СҰРАҚ: Ұрық тазалығы жайында және ана құрсағында өлетін немесе жарымжан болып туатын нәрестелер қақында не білесіздер?
N 1-ші жауап: Ұрық тазалығы жайында естіп көргенім жоқ. Ал өлі туатындар мен жарымжан боп дүниеге келетін нәрестелер жәйлі көп естиміз. Жақында ғана осы Атырау теледидарының хабарын көрдім. Онда, облыстық балалар дәрігерінің айтуынша, қазір өлі туатындар мен жарымжан нәрестелердің саны өсіп отырғанын айтты. Жаңылмасам, 25-30 % - дай деді. Әйтеуір, қазір дүниеде не көп жайсыз жағдайлар көп. Не болса да артын қайырлы қылсын деуші ме еді?! Сіздің сабақтарыңыздан біраз нәрселеріңіздің сырын ұқтық. Мұны барлық халық білулері керек қой. Сондықтан, кітап етіп шығарса шіркін (мамандығым - электрик). N 2-ші жауап: Осының бәрі “бұзылған ортаның” әсерлері дегенді айтады. Бірақ, бірыңғай соның әсері дегенге тіпті сене де бергің келмейді. Қанша айтқанмен, бала анасыныңқұрсағында “тоғыз торқаның” ішінде жатыр емес пе? Ендеше, барлық кесел шыныменде осыұ р ы қ тазалығында жатқан шығар?! Енді ғанаоқып-біліп жатырмыз, кешегі адамның қамын жеген Кеңес үкіметі, тіпті Қазақстанда атом бомбасын жармаған жер қалдырмапты ғой. Балалардың жарымжан болып туып жатқанына, соның да әсері аз болмаса керек. Әсіресе, жарымжан туған нәрестелерді телеэкраннан көрсеткенде, жаныңнан қасым боласың?! Соларды көрсетіп не қажеті бар? Бүгін сізден біраз жайға қанығамыз ғой деп келдік. Сіздің пединститутта оқыған лекциаларыңыз жайында, өзімнің таныс құрбымнан да естіген едім. (есепшімін). N 3-ші жауап: Осындай сандырақтардың бәрі сол әрнәрсені көп білгенсіп, көп оқығандықтан да болар. Меніңше, ештемені ойыңа алмасаң, түкте жоқ. Тіпті, ішкен арақ – у, жеген тамақ – нәрсіз дейтінді де шығарып жүр. Сонда, қарта ойнап, арақ ішпей, өмірден босқа өтуіміз керек пе? Халық тағылымы, дәстүр-салт дейтін ескі ұғымдарды жаңғырта берудің қажеті жоқ. Айтпағым – осы! (жұмыссыз). N 4-ші жауап: Ағай, мынау жігіттің сөздерін көңіліңізге алмаңыз?! Ол өзі – аздап ішіп келген сияқты. (орындарынан: ұнамаса шықсын – кетсін! – деп қалғандар да болды) Ол – “Ештемені ойламасаң болды” – деп өзінің бойындағы м і н і мен б і л м е с т і г і н естігісі келмейді. Қазір “өзім білем” деушілер көп. Тіпті, осындай пікір алмасу сауалдарының дұрыс жауаптарын таппаған күннің өзінде де, бұдан былай ойланып жүретіндей әсерде отырмыз. Жалпы, оқылып жатқан лекциалардың тақырыптары ертең семья құрғалы отырған біздер үшін, аса қажет деп білемін. Мынау, пікір алысу ретіндегі тәсіліңіз де ұнайды.(кіші заң қызметкері). Жауаптарды - өңдегенмен, айтылған о й л а р д ы өз қалпында қалдырдық. /С.Ғ./.
ТАЛДАУ: Жастардың көңілдегілерін біліп, ашық пікірлесу деген қандай ғанибет?! Өзім де осы бір кездесулерден көп ләззат алып толғанамын Ел-жұртымыз өзінің барынан айрылып, халықтық тағылымдары тозғандайжағдайға ұшырап отырғанын сезінбеу, иә оған күйінбеу мүмкін емес. Тек үлкен-кіші демей іске кірісу ғана, бұл апаттың бетін қайтармақ. Келер буынның қамын атасы мен әжесінен гөрі, жаңа отау құрып жатқан әке-шешесі әлдеқайда тереңірек түсінер деген логикалық ойымыз, шын мәнінде мұның нысанаға дәл тиіп жатқанын, мынау семья құрғалы отырған жастарымыздың ынтасынан да көргендейміз. Осының өзі көңілге жұбаныш әкелгендей?! Ұрық тазалығын сөз еткенде, ең әуелі осынау тарыдай ғана бір клетканың ішінде орналасқан г е н н і ң келешек дүниеге келер нәрестенің қ а б і л е т і н де, мінез-құлықтарының негіздерін де, адамдық ж і г е р мен п а р а с а т т а р ы н, тіпті психикасы мен темпераменттеріне дейін қалыптастыратынын ұғындыруға тырыстық. Олай болса, осыншама құдіреттің көзін сақтамау, бұл ө з кіндігіңнен шығатын ұрпағыңды әдейі бақытсыздық пен жарымжандыққа жетелейтін төте жол екенін, сан түрлі мысалдармен түсіндіруге күш салдық. Сондықтан да, табиғат қойнауындағы тіршілік иелері, ұрпақ қамына арнайы әзірленіп, бойындағы артық майы мен арам терінен арылумен қоса, осы мерзімдер де судың тұнығынан тек аузын шайлап, шөптің асылынан тағажу ғана ететінін, адамдар білмейді дейсіз бе?! Жоқ, білгенде қандай, бірақ, оларға құнығып кеткен құмарлықтары мен бейпіл кеткен нәпсілерін тыю аса қиын. Табиғат заңына құлақ асқысы келмейтін ата-аналардың зардабы асқынған ауыр азаппен ұрпағының қасіретіне айналып отыр. Осы қасіреттің уына өздері де малшынуда.