Спорт және өнер факультеті



Дата17.10.2023
өлшемі53,58 Kb.
#116769
түріБағдарламасы

Қожа Ахмет Ясауи атындағы қазақ-түрік университеті
Спорт және өнер факультеті

Тақырыбы:
Мектепте графика және жобалау (сызу) пәнін оқытудың тарихы, мақсат-міндеттері, мазмұны мен оқыту ерекшеліктері туралы.
Орындаған: Джубантурлы Айзада
Қабылдаған: Ауелбеков Ержан

Жоспар:
Кіріспе



  1. Графика және жобалау пәнінің мектеп бағдарламасындағы орны

  2. Графика және жобалау туралы жалпы мағлұмат

  3. Сызу курсы техникалық ақпараттарды таратудағы ең ұтымды құрал

  4. Сызу курсына қойылатын талаптар, мазмұны мен құрылымы

  5. Графика және жобалау курсының маңызы мен міндеті

  6. Графика және жобалау пәнін оқыту үдерісіндегі белсенді оқу әдістері

  7. Сызу пәнін оқытуда қолданатын сабақтардың құрылымы

Қорытынды

Кіріспе
Әлем елдері қазіргі таңда техникалық және кәсіптік білімнің қажеттілігін алғашқы орынға қоя бастады. Еліміздегі техникалық даму әрбір адамның жоғарғы деңгейде графикалық сауаттылығымен, мәдениеттілігімен тығыз байланысты. Өндірісті механикаландыру, автоматтандыру және олармен жұмыс істеу үшін адамдардың техникалық сауаттылығын керек етеді. Ал техникалық сауаттылық сол адамдардың сызбаларды еркін оқи да, оларды орындай да білуі екенін ескеру керек. Заман талабына сәйкес бұрынғы сызу пәнін оқыту бағдарламасына кейбір өзгерістер енгізіліп, негізінен техникалық сызбаларға көбірек көңіл бөлінген. Ғылым мен техниканың дамуына сәйкес колледж студенттерінің немесе мектеп оқушыларының графикалық дайындығын жақсартудың керектігі, бұл өмір талабы. Осыған байланысты оку пәндерінің системасында сызу пәнінің алатын орны анықталып, ол өз орнын табу керек. Неғұрлым осы пәнді оқыту әдістемелерін жетілдіріп, оны өмірге дұрыс пайдалана білсек, соғұрлым адамзат тіршілігінін барлық саласында қолданылатын сызбаларды оқушыларымыз оқи да, орындай да алар еді. Қазіргі заманауи ғылыммен, техника мен өнердің орны бөлек. Бүгінгі таңдағы ақпараттық технологияның және компьютерлік графиканың құралдарының дамуы, пішін жасаумен нысандарды үлгілеудің жаңа әдістерін меңгеру және ақпараттарды беру әдістерімен байланысты болғандықтан ғылым да, техника да және өндірістің әртүрлі саласында кеңінен қолданылып жатыр. Қоғамның технологиядан жаңа ақпараттық жүйеге ауысуы мектептегі Сызу оқулығын дайындау мен оқушының жалпы графикалық білімінің мазмұнын іріктеу мен анықтауда жана көзқарасты талап етіп жатыр. Графика сөзінің мағынасы ауқымды, сөздік бойынша графика визуальдық ақпараттарды тіркеу құрамы мағынасында қолданса, профессор М.М.Хасеновтың Графика және жобалау оқу бағдарламасын айқара аша отырып, графика ұғымының нағыз терең мағынасын түсінуге болады.


Сызба дегеніміз нәрсенің немсе ол жасалатын, бақыланатын орнатылатын және жөнделетін бөліктерің графикалық кескінін қамтитын құжат. Сызбаларды дайындау және олардың мазмұны қоғамның дамуына байланысты өзгерістерге ұшырап отырған. Әр алуан нәрселердің кескіні - суреттер, адамдардың қарым қатынас құралы ретінде жазу ойлап тапқанға дейін пайда болды. Сонау ерте замандара адамар жер бетіне тастарға жабайы аңдардың, болашақ құрылыстардың . суреттерін, аң аулауға шығатын жолдарды бейнелеген. Сызбалар туралы алғашқы мәліметтер ХІІ ғасырдың орта кезінен бастап кездесе бастайды. Алғашқы да сызбалар кө мөлшерімен қолменен салынған. Мұндай сыбаларда әрине, өлшемер көрсетілмеді, сондықтан да олар арқылы кескінделген нәрсе туралы тек жуықтап қана түсінік алуға болады. Бұл сызбалар үшін сөзбен тұжырымдалған түсініктемелер қажет болды, сондықтан оларға әртүрлі жазбалар келтірілді. Тұрғын үйлерді, бекіністерді және басқада нысандарды малу барысында план деп аталатын алғашқы сызбалар пайда болды. Бұл сызбалар әдетте, табиғи жағдайда тікелей жер бетінде болашақ крылыстың орнындаорындалды. Кейінірек осындай план сызбаларды пергаментке, ағашқа және кенепке кішірейтілген түрде сызу орын ала бастады. Нәрселерді міндетті түрде масштабты сызбаларда кескіндеу де жүзеге аса бастады. Кеме жасау ісінің тез дамуына байланысты мейлінше дәл және қатаң масштаб сақталған сызбалар қажет болды. Мұнда енді сызбада үш өлшемді кескін салу қолданылды, оның көмегімен кеменің үш өлшемін ұзындығы, ені, биіктігін көрсету мүмкін болды. Графикалық мәдениетті және функционалдың графикалық сауаттылықты қалыптастыру тәсілдері мектептік білімде жүргізіледі және бұл оқушылардың практикалық және шығармашылық іс- әрекеттерінің сәттілігі болып табылады.
Осыған байланысты Графика және жобалау жаңа пәні еңгізіліп, онда ой графика және жобалау терминдік ресурстары оқудың өзегі болып тұйықталады. Оқушылар компьютерлік бағдарламаны меңгеру арқылы, бар нысандарды жобалап қана коймай, олар жобалық-конструкторлық қызметтерді де атқара алатын болады. Курстық жұмысымның мақсаты сызу пәнінің даму тарихымен таныстыру, пән мазмұны мен міндеттері жайлы түсінік беру, оқушының графикалық дүниетанымын дамыту, кеңейту, теориялық білімділікке, техникалық сауаттылыққа және саналы азаматтылыққа баулу.
Графика және жобалау пәнінің мектеп бағдарламасындағы орны
Графика және жобалау пәні туралы жалпы мағлұмат Графика - бейнелеу өнерінің бір жанры. Кескіндеме жанрында түс пен бояу негізгі рөл атқарса, графикада (гр. graphein гр. grapho жазамын) сызықтар, штрихтар, ашық және қара (қоңыр) дақтардың арақатынасы шешуші рөл атқарады, сондай-ақ заттардың ең негізгі белгілері таңдап алынады. Бейне қарындашпен, көмірмен, бормен, қаламұшпен тікелей қағазға түсіріледі немесе арнайы өңделген тақталарға (гравюра) немесе тасқа (литография) бедерленіп, қағазға содан басылады, кейде баспалық-механикалық әдіс арқылы көбейтіледі. Бейнелеу құралдарының қарапайымдылығымен әрі көп таралыммен басып шығаруға ыңғайлылығымен графика бұқаралық байланыс, ақпарат саласында (плакаттар, пошта маркалары, экслибристер, газет-журналдар), кітаптарды, әдеби шығармаларды безендіру үшін, әр түрлі тақырыпқа карикатура, шарж, жалпы нобай, композициялық эскиздер салу үшін, т.б. заттарды көркемдеуде кеңінен пайдаланылады.
Графиканың көп ғасырлық тарихы бар. Батыс Еуропаның Леонардо до Винчи, Микеланджело, Рембрандт, орыс халқының Орест Кипренский, Карл Брюллов, Василий Перов, Илья Репин сынды суретшілері өздерінің графикалық туындылары арқылы әлемдік бейнелеу өнері қорын байытты. Қазақстандағы графикалық суреттердің ежелгі (палеолит дәуірі) үлгілеріне Балқаш, Түркістан, Маңғыстау, т.б. жерлерде жартастарға салынған суреттер жатады. Қазіргі заманғы қазақ бейнелеу өнеріндегі графика 1930-50 жылдары аралығында қалыптасты. Графика өнері каллиграфиямен, жазбамен тығыз байланысты деп табылады. 19 ғ. дейін графика мен сурет түсініктері қатаң ажыратылып қаралды. Графика деп тек баспа техникасымен салынатындарды атаса, суретке қолмен салынатын жұмыстарды: нобайды, нұсқа, т.б. жатқызады. Бұл ұғым суретшілер іс-әрекетінің өте кең және сан алуан шеңберін қамтиды. Живописьтен ерекшелігі сол, графикамен біз барлық жерде кездесеміз. Кітаптағы иллюстрациялар, газеттегі суреттемелер мен карикатуралар, түрлі товарлардың орауыштарын безендіру, көшедегі плакаттар - осының бәрі графика неғұрлым шартты, ол түстер мен формалардың бүкіл байлығын бере алмайды, графика оларды жеңілдете отырып, ең негізгісін таңдап алады. Графика өнерінің живописьпен кейбір белгілері ортақ: онда да жазықтық үстінде бейнелеу орын алады. График, живописьші сияқты, перспективаны меңгеруге, анатомияны білуге, сурет сала білуге тиіс. Бірақ егер живописьте түс және ол жасаған колорит бірінші орында тұрса, ал сурет қажетті, бірақ әйтсе де көмекші роль атқарса, графикада суреттің рөлі шешуші, мұнда ол өнердің дербес түріне айналады.
Ең сараң графика заттардың тек нобайы ғана беретін сызықтық сурет бірақ мұндай сараң сурет те көп нәрсені - адамның типін, характерін, қимылын бере алады. Суретшінің көзбен дәл өлшеуі, мінсіз талғамы және сенімді қолдары сызықтарға болмашы ауытқулар бере отырып, оны аздап жіңішкерте немесе жуандата отырып, оған түрлі характер береді. Форманы пішіндеуге, жарық пен көлеңкені және бір жағынан заттың фактурасын беруге қабілетті штрихтық суреттің мүмкіндіктері үлкен. Графикаға гравюралардың барлық түрлеріне жатады, суреттерден айырмашылығы сол, оларды кеп дана етіп көбейтуге болады. Гравюралар сондай-ақ ақ-қара және түрлі-түсті болады. Түрлі-түсті гравюралар бірнеше тақталардан басылады. Гравюралардан басқа, графика өнерінің тағы бір түрі - литография да көбейеді. Бұл бетіне тікелей сурет салынған ерекше жалпақ тастан басып шығару. - Литография ақ-қара және түрлі-түсті болады. Графикалық өнердің ең көп тараған түрі плакат. Оның түрлері аз емес, бірақ олардың ішіндегі ең бастысы - қоғамдық өмірде елеулі роль атқаратын саяси, үгіт плакаты. Плакаттың аса маңызды ерекшелігі суреттің қысқаша жазумен мағыналық және композициялық жағынан бірігуі болып табылады. Сатиралық графика- карикатура да бүгінгі өмірде айтарлықтай рөл атқарады. Олармен біз, газеттің немесе журналдың кезекті санын аша отырып, күн сайын ұшырасамыз. Графика үшін тұтас алғанда қолданылған түстің шарттылығы, образдың жалпылығы, әсірелеу мен символика тән.
Графика өнерінде живопись пен скульптурамен салыстырғанда сыртқы ұқсастықтан едәуір ауытқушылыққа жол беріледі. Жоба (лат. алға тастау)- белгілі бір құрылы, механизм, құрылғы, нысан, қызмет түрінің ойластырылған жоспары.
Жобалау - кәсіпорынды, үймеретті, ғимаратты салу немесе оларды жаңғырту үшін қажетті техникалық-экономикалық негіздемеден, сызбалардан, түсіндірме жазбалар мен басқа да материалдардан тұратын техникалық құжаттама (жоба) кешенін әзірлеу, жасалатын нысанның қолданылу саласына байланысты құжаттарды дайындау бойынша қызмет үдерісі.. Елді мекендерді, кәсіпорындарды, құрылыстарды, өндіріс орындарын, т.б. тұрғызу, салу (қайта құру) не жасау үшін пайдаланатын техникалық-экономикалық негіздеуді, есептеуді, сызбалар, модельдер, түсініктеме жазбалар, т.б. дайындауды қамтиды. Жобалау нысандарды бейнелеу түріне байланысты сызбалық жобалау және көлемдік жобалау болып ажыратылады. Жобалау процесін жылдамдату үшін автоматтандырылған сызғыш құрылғылармен жабдықталған ЭЕМ-і бар автоматтандырылған жобалау жүйелері қолданылады. Графика және жобалау пәні кеңістіктік, қисындық, абстракциялық ойлауды, тұлғаның - шығармашылық қабілеттерін, кеңістіктік қиялын политехникалық және графикалық сауаттылығын дамытатын, жобалау мен конструкциялау әрекеттерімен таныстыратын жалпы білім беретін пән ретінде емес, жалпы білім беретін мектептерде келешекте қолданысқа ие болса, сапалы білімнің саңлақтарын тәрбиелеуге бағытталған үлкен жоба. Графика және жобалау оқу пәнінің мақсаты оқушыларды кескіндер теориясының негіздермен таныстыру және меңгерту, проекциялау және графикалык үлгілеу әдістерінің заңдылықтарын үйрету, жобалау, шығармашылық іс-әрекеттерін дамытуға ықпал ету және графикалык мәдениеттерін қалыптастыру. Графика және жобалау пәні кеңістіктік, қисындық, абстракциялық ойлауды, тұлғаның шығармашылық қабілеттерін, кеңістіктік қиялын политехникалық және графикалық сауаттылығын дамытатын, жобалау мен конструкциялау әрекеттерімен таныстыратын жалпы білім беретін пән ретінде емес, жалпы білім беретін мектептерде келешекте қолданысқа ие болса, сапалы білімнің саңлақтарын тәрбиелеуге бағытталған үлкен жоба.
Сызу курсы- техникалық ақпараттарды таратудағы ең ұтымды құрал Қазіргі кезде, жаңа заманғы, жаңа аппаратуралар мен техниканың бөлшектерін сызбасыз жасау мүмкін емес. Еліміздегі техникалық даму әрбір адамның жоғарғы деңгейде графикалық сауаттылығымен, мәдениеттілігімен тығыз байланысты. Өндірісті механикаландыру, автоматтандыру және олармен жұмыс істеу үшін адамдардың техникалық сауаттылығын керек етеді. Ал техникалық сауаттылық сол адамдардың сызбаларды еркін оқи да, оларды орындай да білуі екенін ескеру керек. Заман талабына сәйкес бұрынғы сызу пәнін оқыту бағдарламасына кейбір өзгерістер енгізіліп, негізінен техникалық сызбаларға көбірек көңіл бөлінген. Енді оқушылардың сызба құралдарын дұрыс пайдалана білуін қалыптастыру, техникалық сызбаларда геометриялық негіздерді игеру ғана емес, кейбір қарапайым заттардың сызбаларын оки да, орындай да білуін мақсат етіп қою болып отыр. Ғылым мен техниканың дамуына сәйкес, орта мектеп оқушыларының графикалық дайындығын жақсартуды керектігі, бұл-өмір талабы. Осыған байланысты оқу пәндерінің системасында сызу пәнінің алатын орны анықталып, ол өз орнын табу керек.
Сызу - техника тілі болғандықтан, казіргі заманғы өндірістің негізгі, заңдылықтарын түсінуде аткаратын кызметі орасан зор. Күн сайын заводтарда әр түрлі бұйымдар, ұшақтар, тұрмыстық бұйымдар, т.б. нәрселер жасалып жатыр. Бұлардың бәрін сызбасыз жасап шығару мүмкін емес. Сызбалар бойынша машиналардың тетік бөлшектерін дайындап, дайын бөлшектерден күрделі машина механизмдерін құрастырады. Сызу техникада ғана керек емес. Біздің заманымызға сай кез келген мамандық иелерінің үнемі серігі болып табылады. Біз бұл құбылысқа көңіл бөле бермейміз. Тек кана, неге мұндай?, неге сондай?, неге қисық?, неге түзу? т.б. осындай сұрақтар туындағанда ғана, сол сұраққа жауап іздеп шытырман сызықтар, өлшемдерді қағаз бетіне қалай түсіргенімізді білмей қаламыз. Бұл сызу. Демек, техниканың дамуының тілі. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев өз Жолдауында айтқандай: "Болашақта өркениетті дамыған елдердің қатарына ену үшін заман талабына сай білім қажет. Қазақстанды дамыған 50 елдің қатарына жеткізетін, терезесін тең ететін білім" Елбасының осы сөздерін негізге ала отырып сызу пәніне қажетті мәлімет келтірейін. Бұрын ата-бабаларымыз өте өнерлі, дарынды болған. Қазақтың ағаш өңдеу өнерінде ағаш ұсталары керемет бұйымдар жасаған. Ұлттық ою-өрнегін бедерлеп асадал, ағаш төсек, кебеже-сандық, бесігін жасап қажетінше жиһаздарды пайдаланған. Жиһаз адам өміріндегі қажеттіліктің бірі болғандықтан қазіргі кезге дейін және үнемі қолданыста болады. Бүгінгі күні елімізде жиһаз жасау өнері өкінішке орай төменгі деңгейде. Халық көздің жауын алар жиһаздарды шет елдерден әкелуде. Елімізде мұндай кәсіпке оқытатын және дамытатын жоғарғы оку орындары жоқ. Егер де арнайы мамандар оқытылатын жоғарғы оқу орындары болса, сол оку орындарына түсуге қызығатан дарынды оқушылар болар еді. Ал біз мұғалімдер мектеп қабырғасынан бастап оқушыларға бағыт-бағдар беріп оқытып, білімдерін дамытып еліміздің жаңа дамуына жол ашуына ықпал жасар едік.
Сызу курсына қойылатын талаптар, мазмұны мен құрылымы
Графика және жобалау курсының маңызы мен міндеті Жалпы білім беретін орта мектептердегі сызу пәнінің орны мен ролін анықтау үшін аздап болса да оның пән есебінде оқытудың даму тарихымен танысқанымыз жөн сияқты. Бұл пәнді мектеп бағдарламасына енгізуге қандай қиындықтар, қандай кедергілер болды? Осы жағдаймен танысып, зерттеп болған соң барып, сол кездегі жақсы тәжірибелер мен қателерді ескере отырып, осы кезеңдеп мектеп оқушыларының сызу пәнін ойдағыдай меңгеруі үшін қалай оқыту керек екенін анықтай аламыз. Қазақстандағы мектептердің негізгі бағыты революцияға дейінгі және одан кейінгі кезеңдегі Ресей мектептерінің бағдарламасына сәйкес құрылғанын ескере отырып, сол революцияға дейінгі Ресей мектептерінің бағдарламасына сүйенсек, сызу пәнінің мектеп бағдарламасына енуі ХVІІІ ғасырдан басталады екен. Сызу пәні алғашқы кезде, негізінен, тау өнеркәсіп (горнозаводские) мектептерінде, гимназияларда өткізіле бастаған. Оқу пәні есебінде сызу геометрия класына еңгізілген. Бұл пәнмен жүйесінде өтіле бастаған. Ол кезде жалпы сызу пәнін оқытуға барлығы 60 сағат бөлінген. 1802 жылы Ресейде халық ағарту министрлігі құрылып, білім берудің бірыңғай жүйесінің ережесі бекітілген. Гимназия оку бағдарламасындағы сызу пәні сабақтары гравюралық және фотографиялық фигуралар мен денелер геометриялық перспективалық түрінде оқылған. Сол кездегі оку ережелеріне сәйкес Ресей мектептерінде сызу пәні 1828 жылдан бастап нақты жолға қойылған. В.И.Курдюмов (1853-1904) пен Н.А. Рынин (1877-1942) жазған ғылыми жұмыстары мен сызу және сызба геометрия оқулықтары сызу пәнін оқытудың әдістемелерін жетілдіруге, оны жақсартыға көп көмегін тигізді.
Графика және жобалау пәнінің міндеттері: 1. оқушылардың графикалық кескіндердің жетекші қызметін оның таным құралы, визуальдық (графикалық) ақпараттарды тасымалдау құралы ретінде түсінулеріне, проекциялау әдісітерінің заңдылықтарын білуге, ақпараттарды жасау, сақтау, тасымалдау және өңдеу (қолдың, компьютерлік) құралдары туралы түсінігінің болуына ықпал ету; 2. таңбалық қызметтердің әр түрлерінің қалыптасуымен байланысты, оқушылардың зияткерлік іс-әрекеттерін кеңейту мен дамытуға; 3. оқушылардың графикалық үлгілеу әдістерін меңгеруіне; 4. әрқилы түрлерінде қолданылатын графикалық үлгілеу әдістерін, акпараттарды кескіндеу мен оқуды меңгеруге; олардың эстетикалық талғамын дамытуға жағдай жасау; 5. оқушылардын бейнелік (кеңістіктік), қисындық, абстракциялық және шығармашылық ойлауларының дамуына; 6. техникалық және көркем жобалау (дизайн) өрекеттерін орындау іскерліктерінің дамуына ықпал жасау. Оқу пәнінің мазмұндық құрамы келесідей бес білім беру жолы бойынша анықталады:
1. Ақпараттарды визуализациялаудың графикалы жүйелері, әдістері, тәсілдері мен құралдары;
2. Кескіндер. Графикалық кескіндердің типтерімен түрлері. Кескіндерді түрлендіру;
3. Графикалық үлгілеу. Пішін және пішім жасау. Конструкциялау:
4. Жобалау. Жобалау әдістері. Жобалау графикасы;
5. Компьютерлік (машиналык) графика. Автоматтандырылған жобалау жүйелері (АЖОЖ).
Мұндай өзгешеленген оқыту түрі, оқушылардың шығармашылық интеллектісін байытады, олардың кеңістіктік ойлауын дамытады, ойлау және таным құралы ретінде, сызбаның алғашқы фундаменталды қызметтері туралы елестетулерімен дүниеге көзкарастарын кеңейтеді. Болашақ Қазақстанның өркендеуіне үлес қосатын, азаматтарды дайындау үшін, бұл пәннің орны ерекше. Оқушылардың алған білімді терең меңгеруі сурет салудан басталғандығын мойындай отырып, кез-келген білім ордасында 1-5 сынып аралығында бейнелеу өнері сабағымен, оқушылардың сурет салу қабілетін, дағдысын, іскерліктерін қалыптастыра отырып, олардың болашақ мамандықтарын таңдауға еш күмән болмайтындай дәрежеге жеткізу үшін барша амалдар қолданылу керек. Графика және жобалау сабағы студенттердің логикалық ойлану қабілетін арттыру, көру, қадағалау, оларды салыстыру, талдау, синтездеу қабілетін қалыптастыруға бағытталу керек. Бағдарлама әрбір сабакка оку материалдарын тиянақты дайындап, олардың студенттерге көп салмақ түсірмейтін жағы да қарастырылуы керек. Қоғамның даму жолындағы өндіргіш күштер мен ғылыми техникалық прогрестің өсуі техникалық мамандарды дайындауға жоғары талаптар қояды. Техникалық білімдерін жан-жақты терең игерудің мақсаты, сызба түрлерін практика жүзінде орындай алуы мен қатар ауызша оқи алуы жетістіктері, графикалық сауаттылық екендігін түсіну керек. Графика және жобалау пәнінің оқу бағдарламасының негізінде пәннің әрбір тарауы бойынша шығармашылық жұмыстар енгізіп, графикалық іс-әрекетті оқу шығармашылығымен байытуды іске асыру идеясы жатыр. Сол мақсат үшін дидактикалық құрал ретінде оқушылардың жобалау ісәрекеттеріне жалпы дайындығын дамытатын және ойлау амалдарын жоғарырақ деңгейдегі тапсырмаларды шешуге бағыттауды қамтамасыз ететін арнайы пропедевтикалық тапсырмалар қызмет етеді. Оларға техника, сәулет өнері және дизайн салаларындағы жобалау іс-әрекет элементтері бар тапсырмалар кіреді.
Қорытынды
Қазіргі таңда еліміздің даму қарқыны белсенді түрде келе жатқанда білім берудің жаңа әдістерін меңгеріп, білім сапасын дамыту мақсатында әр бір мұғалімнің міндеті болу керек. Жаңа заманға сай жаңа технологияларды меңгере отырып білім беру барысында нәтиже көрсете алуымыз керек. Балалардың қабілеттерін тез дамыту үшін олардың айналасындағы қол жетімді заттарға сызбаларды көбірек енгізсек тақырып пен графикалық сызбаларды тез түсінеді. Сызу пәніндегі тақырыптарға байланысты балалардың күнделікті көріп жүрген тұрмыстық заттар мен оку құралдарының заттарына қарап сызбаларды орындаса және осы сызбаларды карточка арқылы таратып сызғызғанда балалардың тақырыпты тез түсініп, графикалық сызбаларды қызыға орындағанына көзіміз жетеді. Осы сызбаларды орындап болған соң күрделі сызбаларды орындауға қабілеттері тез жетеді. Әр тақырыпты жақсы меңгерген оқушы шығармашылық жұмыспен айналысып ойлау қабілеттері мен білімдері одан әрі дамиды. Өз дарындылығын көрсете алады. Осы зерттеу барысында жақсы нәтижеге жеттім және сызу курстары жаңа заманға сай қажетті сызбалар екеніне толык сенемін.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет