Специальные налоговые режимы для субъектов малого бизнеса и субъектов апк


Бухгалтерлік және салық есебін жүргізу



бет4/4
Дата17.10.2022
өлшемі0,51 Mb.
#43635
түріКодекс
1   2   3   4
Байланысты:
бизнес онай

Бухгалтерлік және салық есебін жүргізу

  • «Бухгалтерлік есепке алу және қаржылық есеп беру туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 2-бабына енгізілген өзгертулер мен толықтыруларға сәйкес 2013 жылдың 1 қаңтарынан бастап жеке кәсіпкерлер, бірмезгілде келесі шарттармен сәйкес келген кезде, бухгалтерлік есепке алуды (бастапқы құжаттарды жасаудан және сақтаудан басқа) және қаржылық есеп беруді толтыруды жүзеге асырмауға құқылы:
  • 1) салық заңнамасына сәйкестікте патент немесе жеңілдетілген декларация негізіндегі арнайы салық режимін қолданады;

    2) ҚҚС (қосымша құн салығы) бойынша тіркеу есебінде тұрмайды;

    3) табиғи монополиялардың және реттелетін нарықтардың субъектілері болып табылмайды.

    Жоғарыда аталған шарттарға сәйкес келетін және бухгалтерлік есепке алуды жүргізу туралы дербес шешім қабылдаған жеке кәсіпкер, осындай шешім қабылданған айдан кейінгі айдан бастап осындай есепке алуды жүргізуге құқылы.

    Аталған салық төлеушілер үшін Салық Кодексіне өзгертулер мен толықтырулар енгізілген, атап айтқанда 56-бапқа – салық есепке алуын жүргізу саясаты бойынша, 77-бапқа – салық регистрларын енгізу бөлігінде, және жаңа 7-1 тарау енгізілді, ол тараудаолардың салық есепке алуын жүргізу ерекшеліктері келтірілген.

Жеңілдетілген декларация негізінде арнайы салық режимін қолдануды тоқтату негіздері:

  • салық төлеушінің ерікті шешімі бойынша – салық өтінішін табыс ету жолымен (салық органымен салық өтініші табыс етілген айдан кейінгі айдан бастап жүргізіледі);
  • қолдану шарттарына сәйкес келмеген жағдайда, салық төлеуші сәйкессіздік туындаған кезеңнен бастап он күнтізбелік күн ішінде салық өтінішін табыс етуге міндетті (аталған жағдайда арнайы салық режимін тоқтату күні сәйкессіздік туындаған айдың алдындағы айдың соңғы күні болып табылады);
  • салық төлеушінің осы режимді қолдану
  • шарттарына сәйкес келмейтіндігі фактісі

    анықталған кезде салық органының шешімі

    бойынша (қабылданған шешім негізінде салық төлеушіні

    оның сәйкессіздік туындаған айдың бірінші күнінен

    бастап жалпыға ортақ тәртіпке ауыстырылатындығы туралы

    хабардар етеді).



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет