Совет–Хан Єаббасов



бет67/294
Дата08.10.2023
өлшемі3,2 Mb.
#113418
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   294
Қыз айттырып тері мен толып жатқан мақсаттары тоғысып жатады.
құдандаласу Өмірде аса жиі қолданылатындығымен де құнды.
Халқымыздың асыл мұрасындай неше ықылым замандардан өтіп біздерге жеткен, ұлдарына қалыңдықты ата-анасы таңдайтын салт бар. Содан кейін ержеткен ұл бойжеткен қызды көріп, ата-анасына өз пікірін білдірген. Пікірлері бір жерден шығып жатса, бірден құдандаласудың қамына кіріседі. Осының өмірдегі көрінісі ретінде, жұртымыздың аса көне ертегілерінің бірі - "Ертөстіктен" ‑ шағын үзінді келтіріп көрелік:
"Тоғыз ұлына бір шаңарақтың астынан қалыңдық алып беруді армандаған Ерназар, ел-елді кезіп ұзақ іздейді. Бірақ оның ойындағыдай тоғыз қыз бір шаңырақтың астынан табыла да қоймайды. Әйтседе, іздестіруін бір сәтке де тоқтатпаған Ерназар, тентіреп жүріп жаңа бір ауылға жетіп, еңселі биік ақ үйге келсе кірген үйдің керегесінде ілулі тұрған, сегіз сырғаны көріп еңреп жылап жібереді.
Сонда әлгі үйдің бәйбішесі:

  • Неге жылайсыз ? - деп сұрайды.

Ерназар көзінің жасын сүртіп :
- Бәйбіше, ғафу етіңіз?! Бауырымда өсірген тоғыз ұлым бар еді. Бар арманым болшақ келіндерімді де, бір шаңарақтың астынан кездестірсем деп ел кезіп жүрмін. Анау ілулі тұрған сырғалардың сегіз-ақ екенін көріп, соған қайғырып жылап отырмын – дейді. Мынау естіген сөзіне елітіп, жайдары пейілмен нұрлана түскен бәйбіше:
- Ә-ә-ә, солай ма? Еңдеше, жылама?! Сырғаның тағыда біреуі бар. Ол әне тұр, - деп төргі бақанда ілулі тұрған тоғызыншы сырғаны көрсетіп: - Бұл Кенжекейімнің сырғасы! Сегіз қызым бір төбе Кенжекейім бір төбе болғандықтан, әмәндә оның сырғасын бөлек ұстаймын, - деп сырғаны қайыра орнына апарып қойды.
Ерназар да мәз болып, қуана сөйлеп:
- Менің де сегіз ұлым бір төбе, Ертөстігім бір төбе еді. Кенжекейім мен Төстігім бастарын қоссын! - деген екен. Осылайша Ерназар іздегенін тауып, мәре-сәре болып еліне қайтыпты.
Туысқандықты ерекше қастерлейтін ежелгі жұртымыздың мұнда да, тек өздеріне ғана тән мәрттік мінез-құлықтары жатыр. Баласына жар тандау тек ата-анаға ғана жауапкершілік жүктемейді, үйленетін жігіт пен қыздың өздеріне де үлкен сын. Осыған орай, жаңағы айтқан "Ер Төстікте" мынадай көріністер бар :
"Ата-анасы қыздарына жеке-жеке енші беріп, жасауларын көл-көсір етіп ұзатады. Сонда, Кенжекей еншісіне риза болмай, әкесіне кісі жіберіп :
­ Әкем маған жылқыдан – Шалқұйрықты, жасаудан – Ақсырмалды, түйеден - Құбаінгенді берсін, - депті.
Мұны естіген әкесі қызына ренжіп :
­ Қызыма айта бар! Ерназардың байлығы ­ оған жетеді. Шалқұйрықты сұратқаны несі? Шалқұйрық жылқымның құты еді ғой?! Ата құтына қызы ие болған, бар ма? Құбаінген түйемнің басы, оны сұрағаны несі? Ақсырмал сауыт - атадан қалған мұра еді - менің ұлымның жоқтығын білдіріп, әкесін қу бас дегені ме? Қызыма айтыңдар, маған бүйтіп жаулығын білдірмесін,- деп келген кісіні құр қол қайтарыпты.
Сонда, Кенжекей кісіні қайта салып :
- Шалқұйрықты сұратқаным - Ерге лайық ат еді, ер мінсе екен деп едім; - Құбаінгенді сұратқаным - Ер қосын артсын деп едім. Ақсырмалды сұратқаным - Ер Төстік ер еді, сол кисе екен деп едім; - Ердің жөні - бүкіл халыққа ортақ елдігіміздің салты емес пе еді?
Сонда, әкесі қызының айтқандарын тебірене тыңдап :


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   294




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет