А) ҚҰДА ТҮСУ
Қазақ халқының құда түсу салты, тікелей Ата дәстүрінің негізін қалыптастыратын "жеті атаға дейін қыз алыспау" ережелерінің тәртіптерін сақтайды. Оның үстіне өздері өмір сүрген тұрмыс-тіршіліктерінің ерекшеліктері мен адамдық болымыстарына /діліне/ лайық – Құда түсудің үш түрлі жолдарын пайдаланған. Оларды былай атаған:
1. БЕЛ ҚҰДА
2. БЕСІК Қ¥ДА.
3. ҚЫЗ АЙТТЫРУ - деп әрқайсысының өздеріне тән атаулары мен мән-мағаналарын берік ұстап қана қоймай, сонымен қоса тәртібі мен тәлімінен де имандылық жолдарын қарастыруға тырысқан. Бұл дәстүрлер өз заманында адамдардың парасаттары мен жігер деңгейлерінің биік болғанын аңғартса керек.
Көбіне дала перезенттері достасу кездерінде ант үстінде
Бел құда. айтылатын серттерінде, осы "бел құда" болуға уәделеседі.
Мұның басқа екі құдандаласудан өзгешелігі де, сол ант үстінде айтылып, серт ретінде қабылданатындығы. Сондықтан да, оның астарында сан алуан сырлар мен құпиялар жатады. Оның өмірдегі көріністері де әртүрлі болмақ. Мұның мысалдары, қазақтың халық ауыз әдебиеттерінде көптеп кездеседі. Солардың бірі ретінде атақты лиро-эпосымыз "Қозы көрпеш - Баян сұлуды" айтсақ та жетіп жатыр. Бұл жәдігерліктің басқа Түркі халықтарында жырланатын түрлерін айтпағанда, тек Қазақ арасында ғана 16 түрлі нұсқалары бар екені белгілі.
МЫСАЛЫ: Біздер ұсынғалы отырған "Қозы көрпеш Баян сұлу" жырының нұсқасы, кезінде Шоқан ғұламаның атақты Жанақ ақынның өз аузынан жазып алдым - дейтін т ү р і н д е айтылған: - " он сан Ормамбет елінде - Қарабай мен Сарыбай - дейтін екі бай болады. Қарабайдың тегі - түрікпен, Сарыбайдың тегі - ноғайлы. Қарабай мен Сарыбай неге екені белгісіз /ақынның жанынан қосқаны болу керек/ Балталы-Бағаналы еліне /найман еліне/, түп қотарыла көшіп келеді. Балталы-Бағаналы елінің биі Тайлақ бұларға ерулік беріп, жақсы құрметпен қарсы алады. Бірақ, дүниеқор Қарабай найман елінің жасаған сый-құрметтеріне қарымта сыбағасын беруге жарамайды. Ал табиғатынан жомарт Сарыбай басқаны былай қойғанда, қойшы-қолаңның сыбағаларына дейін тоғыз-тоғыздан етіп, ерулік берген елге сый-сияпат жасайды. Балталы-Бағаналылықтар риза болып, Сарыбайды өз елінің қадірлі адамы етіп таниды.
Сарыбай мен Қарабай аң аулап жүріп, өзара уәделесіп д о с болады. Төс қағыстырған достықтарының белгісі үшін екі б а й, үйдегі екіқабат әйелдерінің ішіндегі балаларын атастырып, бір-біріне қосуға а н т айтысып бел құда болады. Қарабайдың үзіліп сұраған достық тілегі бойынша қиналса да буаз маралды атып, Сарыбай сол сәтте-ақ әйелі ұл туғанын естігеніменен, оны бір көруге үлгірмей қазаға ұшырайды. Содан Қарабай ауылына келісімен "жетім ұлға қызымды бермеймін" деп, сертінен айнып жөңкіле көшеді. Бел құда болған антын аяққа басады (М. Әуезов. 2 т. 372 б. ).
Халқымыздың бай рухани қазыналарының бірі ғана болып саналатын "Қозы көрпеш – Баян сұлу" жырының іші толған халық педагогикасының маржандары десек артық айтқанымыз емес. Оны оқулыққа қосымша материал ретінде пайдаланған жөн.
Бұл тәрізді құдандаласудың да өз ерекшеліктері мен
Бесік құда. мақсаттары бар. Мұнда да адамдарды өзара туыстыққа
жетелейтін, олардың бір-біріне деген достық сезімдері болып табылады. Бірақ, мұндағы достық екі семьяның арасында көп жылдарға созылып, уақытпен шыңдалған қимастық сезімдермен астасып жатады. Сондықтан да "бесік құда" болғандар көбінесе аса бір үлкен трагедияларға ұшырап немесе күлкілі жағдайларға тап бола бермейді екен. Себебі, ата-аналардың бір-біріне деген риясыз достық сезімдері мен үндескен сыйластықтары, екі шаңырақтың астындағы жандарды да шынайы қимас қатынастарға баулиды. Мұның да мысалдарын қазақтың бай фальклорындағы руханияттардан көптеп келтіруге болады.
Құдандаласудың бұлт түрінде де сан-қилы ерекшелік‑
Достарыңызбен бөлісу: |