Қандағы натрий мөлшерінің 135 ммоль/лінен төмен болуы.
Натрий көп жоғалғанда калийдың жасуша ішінен сыртқа шығуы байқалады. Бұл жүрек бұлшық және тегіс еттердің қызметтерін бұзады.
Көп мөлшерде су жоғалту
Диуретиктерди қолдану
Бауыр циррозы
Жүрек ақауы
тағаммен натрий хлориді аз түскенде
Фосфор алмасуының бұзылыстары.
Гипофосфатемия - қан сарысуында фосфор мөлшерінің азаюы, ол мыналарға байланысты:
а) қалқанша бездерінің гиперфункциясына, бұл кезде, бүйрек өзекшелерінде фосфордың қайта сіңірілуі тежеледі;
ә) Д гиповитаминозына, бұл кезде фосфаттың несеппен бірге шығарылуы күшейген;
б) бүйрек өзекшелерінің алғашқы жеткіліксіздігіне, яғни проксималды, дисталды өзекшелерде фосфордың қайта сіңірілуі бұзылғанда.
Гипофосфатемияда сүйектің минерализациялануы тоқталады, рахит ауруы, сүйек жұмсаруы, сүйек сынғыштығы дамиды.
Гиперфосфатемия деп қан сарысуында фосфор мөлшерінің жоғарылауын айтады. Ол төмендегі жағдайларда байқалады:
а) қалқанша маңы бездерінін гипофункциясы кезінде; бұл кезде фосфордың бүйрек өзекшелерінде қайта сіңірілуі күшейеді, ал өзекшелерге секрекция арқылы шығуы баяулайды;
ә) бүйрек шумақтары бүлінгенде, бұл кезде фосфордың несепке сүзілуі тежеледі, соның нәтижесінде гиперфосфатемия және гипофосфатурия пайда болады.
БҮЙРЕКТІҢ СОЗЫЛМАЛЫ АУРУЫ бар науқастарды жүргізу тактикасы
Нефрологтың амбулаторлық кеңесіне негізгі көрсеткіштер: Алғаш анықталған немесе қайталап тексергенде расталған өзгерістер:
•протеинурия, альбуминурия >30 мг/тәул;
•ШСЖ 60 мл/мин/1,73 м2 -ден аз деңгейге төмендеуі; •қанда креатинин немесе несеп нәрінің жоғарылауы;
•40 жастан кіші немесе 60-тан асқан адамдарда алғаш рет анықталған, емге резистентті артериялық гипертензия.
Артериялық гипертензияны реттеу
Артериялық гипертензияны реттеу
Артериялық гипертензия (АГ) эссенциалды болса да, салдарлық бүйректік болса да ол тек жүрек-қан тамыр асқынуларына ғана емес, сонымен қатар БСА үдеу жылдамдығына да әсер ететіні проспективті зертттеулер жүргізу кезінде дәлелденген [13]. Бұл кезде жасалған тиімді антигипертензивті ем тБЖ даму уақытын сенімді түрде алыстата отырып, маңызды кардиопротекциялық әсер ететін фактор болып табылады
БСА 3б–4-ші сатыларында тиазидтік зәрайдағыштардың әсер ету тиімділігі бірден төмендейді және олардың жағымсыз әсерлерінің (гиперурикемия, уратты криз) даму қаупі жоғарылай түседі. Сондықтан БСА кеш сатыларында ілмектік диуретиктерді тағайындаған дұрыс. Кейбір кальций антогонисттері (дигидропиридинді емес қатардан) қосымша антипротеинуриялық әсер көр- сетеді, ал нифедипин протеинурияны күшейтуі мүмкін. 80% жағдайда АҚҚ мақсатты деңгейіне ААФт мен ұзартылған кальций антогонисттерін (амлодипин) бірге тағайындау кезінде жетудің сәті түседі.