ЖІГІТ: Алып келген базардан, ҚЫЗ: Есік алды қара су,
Қара насыр, жар-жар-ау Майдан болсын, жар-жар-ау.
Қара мақпал сәукеле, Ақ жүзімді көретін,
Шашың басар, жар-жар-ау Айнам болсын, жар-жар-ау.
Мұнда әкем қалды деп, Қайын атасы бар дейді,
Қам жемеңіз, жар-жар-ау Осы қазақ, жар-жар-ау.
Жақсы болса қайын атаң, Айналайын әкемдей,
Орнын басар, жар-жар-ау! Қайдан болсын, жар-жар-ау.
Міне, ертеректе айтылған “жар-жардың” сөздері осылай болып келеді. Негізгі нұсқа ретінде, мұны - әдейі беріп отырмыз. Әйтпесе, әр кезеңде уақытына лайық жазылған “жар-жардың” түрлері көп. Бұл нұсқалардың қай-қайсысын болса да пайдалану той жасаушының өз еркінде?! Әйтседе, суырып салма түрін дамыту арқылы, халқымыздың бірегей өнері а й т ы с т ы ң да қолданбалы түрлерін көбейтер еді.
Ж) БЕТАШАР
Үйлену тойының аса бір ізгілікті сәті – жаңа түскен келіннің бетін ашу болып табылады. Қашанда беташарды аймағына белгілі, шаршы топтан озып бәйге алып жүрген, жезтаңай әншілерге ұсынады. Бұл дәстүрлі жырдың шебер орындалуын мойнына алған азамат, тойдың ең бір жауапты сәтін барынша қызықты етіп өткізуге тырысады.
Ол жиналған жұрттың барынша көңіл-күйлерін көтерумен бірге, екі жастың р у х а н и жетілуіне әсер етумен қоса, тыңдаушыларының жүрегіне ізгіліктің шапағатын шашуға тырысады. Беташардың тағыда бір негізгі міндеті жаңа түскен келінді, қайын жұртындағы ең жақын туыстары мен тумаларын атап-атап таныстырады. Ол өзінің ізеті мен ықласын осы танысу үстінде көрсетіп, нәзік қимылмен тағзым етіп бүгіле сәлем беріп тұрады. Басқа тұрмыс-салт өлеңдеріне қарағанда, б е т а ш а р жырларының мазмұны мен мәні барынша инабаттылықты сақтай тұра, әдептен озбайтын әзіл-қалжыңға да бай келеді. Ебін тауып әр рудың өздеріне лайық жөн-жосығы мен өзгелерден ерекшелеу мінез-құлықтарына да тоқталып өтеді. Міне, жас келін беташарда айтылған адамдармен танысып қана қоймай, олардың қадір-қасиеттерін де есіне сақтап біліп алуы қажет. Әсіресе, келген жерінің семьялық дәстүрлеріне, туысқандық қарым-қатынастарына ерекше мән беріп, алғашқы күннен-ақ сол ережелерді бұзбауы керек. Және осылардың барлығы да, б е т а ш а р д а өз сипатымен даралана айтылуға тиісті.
Беташардың тағы бір ерекшелігі сол. Оның бүкіл болмысы мен табиғаты – таза қазақ халқының ұлттық сипатына жататындығын, ашып-жарып айтқанды жөн көрдік. Өйткені, өзгеде жоқ тек өзіне ғана тән, кезінде айтылған ата дәстүрге тікелей байланысты – т у ы с қ а н д ы қ және с е м ь я л ы қ дәстүрлерді, бұл жырды егжей-тегжей даралап та саралап та ұзақ жырлайды. Тіпті, өзге жұрттарды айтпағанның өзінде, қаны бірге туыстас Түркі халықтарында да: - өзбек –қырғыз –татар –башқұрт –түрікмен –түрік –қарақалпақ –сақа –хақас -қарайым-қараша ‑ құмықтарда да, т.б.‑ көптеген елдерде де жаңа түскен келіннің бетін ашу салты қолданылмайды.
Екінші бір мәселе, өз жұртынан ұзатылып келген қалыңдық
б е т і н неге жауып келеді? Себебі не, сенім-нанымы неде? Бұл дәстүрді д і н и салтқа да жатқыза алмаймыз. Өйткені, дін-исламды ұстап отырған елдерде де жоқ. Тек, беташардың алдында және соңында жасалынатын р ә с і м д е р д і ескерсек, оның т ө р к і н і сонау Т ә ң і р л і к сенімдермен сабақтасып жатқанын көреміз. Сірә, сол кездегі әфсаналармен тамырласып жатса керек. Мұнда, қыз бала өзі өскен ұядан – басқа жұртқа келуі өмірінің бір кезек д ә у р е ні өтіп, енді - өз басының ғана қамын ойлайтын жан емес, бүкіл келген жерінің ы р ы с ы н тасытар, жаңа отаудың бірін екі етердей парасатпен шаңырағын көтеру, оның келешек ұрпағының а н а с ы болудың міндетін атқармақ. Оны ата-енесі мен туған-туыстары қолына келіп қонған бақыт құсындай етіп, әлпештеп ұстауға қалың топтың алдында а н т еткендей күй кешеді. Міне осындай, өрнегі мен тәлімі бөлек бұл салт та – ата-бабамыздың ұрпағына қалдырған ө н е г е с і ретінде қастерлеуіміз қажет. Беташарды да уақыт талабына орай жетілдіре беру шарт.
ҮЛГІСІ: 1. Келін-келін, келіп тұр! 2. Нар берсеңіз мая бер,
Келіп, үйге еніп тұр! Үстіне кілем жая бер,
Қайын жұрты – халқына Одан артық айтуға
Иіліп сәлем беріп тұр.. Келе бермес ебіміз
(келін тағзым етеді) Маяның дауысын естіп
Үйдің іші толы адам, Қаша көрме көбіңіз?!
Бәрінде келін көріп тұр. (әзіл)
Көргенімен, танымай, Сиыр берсең, қызылдан,
Қайсысы алыс, кім жақын, Шұбалаң құйрық ұзыннан,
Сол жері көңілін бөліп тұр. Алыстан келді демеңіз
Көрімдік берсе көп адам, - Келіннің ақысын жемеңіз
Талай мал әзір болып тұр. Кем көрмеңіз келінді,
Қайнаға, қайын, қарт ата, Өзіңнің туған қызыңнан,
Сараңына кез қылмай Қайын атаға бір сәлем?!
Мырзасына жолықтыр, Сендерге енді келейін,
Не қылсаңда, өзің біл, Жапсардағы отырған.
Жат елден келіп жас келін, Жастары үлкен аналар!
Жаңа мейман болып тұр. Ақылы артық даналар!
…………………………… Сіздерге де қуаныш,
Келін келді, көріңіз, Бұрынғыдан қалған жол,
Көрімдігін беріңіз?!.. Келінді көрген адамнан,
(баршаңызға бір сәлем) Көрімдікке мал алар…
Қайын енеге бір сәлем!
3. Бетіңді келін ашқаным, 4. Өзің бір ақыл тап келін,
Жаңа жұртқа қосқаным, Ата-енеңді,
Жасы үлкенді сыйлап жүр, Кісі келсе үйіңе,
Құрмет қыла жасқанып, Қызмет қыл иіліп,
Балалық күнің өтті енді, ……………………………
Аналық күнің жетті енді, Өзіңнің үлкен адамның,
Жаңа дәурен есігі, Бетіне тіке қарама
Алдыңнан қалқам ашылды. Үлкен кісі келгенде,
Туыстарға бір сәлем! Қатарласып отырмай
Сауысқаннан сақ келін, Кейін отыр пана да…
Жұмыртқадан ақ келін, Көпшілікке бір сәлем!
Күйеуіне шақ келін,
Қыз көңілден қайт, келін,
Ел-жұртыңа жақ, келін. …………………………..
Жастар жаққа бір сәлем!
Манадан бері а қ қ у д а й иіліп ізет етіп тұрған келіндерінің жүзін көріп, ду қол шапалақтап қуанған барша қауым, өздерінің ерекше шаттық сезімдерін паш етеді. Осы сәтті пайдаланып қыз бен жігіттің аналары, олардың алма-кезек маңдайларынан сүйіп аналық мейірімдерін төгеді. Екі жастың жанашыр жеңгелері олардың алдарына қып-қызыл ш о қ салған ыдысты әкеліп, отқа май құйдырып от-анаға мінәжат еткізеді. Үлкендерден а қ б а т а сұрайды?! Міне осыдан кейін жиналған жұртты дастархан басына шақырады. Ендігі тойдың жалғасын арнайы тағайындалған А с а б а жалғастырады. Тойдың сәнді де салтанатты өтуіне той иесімен бірге, ойын-сауықты басқарушылар да жауап береді.
Достарыңызбен бөлісу: |