Тұзды қабылдауды шектеу (5 г/тәул артық емес, мүмкіндігінше одан да қатаңырақ шектеу) артериялық гипертензияны адекватты емдеуде при- ниципиалдық маңызы бар, ААФ тежегіштері мен ангиотензин рецеп- торларының блокаторларының антипротеинуриялық әсерін жоғарылатады. Балалар мен ересектерде тұз жоғалтумен өтетін жағдайларды (жиі туа бол- ған) еске алу қажет, бұндай жағдайларда керісінше, мөлшерленген NaCl тағайындау қажет болады. Сонымен қатар, сұйықтық қабылдау деңгейін ба- қылау маңызды, әсіресе, диализдік сатысында. Диализге дейінгі сатысын- да диуретикалық ем алғашында тиазидтермен, кейіннен фуросемидпен жүргізіледі. Тұз бен белокты шектеуден басқа, БСА бар науқастарда емдәм келесі міндеттерге бағынады:
•гиперкалиемияның алдын алу;
•тамақтанудың адекватты құндылығы;
•гиперлипидемия мен гипергликемияны коррекциялау;
•фосфор-кальций алмасу бұзылыстарын реттеу;
•пуриндік алмасу бұзылыстарын реттеу.
Диспансерлік бақылау
БСА-мен науқастарға берілетін жалпы ұсыныстарға мыналар жатады
1. Шылым шегуді доғару.
2. Алкогольді қолдануды шектеу, ер адамдарда 3 бірлікке дейін және әйел- дерде 2 бірлікке дейін.
3. Семіздік кезінде салмақты азайту.
4. Аэробика.
5. Аспирин 75 мг, егер ЖҚТА қаупі болса.
6. Липидтерді бақылау және ұлттық ұсыныстарға сәйкес емдеу
Қорытынды
Су тұз электролит алмасу бұзылыстары организмде ағзалар мен жүйелердің қызметтері өзгеруіне,сонымен қатар гомеостаздың қатты бұзылуына және сол арқылы адам өміріне қауіп төндіруі мүмкін.Су электролит алмасу бұзылыстары адамда түрлі патологиялар есебінен дамиды.Бұл жағдайда міндетті түрде науқасқа плазма алмастырушы ерітінділер құю керек.Бірақ кейбірі науқастарға жанама әсер ететінін естен шығармау керек.