Спортшылардың техникалық және тактикалық дайындығына бақылау жасаудың метрологиялық негіздері


Техниканы менгеруге бақылау жасау



бет3/4
Дата13.12.2022
өлшемі94 Kb.
#56956
1   2   3   4
Байланысты:
8 дәріс. Техникалық және тактикалық дайындығына бақылау жасау

Техниканы менгеруге бақылау жасау
Техникалық шеберліктің жетілдірілуі кезең бойынша жүргізіледі, және әрбір кезеңде қимыл - козғалыс техникасының қалай игерілгендігі бақылануы керек. Бұл мақсатқа төмендегі критерийлерді қолданған дұрыс: жаттығулардың нәтижесі және оның биомеханикалық сипаттамалары.
Қимыл - қозғалсты игеру жөніндегі бақылаудын негізгі екі бағытын бөліп көрсету керек: техниканың түрақтылығын анықтау және оның орнықтылығына баға беру. Бірінші жағдайда жеңіске жетуге кедергі келтіретін факторлардың әсері (шаршап шалдығу, көңіл күйдің әсер етуі) мардымсыз болған кезде қимыл - қозғалыс стандартты жағдайларда (көбінесе жүгіріп байқау процессінде, машықтану жаттығуларында өткізілетін бақылау жарыстарында) орындалады. Салыстырмалы түрде жайлы жағдайда орындалған қимыл - қозғалыс кезіндегі нәтижелер тұрақтылығы (вариацилардың аздығы) және негізгі биомеханикалық сипаттамалар олардың меңгерілгендігі жөнінде куә бола алады.
Алайда, спорт тәжірибиесінде техника тұрақсыз болған жағдайда жаксы меңгерілген қимыл - қозғалыстың қожарып кететін жағдайлары да кездесіп тұрады. Меңгерілген қимыл - қозғалыс техникасының тұрақтылығы жауапты жарыстарда көңілі алабұртып тұрғанда, спортшының шаршаған кезінде, қарсыласының белсенді қарсы әрекеті кезінде, сыртқы жағдайлар өзгергенде оның тиімділігінін азаю дәрежесімен анықталады.
Спорт тактикасына бақылау жасау
Спорттық сайыстарда жүргізу тәсілдерінің жиынтығы тактика деп аталады. Тактикалық жүрістер: техникалық - тактикалық кимыл - қозғалыстар, сондай - ақ қарсыласына психологиялық әсер ету тәсілдері, позиция таңдау және өз ойын жасыру тактиканың элементтерә болып табылады. Тактикалық жүрістер комбинациялары тактикалық варианттар деп аталады.
Тактикалык шеберліктің сандық көрсеткіші
Мұндай көрсеткіштердің бес түрлі тобы бар. Бұл көлемнің, әр -жақтылығы, ұтымдылықтың тиімділіктің және тактиканы меңгерудің көрсеткіштері:

  1. Спортшы немесе команда меңгерген тактикалық жүрістер мен варианттар қатары тактиканың жалпы көлемі деп аталады.

  2. Тактиканың әр жақтылығы спортшының немесе команданың тактикалық арсеналаның қаншалықты әр алуан екендігін кәрсетеді.

  3. Ұтымдылық нақтылы спортшыға қатыссыз тактикалық жүрісті сипаттайды.

  4. Тактиканың тиімділігі нақтылы спортшының тактикалық шеберлігін сипаттайды. Жеке оптимальды вариатқа жуық болған сайын тактиканың тиімділігі де артады.

  5. Тактикалық вариаттардың тиімділігіне бақылау жасаудың карапайым әдісі жекелеген техникалық - тактикалық әрекеттердің нәтижелілігіне жасалған бақылау мен сәйкес келеді. Идеалында әрбір тактикалық тәсіл табысты орындалуы керек. Сондықтан да қайсы бір тактикалық варианттың табысты қолданылуының проценті ретінде анықталады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет