Советы родителям: «Принципы разумного воспитания детей»


Ата-аналық табыну қағидасы



Pdf көрінісі
бет4/23
Дата22.08.2023
өлшемі408,14 Kb.
#105453
түріМетодические рекомендации
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23
2. Ата-аналық табыну қағидасы
Ата-аналар балада өзі туралы шамадан тыс жақсы түсініктер 
қалыптастырады («Сен ақылдысың! Сұлусың! Басқалардан ерекшесің!») және 
өз қажетіне қарай осылайша айла-шарғы жасайды. «Димаш, сен ең ақылды 
баласың! Анаңның өтінішін орындашы!» немесе «Ботам, сен менің 
ақылдымсың! Үлкендердің айтқанын тыңда!».
Мұндай ата-аналар балаларды шамадан тыс қамқорлыққа бөлейді. Олар өз 



балаларына өте сирек ұрысады, бірақ ең бастысы – оларды нағыз еңбектің 
ауыртпалығынан немесе нағыз қиыншылықтардан барынша қорғаштайды.
Мұндай жағдайда бәрінен оңайы ата-аналық иландыру жүргізу: «Біздің 
Димаш заң факультетіне оқуға барады, ол өте қабілетті», «Димаш бұл жаман 
қызбен кездеспейді, солай ма, Димаш?». Осылай тәрбиелеу нәтижесінде баланы 
өзіндік сезім кернейді, басқа адамдарға залал келтіретін шамадан тыс өзімшіл 
және қанша таңқаларлық болмасын басқа ақылды адамдармен жеңіл 
басқарылады.
Шынында, ол өмірінің соңына дейін түйсіксіз түрде оны барлығы жақсы 
көрген, мәпелеген және ешқашан қарсылық көрмеген балалық шағының 
шарттарын қайталауға ұмтылады.
Мұндай адамдардың проблемасы өмір оларға қатаң сынақтар қойып 
немесе өздігінше бірдеңені жасау керек қажеттілігінен туындайды. Осыдан 
келіп олардың күш-қуаты кемігені байқалады.
Мұндай адамдардың басқалармен қатынасы қолайлы болуы мүмкін, бірақ 
олар өздерін айрықша тәкәппар ұстайды.
3. Ата-аналық менсінбеу қағидасы
Бұл қағиданы басшылыққа алатын ата-аналар балаға немқұрайды қарайды, 
кейде тіпті менсінбеушілікке дейін жетеді.
Осындай ата-аналармен тұратын балалар өмірлік бағдары болмағандықтан, 
өмірдегі орнын әрең анықтайды. Олар қайда бет алу керектігін, не істеу 
керектігін, неге ұмтылу керектігін түсінбейді.
Егер өктемшіл ортада тәрбиеленген балада өктемшіл ата-ана түріндегі 
қандай да бір бағдар болса, мұндай балаларда өмірде тіреніш ететін ешқандай 
бейне жоқ. Олар ата-аналарына жиі айтылмаған жиіркенішті сезінеді. Жоқ, 
мұндай балалар бастапқыда ата-аналарынан мейірімділікті, махаббат пен 
жылылықты күтіп, оған өзі ұмтылуы мүмкін, бірақ эмоционалдық қатаңдық 
немесе немқұрайдылыққа тап болып, ақыр аяғында өз-өзіне келіп тұйықталып 
қалады.
Ата-аналық тәрбиенің үш қағидасын және осыдан келіп туындайтын 
тәрбие стилін қарастыра отырып, балаларды бұлай тәрбиелеуге болмайды деген 
стильді көрсетеді: балаға іс-әрекет дербестігі мен шешім қабылдау еркіндігін 
бермей, шамадан тыс өктем түрде; балаға қиыншылықтарды бастан кешіріп, өз 
әрекетінің салдарын сезінуге мүмкіндік бермей, шамадан тыс қамқорлық 
көрсету түрінде; балаға жеткілікті көңіл бөлмей, жақсы көрмей, шамадан тыс 
немқұрайды қарау түрінде ТӘРБИЕЛЕУГЕ БОЛМАЙДЫ.
Тәрбие процесінде келесі қағидалар анықталған:


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет