Советы родителям: «Принципы разумного воспитания детей»


Баланы демократиялық тәрбиелеу кодексінен»



Pdf көрінісі
бет6/23
Дата22.08.2023
өлшемі408,14 Kb.
#105453
түріМетодические рекомендации
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23
Баланы демократиялық тәрбиелеу кодексінен» 
қысқаша үзінді 
ұсынамыз:

1) Мен өз баламды «ақымақ», «жалқау», «тілазар», «топас» және т.б. деп 
атап, ешқашан жәбірлемеймін.
2) Мен өзімнің нашар көңіл-күйімді, ашу-ызамды немесе агрессиямды 
ешқашан балама шығармаймын.
3) Мен балама ешқашан бұйыра сөйлемеймін, оны күштеп отырып бірдеңе 
(өмірге қауіпті жағдайлардан басқа) жасауға мәжбүрлемеймін.
4) Мен өз балама оның қолынан бірнәрсе келмейді, бірнәрсеге қабілеті 
жоқ, бұл нәрсе оған арналмаған деп ешқашан айтпаймын.
5) Алдын ала баламмен ақылдаспай тұрып, мен оған еш нәрсеге тыйым 
салмаймын.
6) Мен баламмен талқыламай тұрып, отбасындағы маңызды шешімді 
ешқашан өзім қабылдамаймын.
7) Мен балам үшін оның қолынан келетін затты ешқашан жасамаймын, ол 
өтініш білдірсе де мен оған көмектеспеймін.
8) Мен баламды өмірлік қиындықтардан қорғауға ұмтылмаймын, оларды 
ол өзі жеңіп үйренуі керек.



2. Тәрбие процесін ұйымдастырудың педагогикалық мазмұны мен 
формалары
Әрбір қоғамдық-тарихи даму кезеңінде тәрбиенің мақсаты, мазмұны мен 
формалары бойынша нақты тарихи сипаты бар. Ол қоғам өмірінің сипатымен 
және оны жүзеге асыруымен келісілген, сондықтан өз кезеңінің қоғамдық 
қарама-қайшылықтарын білдіреді.
Өскелең ұрпақты тәрбиелеу олардың әлеуметтік тәжірибенің жаңа 
элементтерін игеру арқылы оларды аға буынның қоғамдық қатынастарға, 
қатынас жүйесі мен қоғамдық-қажетті әрекетке араластыру нәтижесі мен 
процесінде жүзеге асырылады. Тәрбиелеу белгілі мақсаттарға бағытталған:

тұлғаның өмірі мен өзіне қатынасын қалыптастыру – 
қоршаған 
ортамен, қоғаммен және басқа адамдармен өз қатынасының сипатын қалай 
білетіндігін, өз дербестігін, интеллектуалдық-танымдық, эмоционалдық-еріктік 
және коммуникативті-мінез-құлықтық ерекшеліктерін дұрыс түсінетіндігін, 
қоғамдағы өз орнын алатындығын білдіреді;

жан-жақты және үйлесімді дамыған тұлғаның қалыптасуы – 
рухани 
байлық пен моральдық тазалықты өзінде үйлестіре білген, денелік тұрғыдан 
жетілген, кез келген мәселелерді шешуге қабілетті және өз жолында кездесетін 
түрлі қиындықтарды жеңетін адамды тәрбиелеу;

әлеуметтік-білікті тұлғаны тәрбиелеу – 
бұл басқа адамдармен өзара 
әрекеттесудің байланысы мен сипатын дұрыс түсініп және бағалайтын, сондай-
ақ олармен тату және жанжалсыз қатынас орната алатын, қоғамдағы 
шиеленісушілік пен түсінбестік көрінісін болдырмайтын адам;

адамды мәдениетке баулу – 
эстетикалық дағдыларды қалыптастырып, 
шығармашылық даралығын дамыту;

азаматтық тұлғаны тәрбиелеу –
бұл өз халқы мен елінің нағыз 
патриотына, әлеуметтік әділетсіздік және теңсіздікпен күресушіге 
айналдыратын патриоттық сезімдер мен әлеуметтік маңызды сапаларды 
қалыптастыру;

дербес дамыған тұлғаны тәрбиелеу – 
адамның қоршаған өмірде 
позитивті өзіндік өзгеру мен өзіндік жетілуге деген қабілеттерін 
қалыптастыруды білдіреді;

тұлғаның санасын дамыту, оның өзіндік анықталуына, жүзеге асуына, 
өзін танытуына көмектесу – жеке-және әлеуметтік-психологиялық сапаларды 
үздіксіз жетілдірудің, қол жеткен жетістіктермен тоқтап қалмаудың өткір 
қажеттілігін сезінуді білдіреді.
Тәрбиенің 4 түрін ажыратады: 
аға буын тәрбиесі, мектептегі-көшедегі 
тәрбие, ата-аналық тәрбие, жалданбалы тәрбие . 
Бұл тәрбие түрлерінің 
әрқайсының өзіндік артықшылықтары мен кемшіліктері бар, маңыздылығына 
байланысты өзіңізге және өз балаңызға қажетін тек Сіз ғана таңдайсыз (1-
кесте). 
 
 
 
 



1-
кесте – Тәрбие категориялары
Аға буын тәрбиесі 
Сіз балаңызды ата-анаңызға бересіз, яғни Сіздің балаларыңызды олардың аталары 
мен әжелері тәрбиелейді.
Артықшылықтары. Баланы кітап оқуға, 
қолөнерге 
баулиды, 
сондай-ақ 
ата-
әжелерінің арқасында сіздің балаларыңыз 
түрлі ас даярлап үйренеді, егер сіздің ата-
анаңыз 
ғаламдық 
желінің 
белсенді 
қолданушысы 
болмаған 
жағдайда 
теледидар мен ғаламтордың ықпалынан 
құтылады. Жақсы жақтары – айналада 
болып 
жатқан 
жағдайларға 
сіздің 
балаңыздың өзіндік көзқарасы болады. 
Мұндай тәрбие түрі сіздің балаларыңызға 
шығармашылық түйсінуге және көптеген 
дүниелерді, жалпы қабылдаған түсінікті 
айрықша 
басқа 
жағынан 
көруге 
көмектеседі.
Кемшіліктері. Тәрбиенің 
бұл 
түрі 
балаларды өз ата-анасынан айырып 
жібереді. Балалар атасы мен әжесіне көп 
бауыр басады, бұл болашақта балалар мен 
ата-аналар 
арасында 
өткір 
қарама-
қайшылықтар туындатуы мүмкін. Сондай-
ақ тәрбиенің мұндай түрі ата-аналар мен 
ата-әжелердің 
арасындағы 
қатынасты 
шиеленістіруі 
мүмкін. Себебі әрбір 
ұрпақтың тәрбиеге деген көзқарасы әртүрлі. 
Кемшіліктері – сіздің балаңыз болуы 
мүмкін техникалық жаңалықтардан кенже 
қалып қояды.
Мектептегі-көшедегі тәрбие 
Тәрбиенің бұл түрі ата-аналары жұмыста көп уақыт өткізетін балаларға тән. 
Сондықтан балалар өзіндік тәрбиеленумен айналысады – өзі қалаған жанмен қарым-
қатынас орнатады.
Артықшылықтары. Мұндай 
тәрбиенің 
артықшылығы – сіздің балаларыңыз ерте 
есейеді, сондай-ақ ерте жастан өзінше өмір 
сүріп үйренеді. 
Кемшіліктері. Баланы бақылау мүмкін емес. 
Сіз балаңыздың нақты осы минутта немен 
айналысып отырғандығын біле алмайсыз. 
Осының салдарынан сіз өзіңізге «Әке мен 
бала проблемасын» тауып алуыңыз мүмкін. 
Ата-ана тәрбиесі 
Тәрбиенің бұл түрі ата-аналар өмірінің көп бөлігін бала тәрбиесіне жұмсайтындығын 
білдіреді. Олар көп уақытын балалармен бірге өткізеді. 
Артықшылықтары. Сіз өз балаңыздың 
қызығушылығын білесіз, олардың мәселесін 
түсінесіз және оларды пайда болу ретіне 
қарай шешіп отырасыз. Сіздің балаларыңыз 
сізге сенім білдіреді және балалармен 
қарым-қатынаста қарама-қайшылықтардың 
туындамауы сіз үшін ең басты бақыт. Өз 
балаларыңыздың өміріндегі басты бедел ол 
– 
сіз. 
Кемшіліктері. Сіздің балаларыңыз толықтай 
сіздің 
көшірмеңіз, 
тіпті 
сіздердің 
қызығушылықтарыңыз да ортақ. Уақыт 
өткен сайын балалармен айтатын әңгіме де 
таусылады. Егер сіз өз балаларыңызбен 
уақыт өткізіп үйреніп алсаңыз, басқа қалаға 
оқуға жіберу қиын, сонымен бірге осындай 
тәрбиенің арқасында ата-аналар балаларын 
балалық шақтағы достарының арасындағы 
кез келген адамнан қызғануы мүмкін. 
Жалдамалы тәрбие 
Сіздің балаңызды бөтен адам тәрбиелеуін білдіреді. Көбінесе бала күтушілерді өз 
талғамыңыз бойынша таңдап алу өте қиын. 
Артықшылықтары. Мансап жасауға деген 
бос уақыттың болуы және егер сіз дұрыс 
бала бағушы таңдасаңыз онда сіздің 
балаларыңыз сенімді жанның қолында 
болады.
Кемшіліктері. Балаларыңыздың 
бала 
бағушымен өзара қатынастарын қадағалай 
алмайсыз және оның балаларыңызға қалай 
ықпал ететіндігін білмейсіз. Сіздің балалар 
сізден бөлектенеді және өз балаларыңызбен 
ортақ тұстарыңыз аз болады.



Тәрбие әдістері мен тәсілдерінің әрекеттілігі баланың психологиясына 
тұрақты түрде тәжірибеде негізделумен шарттастырылған. Тәрбиелеу 
сендіру; 
жаттығу; үлгі ету; жарыстыру; мадақтау; мәжбүрлеу 
сияқты әдістер 
жиынтығын қолдану арқасында қамтамасыз етіледі.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет