Совет–Хан Єаббасов


Қазіргі ғылыми дәлелдерге назар аударсақ та, кез-келген наркотикалық заттар



бет86/294
Дата08.10.2023
өлшемі3,2 Mb.
#113418
1   ...   82   83   84   85   86   87   88   89   ...   294
Байланысты:
treatise70934

Қазіргі ғылыми дәлелдерге назар аударсақ та, кез-келген наркотикалық заттар; - арақ та – никотин де – анаша да – бірден м и мен ж ы н ы с бездеріне жиналып, ұзақ уақыт уландыратыны анықталып отыр. Мәселен, бар-жоғы 100- ақ грамм арақ, жаңағы барып сіңген тканынан бір аптадай уақытта әрең шығып тазаланады екен. Ал қазіргі адамдардың, оның ішінде жастардың арақ ішіп, шылым шегуінде шек бар ма? Әрине, жоқ ! Жұтуға да, шегуге де құнығып кеткен?! Енді мұны, олар саналы түрде түсінсе ғана, тек келешек ұрпағы үшін, тастаулары мүмкін деп үміттенуге болатын сияқты. Адамдардың көпшілігі-ақ, терең түсініп білмейтіндіктен У – ішкендей күй кешіп жүргендері анық.
Екінші бір мәселе, қазіргі ө л і туып немесе ж а р ы м ж а н боп дүниеге келіп жатқан нәрестелердің себептерін тек экологиядан көру – ұрық тазалығының мәнінен алшақтатып әкетер жалпылама түсінік екенін ашып айтуымыз керек. Әрине, ішкен су, жұтқан ауа, жеген тамақтың ластануынан – адам денсаулығы ауыр жағдайларға ұшырайтыны анық. Тіпті, оның зардаптарынан генетикалық өзгерістер де болады. Солай дей тұрсақ та, дерттің ең басты себебі – уланған ұрықтың ішінде жатыр. Ендеше, уа‑а адамдар, ұрығыңды іштен де, сырттан да уландырып – ес-ақылдан айрылмаған жөн болар?! Елдігіңді де есейтіп, егемендігіңді де күшейтетін, тек қана денсаулығы мықты ұрпақ екенін түсінетін мезгіл жетті.


В). ТӨРТІНШІ ПСИХОЛОГЕМА


СҰРАҚ: Қазіргі Ата-ана мен Бала арасындағы сыйластық
жайында не айтасыздар?


N 1-ші жауап: Бұған бір жақты жауап беру қиын. Себебі, қазіргі адамдардың қатынасына көптеген факторлар әсер етеді. Сондық-тан, ата-ана мен бала арасындағы бүгінгі жағдайларды да, біржақты айта салу оңай емес. Кейде өзара қатынасқа тікелей ата-аналардың кінәлі болатын сәттері де көп. Сол сияқты, баладан да кететін кемшіліктер жетіп жатыр. Қалай десек те, бұрынғыдай сыйластық жоқ?! Сірә, сіздің айтқандарыңыз жөн шығар, расында да а д а м т ә р б и е л е р і н д е қабағат ауыр қателіктер болуы мүмкін. Ол кемшіліктерді жөндеп ала алсақ жаман болмас еді. Бірақ, ел басқарып отырған азаматтардың өзінде адалдық, иә шыныменде халықты ойлап жүргендері жоқ десе де болады. Міне, нағыз шешуі қиын түйініңіз де осы болмағай (болашақ геологпын).


N 2-ші жауап: Бұрын құдандаласуды негізінен ата-ана шешкен ғой. Әрине, оларда үйленетін баласымен сөзсіз ақылдасқан. Ал қазір жастар өздері танысып, келіскеннен кейін ғана ата-аналарымен таныстырады. Бірақ, барлығы жаппай осылай істейді деуден аулақпын. Қазір де ең әуелі ата-аналарымен ақылдасып алатын жастар да бар. Меніңше, адамдардың өзара сыйластығына қайау түсіріп отырған қайырымдылығы жоқ, әділетсіз қоғамның әсері сияқты (шофермін).


N 3-ші жауап: Қазақтардың мінез-құлықтары мен психологиясының қатты өзгеруіне себеп болып отырған, сірә, арақты көп ішетіндіктерінен болар?! Өйткені, арақкеш адамдарға өтірік айту да, ар ұялар іс істеу де қиын емес. Олар өз сөздерінде тұра алмайды. Берген уәделерінен арақ құмар адамдар айни салады. Міне осындай керағарлықтар, адамдардың арасындағы сыйластықтарды да тоздырып жіберген тәрізді (медбике).


ТАЛДАУ: Жастар бұл мәселенің себептерін іздестіретін тәрізді. Ата-ана мен бала арасындағы сыйластықта қайау барын жасырып отырған жоқ. Олардың пікірлерінше кемшілік екі жақтан да бар. Осы ойлардың бәрін талдай келіп, мынадай үш түрлі мәселені талқылап көрдік:




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   82   83   84   85   86   87   88   89   ...   294




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет