологиямен зерттеп, ғылыми ж ү й е л е р і н жасаумен қоса, адамның физиологиялық кезеңдеріне сүйене отырып, басты негіздерін де айқындау еді. Былайша айтқанда, халық педагогикасын ғылыми дамыту арқылы, адам тәрбиесінің бұғанға дейін қалыс қалған сырларын ашып, дұрыс бағыттағы тәрбие әдістеріне жол ашу.
Бұл салада мүлдем ұмыт қалып келген ‑ Фараби, Баласағұн, Дауани, Қарабағи, Науаи, Абай — еңбектерін қайыра жандандырып, шынайы халық педагогикамыздың кезінде ғылыми жолмен дамытылған бастауларын ашудың да, келешекте берер жемісі мен мәнінің зор екенін көрсету еді. Осынау, түркі жұртынан шыққан данышпандар негіздерін қалаған х а у а с, и м а н и г ү л, ж ә у а н м ә р т л і к ілімдерінің құдіретін ғылыми негіздерде пайдаланудың адам тәрбиесіне берері мол демекпіз. Осы тектес жаңа ойлар мен көзқарастарды келешекте шешілер ұлы мақсаттардың қатарына қосамыз. Бұл шын мәнінде, жалпы адамзаттық мақсат екендігіне сеніміміз мол.
Достарыңызбен бөлісу: |