Совет–Хан Єаббасов



бет71/294
Дата08.10.2023
өлшемі3,2 Mb.
#113418
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   294
Байланысты:
treatise70934

Қыз жолдасы: 1. Есіктің алды жас қайың,
Жапырағын баспайын.
Есіктен аттап кеткен соң,
Еркелікті тастаймын.
2. Әуеден ұшқан бұлдырақ,
Құбыладан соққан ызғырық.
Жатқа кетіп барамыз,
Жаратқан соң қыз қылып.
Күйеу жолдасы: 1. Жылама бикем, жылама,
Көзіңнің жасын бұлама?!
Ұл боп тусаң әуелден,
Сені мұндай қыла ма?
2. Бүркендіріп қоя ма,
Көзіңді жаспен бояма?!
Біз бермейік десек те,
Мал берген жұрт қоя ма?


Қыз жолдасы: 3. Есіктің алды ақ қайың,
Қайыңды қайтіп аттайын?
Еркелеткен анамның,
Ақ сүтін қайтіп ақтайын?
4. Атасы жақсы құл болмас,
Анасы жақсы күң болмас.
Оң жақтан кетіп барамын,
Қыз еркелеп ұл болмас.
Күйеу жолдасы: 3. Жылайсың неге «үйім» деп,
«Жиғаным қызыл бұйым» деп,
Әкең сенің ойлайды,-
«Отырып қалса қиын» деп.
4. Жыламай құлақ салыңыз,
Бұл сөзіме наныңыз,
Мен айтамын өсиет, -
Тыңдап, ұғып алыңыз?!
Мұнан көшіп кетерсің,
Шын еліңе жетерсің
Әдеппенен жүргейсің.
Міне, осылайша сыңсуды – ұзатылатын қыздың қасындағы жолдасы бастап, қайырып айтар жұбату жауабын – күйеу жігіттің серігі шырқап, ойда жүрген көп нәрсенің мәнін ашу арқылы, бүкіл тойға қатысқан әлеуметке ой жарастығын ұсынар еді. Қашанда той думанның сәнін келтіріп көркін ашар ойын-сауықтардың түрлері мол болғаны жақсы. Тойға жаңаша түр мен мазмұн берген сыңсудың да келешекте өз орнын табарына сенгіміз келеді.


В) ҮЙЛЕНУ ТОЙЫ


«Адам ғұмырындағы алма-кезек ауысып жататын қиындық пен үміт, тіршіліктің мазмұнын ғана байытып қоймайды, төзе білген, жеңе білген жандарды – мұратына жеткізер қос қанаты да».
ҰЖДАН.

Міне, осылайша – ұзатылған қыздың алғаш келіп, табалдырығын аттайтын ақ босағасы, яғни, қалыңдығын әкеп семья құрмақ жігіттің ата-анасының шаңырағы болып табылады. Бұл күн – ата-ана мен бала үшін келісіммен шешіліп, берекемен ұйғарылса – мұнан бетер өмірдегі бақытты сәтті табу қиын. Ал егер де екі ұдай боп шешілсе, сол әулеттің трагедиясы да осы күннен парақталады деп, есептей бер?! Сондықтан да, семья құруға дайындықты барынша парасатпен шешкен жөн. Әрқашанда, келісімді істің кемелдігі де көрініп тұрады. Мұндағы өтетін сән-салтанат та, той иелерінің тұрмыс-халіне тікелей байланысты болмақ. Жағдай көтеретін адамдар – ат шаптырып, көкпар тарттыруымен қоса қыз қуу, балуан түсіру, тіпті жамбы аттыруға дейін ұйымдастыра алады.


Күйеу жігіттің ауылына бірер б ұ р ы л ы с қалғанда, қалыңдық мінген машина, немесе салт атқа мінген жастар жағы сәл кідіріс жасайды да, ертіп әкеле жатқан қыздың шешесі мен үлкендер жағы ауылға бұрынырақ келеді. Солардан хабар тиісімен… жігіттің жеңгелері, ауылдағы қыз-келіншектерді ертіп, әкеле жатқан қалыңдықтың алдынан шығады. Бұлар келіп өзара танысқаннан кейін-ақ, бірден ауылға “сүйінші” сұратып хабар жібереді. Жақсы хабар жеткізген адам лайықты кәдесін алады. Қалыңдық екі жақтың да жастарының ортасында, бір-бірлерімен танысу салттарын жасап, ауылға асықпай жаяулатып жетеді. Бұл кезде құдағимен келген үлкендер жағы да мәре-сәре болып, амандық-саулық сұрасып той қамымен шұғылданып жатады. Келінді отау үйге кіргізерде әлдекімнің көзіне шалынып қалмас үшін, оның бетіне жібек орамал жабады. Отқа май құйып келінді оған тәжім еткізіп, отпен аластап арнайы тігілген ақ отауға енгізеді. Қалыңдық ақ отауға жеткенше ш а ш у шашылып, жастар жағы да жар-жар айта бастайды. Содан қалыңдықты бірден өзіне құрылған шымылдыққа енгізіп, бетін ашқанша бөгде адамдарға көрсетпейді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   294




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет