3-жүргізуші: Жаңа жылда жарассыншы әніміз,
Әнмен болар бәріміздің сәніміз.
1-жүргізуші: Жаңа жылға жақсы тілек тілейік,
Тату-тәтті, бақытты өмір сүрейік!- дей келе ортаға 10 а- сынып оқушыларын шақырайық. (Жаңа жылдық 5 тілде тілек )
2-жүргізуші: Уа, ағайын, той бүгін!
Думанды басқа қой бүгін.
Бәріміз үшін ойлы күн,
Жаңа жылдық той бүгін,-дей келе ортаға 10 х/б- сынып оқушыларын шақырайық. (Вальс)
3-жүргізуші: Жаңа жылда алдағы
Көңіл өсіп кеңейсін.
Ортақ ойы,арманы,
Жақсы дәстүр көбейсін-дей отырып кешімізді одан әрі жалғастырамыз,ортаға 10 қ/т- сынып оқушыларын шақырайық. . (Би)
Аяз ата: Қарақтарым,шырақтарым!
Мен сендердің өнерлеріңді көрдім,әндеріңді тыңдадым,енді сендерге деп арнайы дайындаған сыйлығымды берейін.
Аяз Ата: Ал, балалар біздің де кететін уақытымыз болды. Келесі жылы қайта көріскенше. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болып басымыздан бақ пен береке кетпесін. Жаңа жылдағы барша армандар мен мақсаттарың орындала берсін. Аман сау болыңдар. (шығып кетеді)
1-жүргізуші:Жүздерің әрқашан жарқын, көңілдерің шат, өмірлерің думанға толы болсын, балалар.
2-жүргізуші: Жаңа жыл шаттығы мәңгілік тарқамасын!
3-жүргізуші:Осымен думанды кешіміз тәмам, әрі қарай би кешімізбен жалғастырайық!