Ата-ана Қазақ халқын отарлау дәуірі, сөз жоқ, осы елдің тұрмыс‑ тір
тағылымы шілігіне бодандыққа тән психологияны қалыптастырумен
болды.Оның ең негізгі бағыттары: - елдің өз тарихын ұмыттыру – жердің де судың да атауларын өзгерту – халықты өз тағылымдарынан ауытқытып, дәстүр-салттарынан безіндіру – ана тілінің қадірін түсіру ‑ тәрізді толып жатқан мақсатты шаралармен ұлттық ерекшеліктеріне ересен ауыр нұқсан келтіруге тырысты. Мұның өзі бірнеше жүздеген жылдарға созылды. Осындай қоғамдық ортада тіршілік еткен. Ата - аналар да, еріксіз тоғышарлық психологияға бейімделіп, ең алдымен ұрпақ тәрбиесіндегі халық т а ғ ы л ы м д а р ы н а қабағат қатты зиян келтірді. Бұл сәйкессіздік, әрине олардың да жан-дүниелерін жаралау арқылы, адамдық болмыстарына көптеген өзгерістер әкеледі. Осыншама ықпалды тағдыр тауқыметтерінің салдарынан – ата-баба дәстүрлерінен адасып, адамдық р у х ы н ы ң әлсіреуінен кейбір ата-аналар – арақкештікке салынып, тіршілік парасаттарынан айрылуға дейін барды. Тіпті, бұлар үшін ұрпақ тәрбиесінің мәні де жойылғандай еді. Ал, екінші бір парасы – осынау бодандық өмірге бейімделуді, тек ана тілінен безіп қана қоймай ата дәстүрлерін мансұқтауға дейін барды. Соның кеселінен, жас буындардың арасында ана тілін түсінбейтін бір қанша қ а у ы м дүниеге келді.
Бодандық психологияға бой алдырған Ата-аналардың
Ұрпақ әсерімен, ата дәстүрінен безініп ана тілінен ажырасып
тәрбиесі қалған ұрпақтың жөнін жөндеу, бүгінгі таңдағы ең қиын
мәселелердің бірі болып отыр. Тіпті, осының салдарынан, қазақ мектебі, қазақ тілі, қазақ балабақшасы, ұлттық дәстүр-салт, ұлттық тарих, халық педагогикасы ‑ дейтін елдігімізге ауадай қажет, ұлттық ерекшеліктеріміздің сипаттары егемендігімізді алсақ та, өз ішімізде тамыр тартқан мәңгүрттіктің әсерінен еркін қанат жая алмауда?! Мұның да себебі сол, ертеңіне сене алмаған А т а буынның келер ұрпақтың тәрбиесіне, тек тоғышарлық мақсатта ғана қарағандығынан екені түсінікті. Әрине, бұған замананы болмаса ата-ананы бірыңғай кінәлаудың өзі де, сыңаржақтылыққа соқтырар еді. Әйтседе, өзінің атамекенінде отырып а н а т і л і н е өгейлікпен қарағандарды ештемемен ақтап алуға да болмайды. Өйткені, ана тілі – тек халықтықтың алтын діңгегі ғана емес, сонымен қоса адамдыққа жеткізер ата-баба зердесін оятар жалғыз ғана табиғи кілт екені – осы уақытқа дейін ескерілмей келді.Бұл не деген сөз? Айтылған ойдың астарын ашыңқырап айтсақ, кез-келген халықтың /ағылшын, қытай, неміс, орыс, жапон т.б./ болашақ ұрпақтары, ең әуелі өзінің ана тілінде сөйлеу арқылы ғана ата-баба зердесімен жалғаса алады екен. Сондықтан да, басқа тілде сөйлеп ана тілдерін түсінбейтін, дүбәрә ұрпақтың тәрбиесіндегі басты қиындық та осында жатса керек.
Жастардың бойындағы өзгеге еліктеушілікпен сіңген өзім білемдік, әуел бастан негіздерін түсінбейтіндіктен - ата-баба дәстүрлерін білуге ұмтылыс жасамау, Ұлтым және Отаным дейтін сезімдер ана тілінде қалыптаспағандықтан - тіршіліктегі жеңіл жүрістер мен ‑бір сәттік құмарлықтар асқына жалғасуда. Осының өмірдегі көріністері тәрізді ұлдарымыз бен қыздарымыздың жаппай шылым шегуі мен арақ ішулері, тіпті соңғы жылдарда мұның үстіне а н а ш а тарту апаты да қаулап барады. Көбінесе жастардың ата-ана пікірлерімен санаспайтындықтары жиі байқалып жүр. Міне, бұлар қазақ халқының дәстүрінде бұрын-соңды болып көрмеген жағымсыз құбылыстар екені рас. Осындай алапат ауыр сипаттарымен, бүкіл бір халықтың болашағын құртып жібермекші болған бодандықтың темір ноқтасы аяқ астынан үзіліп, арайлы таңдай аңсаған бостандықтың келуін бейбіт жолмен замана өзі ұсынғандай еді. Екі құрлықты алып жатқан КСРО атты алпауыт и м п е р и я өзінен-өзі ыдырады. Оның құрамындағы басқа халықтар сияқты, қазақ халқы да 1990 жылы 25-ші қазан айында, өзінің дербес мемлекеттігін дүние жүзіне паш етті.
Осынау ғасыр ауысар да уақыт тынысымен жеткен өзгеріс, өлгенімізді тірілтіп өшкенімізді жандырып қана қоймай сонымен бірге арманымызды оятып, көңіл түбінде сөнуге айналған үміт оттарын да үрлегендей болды. Ендеше, Ата-ана мен Бала арасындағы сыйластыққа с ы з а т түсірген, жоғарыда айтылған ү ш т ү р л і м ә с е л е – тоғышар орта - ата-ана парызының азғындауы – ұрығынан және тәлімінен бұзылған ұрпақ тәрбиелері – сияқты аса ауыр әлеуметтік дерттерді, тек халық педагогикасының құдіретімен ғана орнына келтіруге болады. Бірақ, мынаны ескеру шарт! Жәй қарадүрсін дәстүр-салттарды ғана т о п т а с т ы р ғ а н педагогикасымақ емес нағыз ғ ы л ы м и негізделген, өзінің табиғи методологиясы мен жүйелері үндесе айқындалған халық педагогикасының п ә н і ғана игілікке жеткізбек. Сонда, халық өз д і л і мен д і н і н е оралып, елдік еркіндігінің д ә м і н татқан жұрт – тоғышарлығынан да жиреніп, а н а т і л і н қастерлей алмаған топастықтарынан да ұялып, ‑ ұрпағымыз Ата д ә с т ү р і н і ң құндағында ана тілінің у ы з ы н а қанып, тегіне тән қасиеттердің бәріне де мұрагерлік етпек. Осылайша, тіршілік тұрмысымыздағы келеңсіздіктерді жойып, ү з і л і с с і з ұрпақ тәрбиесінің ж ү й е с і н жасау міндеті тұр. Себебі, адам тәрбиесі о ң а л м а й, қайырымды қоғамы мен мейірімді мемлекеті бар г ү л д е н г е н елді жасау мүмкін емес. Ендеше, келешегіміздің құнарлы өрісі – халық тағалымымен жасарған ұрпақ тәрбиесі болмақ.