Советы родителям: «Принципы разумного воспитания детей»



Pdf көрінісі
бет2/23
Дата22.08.2023
өлшемі408,14 Kb.
#105453
түріМетодические рекомендации
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23
Кіріспе
 
Тәрбие қоғамдық құбылыс ретінде өскелең ұрпақтың қоғам өміріне
күнделікті өмірге, қоғамдық-өндірістік әрекетке, шығармашылыққа, 
руханилыққа қосылуы мен кірігуінің күрделі және қарама-қайшы әлеуметтік-
тарихи үдерісі.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстан-
2050» Қазақстан халқына Жолдауында «Еліміздің болашақта қандай болатыны 
балаларымыздың бойына өзіміз қандай тәрбиені сіңіретінімізге тікелей 
байланысты» деп бұл мәселенің өзектілігін айқындай түсті [1].
Тәрбие жас адамдарды қоғамдық өмір мен өндірістің шарттарына 
бейімдеу, араластыру, сонымен бірге олардың аға буынның орнын басу 
қажеттілігінен туындаған. Осының нәтижесінде балалар есейе отырып, өз 
өмірін және еңбек қабілетін жоғалтқан үлкендердің алаңсыз өмірін 
қамтамасыз етеді.
Педагогика мен психологияда 
тәрбие
– 
бұл адамдарда қоғам ұсынатын 
әлеуметтік және педагогикалық талаптарға сәйкес жоғары азаматтық-саяси
моральдық-адамгершілік, психологиялық және дене сапаларын, мінез-құлық 
дағдысы мен әрекетін қалыптастырудың мақсатты үдерісі.
Тәрбие 

 
шектеулі мағынада 
– 
бұл қандай да бір нақты тәрбие беру 
міндетін шешу; 
тар мағынада
– 
бұл балаларда тұлғаның әлеуметтік-дамыған 
белгілі сапалар, дамыған көзқарастар мен сенімдердің жүйесін қалыптастыруға 
мақсатталған тәрбиелеу қызметі. 
Тәрбие 

 
кең мағынада
қоғамдағы адамның 
жан-жақты дамуы үшін мақсатты жағдай жасау (материалдық, рухани, 
ұйымдастырушылық) түсіндіріледі.
Баланы туу – бұл болашақ тұлғаны тәрбиелеу мен қалыптастырудың ортақ 
ісіне қосылған кішкентай ғана үлес екендігін әрбір тәжірибелі педагог айтып 
бере алады. Жалпы алғанда бала тәрбиесі нағыз ғылымды білдіреді, тәжірибелі 
педагогтер түрлі жас санатындағы балалармен қарым-қатынас туралы жалпы 
түсінікті беретін кітаптар мен оқу құралдарын жазуы тегін емес.
Бала тәрбиесі өте маңызды және жауапкершілігі мол іс, оны орындаудан 
нақты сәбидің болашағы мен жалпы жаңа ұрпақтың қалыптасуы тікелей 
байланысты. Міне, сондықтан ата-аналар баланың тұлғасын қалыптастыруда 
басты рөл атқаратындықтан оларға тәрбиелеудің ерекше талаптарын қоямыз.
Құралда тәрбиенің тұжырымдамалық негіздері және негізгі психологиялық 
әдістер мен қағидалардың сипаттамасы берілген.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет