Техниканың көлеміне жасалатын бақылау Техниканың көлеміне спортшының машықтану жаттығуларында және жарыстарда орындайтын қимыл - әрекеттермен жалпы санымен анықталады.
Техниканың жарасу көлемі варияциялы және қарсыласының квалификациясына, сайыс тактикасына және тағыда баска жағдаларға тәуелді. Мысалы, жоғары лиганың футбол командасының ойыншылары орындайтын ойынның оптимальды көлемі 600 - 800, ал футболдан Қазахстан кұрама
командасының ойыншылары орындайтын ойынның оптимальды көлемі 800 -900. Қарсыластары әлсіз болса ойын көлемі 1000-нан асып кетеді, ал күштілермен ойнағанда 500 - ге де жетпей қалады.
Спортшы техникасының машықтану көлемі оның потенциалдық мүмкіндіктерін көрсетеді, ал жарысу көлемінің машықтану көлеміне катынасы бұл мүмкіндіктерді жүзеге асыру болып табылады.
Техниканың әр жақтылығына бақылау жасау Спортшының техникалық дайындығының әр жақтылығы спортшы меңгерген қимыл - қозғалыс әрекеттерінің деңгейінің әр түрлілігінен анықталады. Әдетте машықтанудың әр жақтылығы жарыстың әр жақтылылығынан жоғары болады. Бұл жағдай бәсекелесі өзімен тең болған жағдайда спортшының жауапты кездесулерде техникалық тәселдерінің шектеулі санын (кейде бір - екі) пайдалануымен байланысты.
Техниканың тиімділігіне бақылау жасау Спорттық қимыл - козғалыс техникасының тиімділігі оның жеке оптимальды вариантына жақындық дәрежесі бойынша анықталады.
Техниканың тиімділігін көрсететін үш топ бар: абсолютті, салыстырмалы және жүзеге асырылатын. Принципінде аса жоғары нәтижеге қол жеткізуді қамтамасыз ететін қимыл - козғалыс техникасы анағұрлым тиімді деп есептелуі керек. Алайда ол көптеген факторларға, соның ішінде мотивация, дене және тактикалық дайындық деңгейіне және басқа да факторларға тәуелді. Сондықтан спорттық нәтижені техниканың тиімділігіне критерий ретінде пайдалану шектелген.
Бұл үшін көбінесе зерттелген қимыл - қозғалыс техникасын биомеханикалық эталонымен немесе майталман спортшының техникасымен салыстырылып отырады.
Техниканың тиімділігінің әр түрлілігіне баға беру Техникалық шеберліктің тиімділігіне баға берудің үш түрі бар:
Интегралды түрінде жаттығу техникасынын тиімділігі тұтас күйінде бағаланады. Қаңдай да бір спортшының техникасы жетілмеген жағдайда техниканың жүзеге асырылатын тиімділігіне баға беру мысал бола алады, бірақ қателік нақты қай жерден жіберілгені белгісіз болып қалады.
Дифферинциальды түрі жарысу немесе машықтану
жаттығуларының кейбір элементтеріне баға берумен байланысты.
Жинақталған дифференциалдьі түрі - элементтердің әрқайсысының техникасының тиімділігі аныкталғаннан кейін бағалар жинақталады да, спортшының техникалық шеберлігінің жалпы бағасы шығарылады.