Совет–Хан Єаббасов



бет83/294
Дата08.10.2023
өлшемі3,2 Mb.
#113418
1   ...   79   80   81   82   83   84   85   86   ...   294
Байланысты:
treatise70934

§ 6.ХАЛЫҚ ПЕДАГОГИКАСЫ МЕН ПСИХОЛОГИЯСЫНЫҢ 1-ШІ НЕГІЗІНІҢ ӨМІРДЕГІ КӨРІНІСІ


(ПСИХОЛОГЕМАЛЫҚ ЗЕРТТЕУ: СҰРАҚ-ЖАУАП).

Тәрбие тәсілдерін тікелей өмірмен байланыстыру үшін, Атырау қаласындағы некеге тіркеу мекемесімен бірге отырып, өзара с е м ь я қ ұ р у д ы шешкен жастарға келешек ұрпақ жайындағы, психо-физиологиялық жаңа көзқарас қақында лекция оқылып және семинар сабақтары жүргізілді. Ескі сарынмен оқылатын лекциялардан қажыған тыңдаушылар бастапқыда селқос қабылдағандарымен, жаңа мазмұндағы бірінші сабақтан кейін-ақ, олардың ерекше қызығушылықтарын байқадық. Себебі, бұрынғыдай емес лекция тыңдауға ерлі-зайыптылардың екеуі де бірге қатынасушылықтары жиіледі. Оның үстіне, адам тәрбиесі туралы бұрын-соңды айтылмаған жаңа пікірлер тыңдаушылардың белсенділігін арттырып, мәселенің әртүрлі сәттері жайында с ұ р а қ берушілер көбейді. Осы жағдайды пайдаланып, оны ғылыми негіздерде жүргізу үшін, п с и х о л о г е м а л ы қ әдісті жиі қолдана бастадық. Мұның өзі пікір алысу деңгейінде жүретіндіктен, сабақтардың қызықты өтуіне мүмкіндіктер туғызды. Осылайша, Халық педагогика-сының І-ші және ІІ-ші негіздерінде айтылатын мәселелерді, сұрақ және жауап алу әдісі арқылы – семья құрмақшы болып отырған жастар арасындағы т ү с і н і к т е р д і зерттедік.




А). БІРІНШІ ПСИХОЛОГЕМА


СҰРАҚ: Семья құруға дайындықты қалай түсінесіздер?
N1-ші жауап: Уақыты келгенде кез-келген адам, семья құруға дайындалуға тиіс. Жігіт – қалыңдығын, қыз – күйеуге шығар жігітін тауып, олар өзара семья құруға келіседі. Сонан кейін, өздерін ата-аналармен таныстырады. Олардың пікірлерін тыңдайды. Кейде пікір қайшылықтары да туындап жатады. Ақылдаса келе оны жөндеуге де болады. Жөнделмейтіні де кездеседі. Ақырында құда түсу мақсаттарындағы қарым-қатынастар басталады. Менің түсінігім осы?! (мамандығы ­ коммерсант).


N2-ші жауап: Айтылған ойды жалғастырсақ, құда түсу жағдайлары әркімнің шамаларына қарай жүреді. Сондықтан, әртүрлі деңгейлерде шешіліп жатады. Одан кейінгі ең басты шаруа ­ тойды қалай өткізу болып табылады. Бұрынғыдай емес, қазір жағдай өте ауыр, күйіп тұрған қымбатшылық. Той өткізер орын да, ішер і ш і м д і к т е р мен жейтін тамақтың да қиындықтары толып жатыр. Ой, ағай несін айтамыз, мәселе жетеді! Шақшадай басың – қазандай болуда. (машина жүргізуші)


N3-ші жауап: Өзіңіз білесіз – қыз баланың жолы жіңішке?! Біздердің ойымызда не болмайды дейсіз (жымия күліп). Менімше, қыздар жағы болашақ семьясының жағдайын көп ойлайтын сияқты. Әсіресе, өмірге келер сәбиіміздің жәйі де жиі мазалайды. Өйткені, қазіргі экологияның бұзылуы, жаңа туып жатқан балалардың өлім-жітімдері, олардың ауру-сырқаулары да көп көрінеді. (биолог, институттың соңғы курсындамын).


N4-ші жауап: Қазір үйді ұстау, әйелдерге аса ауыр сияқты. Жалпы қоғамымыздың бағыт-бағдарлары да түсініксіз?! Оның үстіне адамдардың имандылығы да тозып барады. Арақ ішіп, қарта ойнау кең етек алып отыр. Өзгені қойып өлімнің үстінде де, арақты ішіп алып құран оқу өріс алып барады. Алдыңғы буын да ­ мына біздер де, келешек ұрпақтың тәрбиесі жайында ойланбайтынымыз рас. Тұрмыстары құлдыраған халықтың келешекке деген сенімдері аз. Мемлекет басшыларында да сөз көп, істің шешімдері жоқ. Қоғамдық тәртіп сын көтермейді. Міне мұның бәрі де семья құрар алдында ойлануға мәжбүр етеді. (әдебиет фак. бітіремін).




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   79   80   81   82   83   84   85   86   ...   294




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет