Қиысу - синтаксистік байланыстың көп қолданылатынт
түрі. Қисыу да - сөйлемдегі бағыныңқы мүше басыңқы
мүшенің грамматикалық тұлғасына не грамматикалық
мақынасына қарай тұлғаланады. Мысалы: Мен көрдім ұзын
қайың құлағанын деген сөйлемде мен көрдім –қиыса
байланысқан сөздер. Онда мен деген бастауыштың I
жақтық грамматикалық мағынасымен үйлесіп, көрдім
деген баяндауыш та бірінші жақтық жіктік жалғауда
айтылған. Сіздер талапты жеткіншектерсіздер дегенде,
баяндауыш сіздер деген бастауыштың II жақтық
грамматикалық мағынасына жəне –дер деген
грамматикалық тұлғасына қарай, дəл сондай жалғауларда
айтылып қиысып тұр.
Достарыңызбен бөлісу: