Электрокардиографиялық зерттеу науқаста анықтауға мүмкіндік береді?: Жүрек бұлшық еттерінің ишемиясын
Инсульт кезіндегі бастың ауруы, жүрек айнуы, құсу, естен тану симптомына жатады: жалпы милық
Субдуральды гематоманың жиі кездесетін себебі: бас сүйегінің зақымдануы
Балабақшада 3 жастағы баланың дене температурасы 37,8ºС дейін жоғарлаған, мұрынның бітелуі, бетінің, төсінің, арқасының, аяқтарының терісінде, бастың шаштық бөлігінде мөлдір құрамды сұйықтықты кіші көпіршіктер анықталды. Аңқасы аздап гиперемияланған. Қай ауруды болжауға болады? желшешек
9 жасар қыз қант диабетімен ауырады. Таңертең 20 бірлік инсулин егеді. Инсулин енгізілгеннен кейін мектепке асығып таңғы ас ішпеді. Бірінші сабақта кенеттен конвульсиялар пайда болып, санасынан айрылды. Тері ылғалды, беткей тыныс алу, көзінің қарашығы кеңейтілген, клонико-тоникалық конвульсиялар. сіздің болжамды диагнозыңыз? Гипогликемиялық кома
6 жасар бала. Шағымдары: дене қызуының 38,60 дейін көтерілуі, жұтынғанда тамағының ауыруы, әлсіздік. Аранын (тамағын) қарағанда: қызарған, ұлғайған бадамша бездерінде ақшыл жұқпа бар. Ішкі мүшелер тарапынан өзгеріссіз. Дифтериямен дифференциалды диагностикалық мақсатпен жүргізілетін қосымша зерттеу әдісін көрсетіңіз