9) Қазақстан Республикасы шегінде халықаралық арнайы көрме ұйымдастыру және өткізумен айналысатын ұйымдар.
Арнайы салық режимі келесі қызмет түрлерімен айналысатын жеке кәсіпкерлерге таралмайды: 1) акциздік тауарларды өндіру;
2) акциздік тауарларды сақтау және көтерме сату;
3) мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін сату - бензин, дизельдік жанармай және мазут;
4) лотореялар ұйымдастыру және өткізу (мемлекеттік (ұлттық) лотореялардан басқа;
5) жер қойнауын пайдалану;
6) шиша ыдыстарын жинау және қабылдау;
7) түрлі-түсті және қара металл сынықтарын және қалдықтарын жинау (дайындау), сақтау, қайта өңдеу және сату;
8) консултациялық қызмет көрсетулер;
9) бухгалтерлік есеп немесе аудит облысындағы қызмет;
10) сақтандыру брокері мен сақтандыру агентінің қаржылық, сақтандыру қызметі және делдалдық қызметі;
11) құқық, әділет және сот әділдігі облысындағы қызмет.
Жеңілдетілген декларация негізінде арнайы салық режимін қолдану тәртібі:
Жеке кәсіпкерлер үшін:
салық кезеңінде қызметкерлерінің шекті орташа тізімдік саны, жеке кәсіпкердің өзін қоса есептегенде 25 адамды құрайды;
салық кезеңіндегі (жартыжылдық)
шекті табысы 1 400 АЖТ құрайды,
бұл 2015 жылы 29 909 600 теңге (1400*21364тг.)
Заңды тұлғалар үшін:
салық кезеңінде қызметкерлерінің шекті орташа
тізімдік саны50 адамды құрайды;
салық кезеңіндегі (жартыжылдық) шекті табысы 2 800 АЖТ құрайды, бұл 2015 жылы 59 819 200 тенге (2800*21364тг.).
Салық кезеңі жартыжылдық болып табылады.
Осы шарттарға сәйкес келмеген жағдайларда немесе арнайы салық режимінен өз еркімен шыққан кезде шағын бизнес субъектісі өтініш табыс етілген айдан кейінгі айдан бастап өтініші негізінде салықтарды есептеудің және төлеудің жалпыға ортақ тәртібіне ауысады.