Созақ ауданы әкімдігінің білім бөлімінің Т.Әлімқұлов атындағы №14 мектеп интернат-лицейі «Қош келдің, Жаңа жыл!»


Жүргізуші: Ал енді кешіміздің көркін келтіретін Аяз атамыз бен Ақша қарымыз қашан келер екен? (есік жаққа қарайды) Доңыз



бет3/5
Дата31.01.2023
өлшемі37 Kb.
#64030
1   2   3   4   5
Байланысты:
«Қош келдің, Жаңа жыл!» (8-11- сыныптар)

Жүргізуші: Ал енді кешіміздің көркін келтіретін Аяз атамыз бен Ақша қарымыз қашан келер екен? (есік жаққа қарайды)
Доңыз: Асықпаңдар, олар келіп қалады, мен үлгермей қаламын деп асығып озып кеттім, ауыр сыйлықтарын арқалап жете алмай келеді.
3-жүргізуші
Достар мен жақсы хабар естідім.
1-жүргізуші
Ол қандай хабар?
3-жүргізуші
Біз әңгімелесіп тұрғанда Аяз ата мен Ақша қар да, мінекей, келіп қалыпты. Қол соғып, қошемет көрсетіп қарсы алайық.
Балалар: Аяз Ата!
Аяз ата: Амансыңдар ма, балалар! Жаңа жылдарыңыз құтты болсын! Дендеріңіз сау болып, сабақтарыңызды тек қана «4» -пен, «5»-ке оқыңыздар!
Ақшақар: Саламатсыңдар ма, балалар! Орманды көктей өтіп, есікті зорға ашып жеттік-ау! Қандай әдемі, неткен сұлу шырша! Қош келдің, Жаңа жыл! Жақсылықтың нышаны бол, барлық шаңыраққа береке-байлық әкелгейсің!
Аяз Ата: Ал, айналайын, жаңа жыл, келген қадамыңа нұр бітсін. Мынау менің ұлдарым мен қыздарым, мынау халқым саған аманат. Он екі ай бойы бағып қағу сенің мойныңда. Жақсы жыл бол, жаңа жыл!
Аяз Ата:
Армысыңдар,қарақтарым,
Армысыңдар, құлындарым!?
Жаңа жылды алып келдім,
Ақ шырақты жағып келдім!
Сендерге мына балаларым,
Тәтті сыйлық алып келдім!
Олай болса, сендерге сыйлығымды үлестірейін! Ол үшін сендер маған өнерлеріңді көрсетуге тиіссіңдер.
Пошташы Печкин:
-Мінекей, сендерге «Алтын сандық» елінен үлкен кәмпит, тәттілер келді. Бұл сыйлықтар ең көңілді, қызықты, ерекше өнер көрсеткен өнерпаз сыныптарға табыс етіледі.
1-жүргізуші:
Жаңа жылды қарсы алайық бәріміз,
Керемет қой жаңа жылғы әніміз.
Ән айтамыз бәріміз де қуанып,
Жаңа жылдың біз, сіз болар сәніміз- дей келе ортаға 8х/б- сынып оқушыларын шақырайық. (Жаңа жылдық тілек)
2-жүргізуші:
2019 жаңа жыл құтты болсын! Келіп жеткен Доңыз жылы бәрімізге бақ - береке, мол ырыс - дәулет әкелсін! Ертегіге елітер осы ғажайып кезеңде барлық асыл армандарыңыз орындалсын! Жаңа Жыл түні өзінің сиқырлы әсерімен сізді қуанышқа бөлеп, алдағы жылыңызға шат - шадыман сәттер, жаңа мүмкіндіктер сыйласын!


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет