Спортсмен тұлғасының психологиясы Орындаған: Сеитов Данияр



Дата18.05.2023
өлшемі87,42 Kb.
#94437

Спортсмен тұлғасының психологиясы

Орындаған: Сеитов Данияр

Группа: ФКС21/5


Ұлы педагогтардың еңбектерінен жас педагогтар үшін ақыл-кеңес, өсиеттерді жинастырыңыз.

Адам қажырлы еңбегімен табиғатты өзгертсе мұғалім жалпы жасампаз еңбегімен жаңа адамды қалыптастырып, дамытып, жетілдіріп өмірге дайындайды. Оқушыларын тек біліммен қаруландырып қана қоймай, назарын, білгендерін жадында сақтауға, қабілетін, ойлауын, тіл шеберлігін ұштауға, дүниеге деген құштарлығын, өмірге деген көзқарасын дұрыс қалыптастырып, ықыласын, сенімін, төзімділігін, іскерлігін, ізденімпаздығын тағы басқадай танымдық қасиеттерін жетілдіріп, адамгершілігі мол азамат етіп тәрбиелеуді өзінің өмірлік мақсаты, ізгілік мұраты деп санайды.

«Талант» деген сөзді әркім әр түрлі ұғынуы мүмкін. Талант көбіне, ақын – жазушыларда, әртістерде, өнер адамдарында кездеседі. Ал, «мұғалім болу – талант па, ол әркімнің қолынан келе бермей ме?» - деген сұрақ туады. Ұстаздың барлығы талантты болып тумайды. Егер кез келген мұғалім ынта – ықылас қойып, табандылық танытатын болса, өз бетімен көп еңбектенсе, идеялық жағынан сенімді, саяси жағынан есейген азамат болса, өз пәнін жақсы білсе, оқытудың әдістемесін меңгеріп, бала психологиясын жете білсе, педагогикалық техниканы қалыптастыра алса, педагогикалық шеберлікке жету қасиеттеріне ие бола отырып, педагогикалық кәсіпті меңгерсе, педагогикалық әдепті бойына сіңірсе, онда талантты, шебер ұстаз бола алады.

Педагогикалық шеберлік – ұстаздық талантпен тығыз байланысты. К. Д. Ушинский: «Педагогика теориясын қаншама жетік білгенмен, педагогикалық әдептің қыр-сырын меңгермейінше, бұған оның қолы жетпейтіндігін», - айтады. Педагогикада кәсіби қызметтің сапасын анықтайтын біртұтас әрі жүйелі түсінік «педагогикалық шеберлік» болып табылады. Орыс тілінің сөздігінде «шеберлік белгілі саладағы өнер деп анықтама берілген, ал шебер өз ісінде өз ісінде жоғары нәтижеге қол жеткізген маман» делінген (С. И. Ожегов, 1990). Педагогикалық шеберлікті адамның педагогикалық жұмысындағы жоғары өнерге қол жеткізген 16 ерекше қалпы ретінде қарастыра отырып , оның кәсіби қызметтік және тұлғалық тұрғыдан өзіндік өлшемі бар екенін ескеру керек.

Н. К. Крупская (1960) 1932 жарыққа шыққан «Мұғалім туралы» деген мақаласында «үлгілі мұғалімнің мерилі» ретінде төмендегі критерийлерді анықтады: мұғалім өз пәнін, әрбір оқушыны, еңбекті ұйымдастырудың ғылыми негіздерін білуі керек, оқушының қабілетін оята білуі, оқытудың әдістемесін меңгеруі, оқу мен тәрбие жұмыстарын ұштастыра білуі, беделді бола білуі қажет.

В. А. Сухомлинсий (1981) бұл түсінікке нақты анықтама бермейді, дегенмен, ол педагог тұлғасы тәрбиеленушіні тәнті ететін, өзіне тарта білетін, рухтандыратын болуы керек деген пікір айтады. Ол : «Идеалдар мен қағидалардың, көзқарастары мен талғамының, симпатия мен антипатияның, моральдық-әдептілік қағидаларының педагогтың сөзі мен ісіндегі гармоналды тұтастығы – міне, осындай қасиеттер жалындаған жас ұрпақтың жүрегіне жол табатын шоқ жұлдыз болады» дейді.

А. И. Щербаков (1968) педагогикалық шеберлік – мұғалімнің ғылыми, әдістемелік өнерінің, білігі мен дағдысының, жеке қасиеттерінің үндесіп, үйлесуі деп санайды. Мұндай үйлесімді тұтас әдістемелік өнер тек шығармашылықпен ғана туындайтыны айдан анық. Бұл өнердің негізгі атрибуты – өз жұмысын үлкен жауапкершілікпен орындау дейді. Ю. П. Азаров (1971), тәрбиешінің шеберлігінің маңызы туралы айта келіп, оның мәнін төмендегіше ашады: «педагогикалық шеберліктің негізі бала тәрбиесінің заңдылығын білу болып табылады» дейді.

Н. В. Кузьмина (1972, 1980) шеберлікті маманның өз жұмыс жағдайын зерттеп, зерделей білуі, кәсіптік міндеттерін оңтайлы шешу үшін кәсіби біліктілікті меңгеруі деп анықтайды. Н. В. Кузьминаның пікірінше (1980), педагогтың кәсіби шеберлігі тәжірибе мен оқу міндеттерін шеше білуді жоғары деңгейде меңгеру. Бұл жалпы еңбек пен жалпы интелектуалдық білік қалыптасқанда ғана жеткілікті биік дәрежеге ие болады (талдау, синтездеу, жалпылау, ауыстыру, нақтылау саласында). Ю. К. Бабанский (1989) «мұғалім – кәсіби технологияны еркін меңгерумен, шығармашылығымен бала оқытуда және бала тәрбиелеуде ерекше шебер» деп көрсетті.

Н. В. Кухарев (1990) мұғалімнің белгілі дәрежедегі педагогтық шеберлігін қарастырудың дұрыстығын айта кетіп, оның шеберлігі психологиялық- педагогтық дайындығының жоғары деңгейіне негізделуі шарт дейді. Павлютенкованың ойынша (1990), мұғалімнің кәсіби шеберлігін төмендегі компоненттер құрайды: а) тұлғаның мотивациялық саласы; ә) операциялық-техникалық саласы (интегралдық бірігу, жалпы арнайы білім мәнділігімен сипатталады); б) тұлғаның өзінөзі тануы.

болашақ ұстаздың педагогикалық мамандыққа өзін-өзі бағыттап, жұмысты ұйымдастыруы педагогикалық шеберлік негіздерін білумен шарттас. Бұл саланы зерттеуші ғалымдардың пікірінше педагогикалық шеберлік мынадай жүйелерге бөлінеді: - педагогикалық іс-әрекеттегі гуманистік бағыттылығы; - педагогикалық кәсіби білгірлігі; - педагогикалық іс-әрекетке бейімділігі; - педагогикалық техникасы. Бұл аталған педагогикалық шеберлік жүйелері бір-бірімен тығыз байланыста жүзеге асады.

НАЗАРЛАРЫҢЫЗҒА РААХМЕЕТ!!!



Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет