Справочник по птицам Казахстана Қазақстаң құстарының қысқаша анықтамасы В. В. Хроков, С. Л. Скляренко



Pdf көрінісі
бет4/13
Дата18.01.2017
өлшемі10,53 Mb.
#2161
түріСправочник
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13

Речная крачка    Өзен қарқылдағы

Common Tern    Sterna hirundo 

Размером с дрозда. Основная окраска белая, верх тела сизый, шапочка 

черная. Ноги короткие, клюв острый, крылья длинные и узкие. Об-

ладает  быстрым  маневренным  полетом.  Питается  мелкой  рыбой  и 

водными  беспозвоночными.  Широко  распространена.  В  кладке  2-3 

яйца. Перелетная птица, зимой встречается на Каспии и по югу ре-

спублики.

Дене  мөлшері  сайрауықтай.  Негізгі  реңі    -  ақ,  арқасы  көгілдір, 

телпегі  қара.  Аяқтары  қысқа,  тұмсығы  үшкір,  қанаттары  ұзын 

және  енсіз.  Шапшаң  мәнерлі  ұша  алады.  Майда  балықтар  және 

су  омыртқасыздарымен  қоректенеді.  Қазақстанда  кең  тараған. 

2-3  жұмыртқа  салады.  Жыл  құсы,  Каспий  теңізінде  және  

республикамыздың оңтүстігінде қыстайды.

Белокрылая крачка    Аққанат  қарқылдақ

White-winged Tern    Chlidonias leucopterus 

Размером со скворца. Весной туловище снизу черное, крылья снизу 

черно-светло-серые,  сверху  почти  белые;  осенью  окраска  однотон-

ная серовато-белая; близкий вид, черная крачка (Chlidonias niger) – 

снизу тоже черная, но со светло-серыми и снизу и сверху крыльями. 

Гнездится колониально в водно-болотных угодьях северной половины 

Казахстана. В кладке 3 яйца. Питается водными насекомыми и мелкой 

рыбой. Перелетная птица. 

Дене  мөлшері  қара  торғайдай.  Көктемде  денесінің  асты  қара  түсті, 

қанаттарының асты – қара-ақшыл-сұр, үсті - ақ; күзде біртұтас - ақшыл 

сұр; жақын түр - қара қарқылдақтың (Chlidonias niger) асты – қара, 

бірақ қанаттарының үсті мен асты ақшыл-сұр. Қазақстанның солтүстік 

жартысындағы  сулы-батпақты  жерлерде  шоғыр  құрып,  ұялайды. 

3  жұмыртқа  салады.  Су    насекомдары  және  майда  балықтармен 

қоректенеді. Жыл құсы.

33. 

34. 

35. 

34

35 ad



35 ad

35 


33 ad

33 ad

33 

33 


sad

sad

sad

40

41

Птицы водно-болотных угодий



Сулы-батпақты жерлердің құстары

Обыкновенный зимородок    Зымыран

Common Kingfisher    Alcedo atthis 

Мелкая птица (с воробья) плотного телосложения с крупной головой 

и длинным острым клювом. Очень ярко окрашен в голубые, зеленые, 

красные и белые тона. Живет на реках с чистой водой. Питается мел-

кой рыбой и водными беспозвоночными, ныряя за ними в воду. Гнез-

дится в береговых обрывах, где роет глубокие норки. В кладке 5-7 

яиц. Перелетная птица. 

Майда  (үлкендігі  торғайдай)  дене  бітімі  тығыз,  басы  үлкен  және 

ұзын үшкір тұмсықты құс. Өте қанық көгілдір, жасыл, қызыл және ақ 

түске боялған. Суы таза өзендерде тіршілік етеді. Майда балық және 

су  омыртқасыздарымен  олардың  соңынан  суға  сүңгіп  қоректенеді. 

Жағалаудағы жарларда терең ін қазып ұялайды. 5-7 жұмыртқа сала-

ды. Жыл құсы.

Береговая ласточка    Жар қарлығашы

Sand Martin    Riparia riparia 

Мельче воробья. Сверху темно-бурая, снизу белая с бурой поперечной 

полоской на груди. Распространена повсеместно. Гнездится больши-

ми колониями в береговых обрывах. Кладка из 4-7 яиц. Питается на-

секомыми, которых ловит в воздухе у водоемов. Перелетная птица.

Торғайдан кіші. Арқасы қара көкшіл-сұр, денесінің асты ақ, төсінде 

көлденен көкшіл-сұр жолағы болады. Барлық жерде тараған. Үлкен 

шоғыр  құрып  тік  жарларда  ұялайды.  4-7  жұмыртқа  салады.  Насе-

комдарды суқоймаларының үстінде ұшып жүріп  аулап, қоректенеді. 

Жыл құсы.



Желтая трясогузка    Сары қаратамақ (Наурызек)  

Yellow Wagtail    Motacilla flava

С воробья размером. Весь низ тела ярко-желтый, спина зеленая, го-

лова  серая.  Гнездится  в  северной  половине  Казахстана,  на  пролете 

встречается  повсеместно.  Кладка  из  4-6  яиц.  Насекомоядная  пере-

летная  птица.  Вместе  с  желтой  трясогузкой  можно  встретить  тоже 

окрашенных в желтые и серые тона черноголовую (Motacilla feldegg, 



голова черная)желтоголовую (M. citreola, голова желтая) и горную 

(у самцов горло черное).

Дене  мөлшері  торғайдай.  Дененің  асты  ашық  сары,  арқасы  жасыл, 

басы сұр түсті.  Қазақстанның солтүстік жартысында ұялайды, ұшып 

келу және қайту кезінде барлық жерде кездеседі. 4-6 жұмыртқа сала-

ды. Насекомқоректі, жыл құсы. Сары қаратамақпен бірге сары және 

сұр түске боялған қарабас (Motacilla feldegg, басы қара)сары бас 



(M  citreola,  басы  сары)  және  көкала    (аталығының  тамағы  қара) 

қаратамақтарды кездестіруге болады.



36. 

37. 

38. 

36

37



38

42

43

Птицы водно-болотных угодий



Сулы-батпақты жерлердің құстары

Тростниковая камышевка    Қамыс айқабағы      

Eurasian Reed-warbler    Acrocephalus scirpaceus

 

Изящная  подвижная  птичка,  размером  мельче  воробья.  Оперение 

рыжевато-бурое с более светлым низом тела. Гнездится в тростнико-

вых зарослях озер почти на всей территории Казахстана. В кладке 3-5 

яиц. Питается насекомыми и их личинками. Перелетная птица.

Сымбатты,  шапшаң  қозғалатың  құс,  дене  мөлшері  торғайдан  кіші. 

Қауырсындарының    түсі  жирен-көкшіл,  денесінің  асты  ашықтау. 

Қазақстанның барлық территориясында көлдердегі ну қамыстар ара-

сында  ұялайды.  3-5  жұмыртқа  салады.  Насекомдар  және    олардың 

дернәсілдерімен қоректенеді. Жыл құсы.



Усатая синица    Мұртты шымшық

Bearded Parrotbill    Panurus biarmicus

Меньше воробья. Второе название – усатка, полученное птичкой за 

широкие  черные  «усы».  Черного  цвета  и  подхвостье,  а  остальное 

оперение имеет рыжевато-охристую окраску под цвет тростниковых 

зарослей, где живет эта птица. Широко распространена. Кладка из 5-8 

яиц. Оседла. Летом питается насекомыми и пауками, зимой – семена-

ми из метелок тростника.

Торғайдан кіші. Аталуы жалпақ қара «мұрттарының» болуына байла-

нысты. Құйрықасты да қара түсті, қалған қауырсындары осы шымшық 

тіршілік  ететін    ну  қамыстардың  түсіндей  -  жирен-сарғыштау. 

Қазақстанда  кең  тараған.  5-8  жұмыртқа  салады.    Қонысын  аудар-

май тіршілік етеді.  Жазда насекомдар және өрмекшілермен, қыста - 

қамыстың сыпыртқы гүлдеріндегі дәндермен қоректенеді.

Тростниковая овсянка    Қамыс сұлыкеші

Reed Bunting    Emberiza shoeniclus

Размером с воробья. Оперение верхней стороны тела  бурое с рыжими 

каймами, у самца голова черная с белыми «усами». Самка бледнее, 

без черных тонов. Распространена по тростниковым озерам. Кладка 

из 5-6 яиц. Питается семенами растений и насекомыми. Перелетная 

птица, но в небольшом числе зимует на юго-западе республики.

Дене  мөлшері  торғайдай.  Арқасы  көкшіл  сұр,  жирен  әдіпті, 

аталықтарының  басы  қара,  ақ  «мұртты».  Аналығы  реңсіз,  қара  түс 

болмайды. Қазақстанның қамысты көлдерінде тараған. 5-6 жұмыртқа 

салады.  Өсімдік  тұқымдары  және  насекомдармен  қоректенеді.  Жыл 

құсы,  бірақ  республикамыздың  оңтүстік-батысында  аздапта  болса 

қыстайды.

                      

39. 

40. 

41. 

39

40



40

41

41



40

sad

44

45

тельные пространства почвы; основную массу растений составляют 



кустарники и полукустарники, а травы занимают подчиненное по-

ложение, тогда как в степях преобладают травы при их дерновинной 

сомкнутости. Еще одна особенность пустынь и полупустынь – оби-

лие эфемеров и эфемероидов, то есть растений, которые появляются 

ранней весной, быстро отцветают, дают семена и к лету уже высыха-

ют. Поэтому облик пустынь изменяется очень резко. Пожалуй, самое 

известное пустынное растение – саксаул, который может расти как 

в виде кустарника, так и в виде небольшого дерева, с довольно тол-

стым стволом, достигая нескольких метров высоты и образуя свое-

образные  саксауловые  леса.  Саксаульники  находятся  под  угрозой 

из-за незаконных рубок. Типичные пустынные кустарники – жузгун, 

песчаная акация. Еще один тип пустынного леса - тугай. Так называ-

ют густые леса вдоль пустынных рек, состоящие из туранги (один из 

видов тополей), лоха (джиды), облепихи, ивы, с кустарниками барба-

риса, чингиля, с участками тростника, часто переплетенные повоем 

и труднопроходимые. Тугайные леса развиты очень локально, по до-

линам рек Или, Каратала, Сырдарьи и некоторых других, и являются 

очень  своеобразным  и  уязвимым  типом  экосистем,  страдающим  в 

первую очередь из-за пожаров и перевыпаса скота, уничтожающего 

подрост деревьев. 

Для  полупустынь  и  пустынь  характерны  следующие  виды  птиц: 

джек,  или  дрофа-красотка,  курганник,  авдотка,  каспийский  и  тол-

стоклювый зуйки, саджа, чернобрюхий и белобрюхий рябки, удод, 

золотистая и зеленая щурки, домовый сыч, саксаульная сойка, серый 

сорокопут, каменки - пустынная и плясунья, пустынная славка, бу-

ланый  вьюрок,  малый  и  серый  жаворонки,  и  другие.  Своеобразно 

население птиц тугайного турангового леса, для которого особенно 

типичны  ястреб-тювик,  буланая  совка,  бурый  голубь,  белокрылый 

дятел, сизоворонка, бухарская синица, саксаульный воробей. 

Птицы степи и пустыни

Зона  степей  в  Казахстане  занимает  около  25%  территории  респу-

блики, располагаясь в полосе между 50-54 гр. с.ш. В растительных 

ассоциациях, наиболее характерных для степи, ведущее место зани-

мают различные виды ковылей и типчак. В степной зоне встречаются 

лесные и кустарниковые массивы. Южнее, в полосе между 48-50 гр. 

с.ш.,  идет  зона  полупустынь,  для  которой  характерно  чередование 

злаковой  растительности  с  полынью  и  солянками.  Растительность 

здесь  уже  более  разреженная.  Типичных  высокотравных  степей  в 

Казахстане  осталось  очень  мало,  потому  что  они  формируются  на 

плодородных почвах и почти все давно распаханы. Именно на месте 

бывших ковыльных степей раскинулись огромные пшеничные поля 

севера  страны.  Сухие  степи  сохранились  гораздо  лучше,  но  и  они 

являются очень уязвимыми; в нашей республике их площадь больше, 

чем в любой другой стране. Казахстанские степи важны для сохране-

ния этого типа ландшафта в мировом масштабе. 

Птицы,  характерные  для  степной  зоны:  журавль-красавка,  дрофа, 

стрепет, кречетка, пустельга, степной лунь, степной орел, перепел, 

а  из  мелких  птиц  –  жаворонки:  степной,  полевой,  черный  и  бело-

крылый.  Некоторые  из  степных  видов  очень  редки  и  нуждаются  в 

охране.

Пустыни  в  Казахстане  занимают  громадную  территорию  –  около 



40% всей его площади. В зависимости от почвы, выделяют четыре 

типа  пустынь:  песчаные,  лессовые  (глинистые),  щебнистые  и  со-

лончаковые.  Для  растительного  покрова  пустынь  характерны  две 

особенности: растения не образуют сплошного покрова, находясь в 

некотором отдалении друг от друга и оставляя непокрытыми значи-


46

47

массасын бұталар мен  бұташықтар құрайды, ал шөптесін өсімдіктер 



аз  болады,  далалы  жерлерде  керісінше  шөптесін  өсімдіктер  басым 

болып келеді. Шөл мен шөлейттің тағы бір ерекшелігі – эфемерлер 

мен эфемероидтардың көп болуы, яғни ерте көктемде пайда болып, 

тез гүлдеп, тұқым беріп, жазға қарай қурап кететін өсімдіктер мол 

болады. Осыған орай шөл бейнесі күрт өзгереді.

Көпшілікке  кең  таныс  шөл  өсімдігі  –  сексеуіл,  ол  бұта  түрінде 

де,  кішігірім  ағаш  түрінде  де,  бағанасы  біршама  жуан,  биіктігі 

бірнеше  метрге  жететін  және  өзіндік  сексеуіл  орманын  түзейтін 

ағаш  түрінде  де  өсетін  өсімдік.  Сексеуіл  ормандары  заңсыз  кесу-

ден жойылып кету жағдайында тұр. Нағыз шөл бұталары – жүзгін, 

қоянсүйек.  Шөл  орманының  тағы  бір  типі  –  тоғай.  Тоғай  деп  шөл 

өзендерін  бойлай  өскен,  тораңғыдан  (теректің  бір  түрі),  жидеден, 

шырғанақтан,  талдан,  бөріқарақат  бұталарынан,  шеңгелден,  қамыс 

өскен телімдерден, жиі гүлшырмауықтармен шырмалған және ара-

сынан ит тұмсығы өтпейтін қалың орманды атайды. Тоғай орманда-

ры өте шашырап орналасқан, Іле, Қаратал, Сырдария және басқа да 

өзендердің аңғарларында  шоғырланған және өзіндік ерекшелігі бар 

экосистеманың  төзімсіз  типі  болып  табылады.  Ең  алдымен  өрттен 

және малды шектен тыс жаюдан қорғау керек, өйткені бұлардан жас 

ағаштар үлкен зардап шегеді.

Шөлейтті және шөлді аймақтар үшін құстардың мынандай түрлері 

тән:  жорға  дуадақ,  тілеміш,  дырду,  сарысағақ  және  қалтатұмсық 

шүрілдектер,  қылқұйрық,  қарабауыр  және  ақбауыр  бұлдырықтар, 

бәбісек,  сары  және  жасыл  боздақтар,  үй  байғызы,  сексеуіл  жорға 

торғайы, сұр тағанақ, шөл және биші шақшақайлар, шөл сандуғашы, 

шөл  құнақ,  кіші  және  сұр  бозторғайлар  және  басқалары.  Тораңғы 

тоғайының    құстарының  да  өзіндік  ерекшеліктері  болады,  бұл  ор-

ман  үшін  мықи,  шөл  жапалағы,  қоңыр  кептер,  аққанат  тоқылдақ, 

көкқарға, сұр көкшымшық, сексеуіл торғайы тән.

Дала мен шөл құстары

Қазақстанда  дала  зонасы  республика  территориясының  25%-на 

жуығын  алып  жатыр,  солтүстік  ендіктің  50-54  градусының  ара-

сында  орналасқан.  Өсімдік  ассоциациясында,  дала  үшін  біршама 

тән,  жетекші  орында  селеу  мен  бетегенің  түрлері  алады.  Далалық 

аймақта  орманды  және  бұталы  массивтер  кездеседі.  Оңтүстікке 

қарай,  солтүстік  ендіктің  48-50  градусы  аралығын  шөлейтті  зона 

алып жатыр, бұл үшін, астық тұқымдасты өсімдіктер мен жусандар 

және сораңдардың кезектесіп орналасуы тән. Бұл жерде өсімдіктер 

біршама сиреген. Қазақстанда биік өсімдікті далалар өте аз қалды, 

өйткені олар құнарлы топырақтарда қалыптасады және бұлар әлде 

қайда  жыртылған.  Бұрынғы  селеулі  даланың  орнында  еліміздің 

солтүстігінде кең-байтақ астық егістіктері бой көтерген. Құрғақ да-

лалар біршама жақсы сақталған, бірақ олар өте төзімсіз болып келеді. 

Республикада  олардың  ауданы  басқа  кез-келген  елдерден  үлкен. 

Қазақстан далалары әлемдік масштабта осы типтес ландшафтарды 

сақтау үшін маңызды.

Далалық зонаға тән құстар: ақбас тырна, дуадақ, безгелдек, тарғақ, 

күйкентай, дала құладыны, дала қыраны, бөдене, ал майда құстардан 

– дала, түз, қара және аққанат бозторғайлар. Кейбір далалық түрлер 

өте сирек кездеседі және жан-жақты қорғауды қажет етеді.

Қазақстанда шөлді аймақ өте үлкен территорияны – еліміздің жал-

пы  ауданының  40%-  ға  жуығын  алып  жатыр.  Топыраққа  байланы-

сты шөлдің 4 типін ажыратады: құмды, сазды, қиыршық тасты және 

сортаңды. Шөл өсімдіктері жамылғысы үшін 2 ерекшелік тән: өсімдік 

жамылғысы тұтастай болмайды, бір бірінен біршама қашық орнала-

сады және топырақ бетін толықтай жаппайды. Өсімдіктердің негізгі 


48

49

Птицы степи и пустыни



Дала мен шөл құстары

Степной лунь    Дала құладыны

Pallid Harrier    Circus macrourus

Хищная  птица  немного  крупнее  вороны.  Оперение  самца  светло-

сизое, самки – рыжевато-коричневое с четко выраженным «лицевым» 

диском и темными пестринами по низу тела. Гнездится в степях се-

верной половины Казахстана. Кладка из 3-5 яиц. Питается грызунами, 

мелкими птицами и ящерицами. Перелетная птица. 

Қарғадан  үлкен  жыртқыш  құс.  Аталығының  реңі  ашык-көгілдір, 

аналығы  -  қызғылт-қоңыр,  басының  алды  домалақ  және  денесінің 

асты  қара  теңбілді.  Қазақстанның  солтүстік    бөлігіндегі  далалы  

аймақтарда ұялайды. 3-5  жұмыртқа салады. Кеміргіштермен, майда 

құстармен және кесірткелермен қоректенеді. Жыл құсы. 

Курганник    Тілеміш

Long-legged Buzzard    Buteo rufinus

Хищная  птица  средних  размеров  (почти  в  2  раза  крупнее  вороны). 

Крылья и хвост широкие. Окраска сильно варьирует, от коричневой 

до светло-рыжей. Хвост и голова более светлые. Часто парит в возду-

хе или сидит на столбах в степи. Распространен в основном в южной 

половине Казахстана. Кладка из 2-5 яиц. Питается преимущественно 

грызунами, чем приносит пользу сельскому хозяйству. Зимует на юге 

республики.

Орташа денелі (қарғадан 2 еседей ірі) жыртқыш құс. Қанаттары мен 

құйрығы жалпақ. Реңі өте күшті - қонырдан ашық жирен түске дейін 

өзгеріп тұрады.  Құйрығы мен басы ақшылдау. Әуеде жиі қалықтайды 

немесе  даладағы  бағаналарда    отырады.  Негізінен    Қазақстанның 

оңтүстік жартысында тараған. 2-5 жұмыртқа салады. Кеміргіштермен 

қоректеніп,  ауыл  шаруашылығына  пайда  келтіреді.  Республиканың 

оңтүстігінде қыстайды.

Степной орел    Дала қыраны

Steppe Eagle    Aquila nipalensis

Крупный орел (до 5 кг) с размахом крыльев более 2 м. Общая окраска 

оперения темно-бурая. От сходных видов, беркута и могильника, от-

личается более коротким хвостом, в общем однотонным оперением и 

темной головой. Гнездится на большей части территории Казахстана. 

Массивное гнездо устраивает на земле или какой-либо возвышенно-

сти. В кладке обычно 2 яйца. Питается грызунами, преимущественно 

сусликами. Перелетная птица.

Ірі  денелі    (5  кг-ға  дейін)  қыран,  қанат  құлашының  ұзындығы  2 

м-ден асады. Жалпы реңі қарасұр-көкшіл.  Ұқсас түрлер, бүркіттен 

және қарақұстан ерекшелігі – құйрығы біршама қысқа, жалпы реңі 

біртүсті, басы қаралау. Қазақстанның  көптеген жерлерінде ұялайды. 

Өте  үлкен  ұяны  жерге  немесе  биіктеу  бір  жерге  орналастырады. 

Әдетте  2  жұмыртқа  салады.  Кеміргіштермен,  көпшілік  жағдайда 

саршұнақтар, қоректенеді. Жыл құсы.

42. 

43. 

44. 

42

42



42

43

44 ad



44

43

sad



50

51

Птицы степи и пустыни



Дала мен шөл құстары

Могильник    Қарақұс

Eastern  Imperial Eagle    Aquila heliaca

Крупный орел с размахом крыльев более 2 м. В переводе с английско-

го – «императорский орел». Общая окраска тела темно-бурая с белы-

ми  пятнами  на  плечах,  верх  головы  светло-охристый.  В  Казахстане 

распространен широко, но всюду редок. Гнездится на больших дере-

вьях. В кладке 1-2 яйца. Питается грызунами, птицами и черепахами. 

Перелетная птица, зимой встречается на юге республики. 

Ірі денелі   қыран, қанат құлашы 2 м-ден асады. Ағылшынша - «им-

ператор  қыраны».  Жалпы  реңі  -  қара-көкшіл,  иығында  ақ  дақтары 

бар, басының үсті ашық қоңыр-қызыл. Қазақстанда кең тараған, бірақ 

барлық жерде сирек кездеседі. Үлкен ағаштарда ұялайды. 1-2  жұмыртқа 

салады.  Кеміргіштер,  құстар  және  тасбақалармен  коректенеді.  Жыл 

құсы, қыста республиканың оңтүстігінде  кездеседі. 

Степная пустельга    Дала күйкентайы

Lesser Kestrel    Falco naumanni 

Небольшой  соколок  (мельче  голубя)  с  длинным  хвостом,  очень  по-

хожий на обыкновенную пустельгу, от которой самцы отличаются 

кирпично-рыжим верхом тела без пестрин и голубоватой головой. Ха-

рактерная особенность поведения, как и у обыкновенной пустельги: 

часто подолгу зависает в воздухе над одним местом, трепеща крылья-

ми. Широко распространена в Казахстане, исключая песчаные пусты-

ни, но немногочисленна. Гнездится среди скал и камней, на обрывах, 

в заброшенных зданиях. В кладке 4-6 яиц. Основа питания – насеко-

мые, редко ящерицы, мелкие грызуны и птицы. Перелетная птица. 

Майда  (кептерден  кішілеу)  сұңқар,  құйрығы  ұзын,  кәдімгі 

күйкентайға өте ұқсас, одан аталықтары  арқасының қоңыр-қызыл 

теңбілсіз  түсімен  және  көкшіл  реңді  басымен  ерекшелінеді.  Мінез 

- құлқындағы ерекшелік кәдімгі күйкентай сияқты  бір орында ұзақ 

қалықтап,  қанаттарын  жиі-жиі  қағып,    әуеде  қозғалмай  тұра  алады. 

Қазақстанда,  құмды  шөлдерден  басқа  жерлерде,  кең  тараған  бірақ 

саны  аз.  Жартастар  мен  тастардың  арасында,  жыраларда,  иесіз 

құрлыстарда ұялайды. 4-6 жұмыртқа салады. Негізгі қорегі – насеком-

дар, сирек кесірткелер, майда кеміргіштер мен құстар . Жыл құсы. 



Обыкновенная пустельга    Кәдімгі күйкентай           

Common Kestrel    Falco tinnunculus 

 

Небольшой соколок общей светло-рыжей окраски с темными пестри-

нами. У самца голова и хвост серые. В Казахстане, особенно в степях, 

распространена  широко  и  многочисленна.  Гнездится  на  деревьях  в 

старых гнездах ворон и грачей, куда откладывает 3-6 яиц. Основная 

добыча  –  мелкие  грызуны  и  насекомые.  Перелетная  птица,  зимой 

встречается на юге республики.

Кішігірім  сұңқар,  жалпы  реңі  ашық-қызғылт,  теңбілдері  жоқ. 

Аталықтарының  басы  мен  құйрығы  сұр.  Қазақстанда,  әсіресе  дала-

лы  жерлерде,  кең  тараған  және  саны  көп.  Ағаштағы  қарғалар  мен 

ақтұмсық  қарғалардың  ұяларында  ұялап,  3-6  жұмыртқа  салады. 

Негізгі жемтігі – майда кеміргіштер мен насекомдар. Жыл құсы, қыста 

республиканың оңтүстігінде кездеседі.

45. 

46. 

47. 

45 ad

45 ad

46

46



46

47

47



45

sad

52

53

Птицы степи и пустыни



Дала мен шөл құстары

Кобчик    Бөктергі

Red-footed Falcon    Falco vespertinus  

Мелкий насекомоядный соколок (размером с галку). Взрослый самец 

темно-сизого цвета с черным хвостом и ярко-рыжими подхвостьем и 

задней частью брюха. Самка буровато-рыжая. Распространен в лесо-

степной части северной половины Казахстана. Гнездится на деревьях, 

нередко образуя небольшие колонии. В кладке 3-4 яйца. Перелетная 

птица. 

Майда насекомқоректі сұңқар (үлкендігі ұзақтай). Ересек аталығының 



түсі  қара-көкшіл,  құйрығы  қара  және  құйрықасты  мен  құрсағының 

артқы бөлімі ашық қызғылт түсті. Аналығының реңі қоңыр-қызғылт. 

Қазақстанның солтүстік бөлігінің орманды дала аймағында тараған. 

Ағашқа,  жиі кішірек шоғыр құрып ұялайды. 3-4 жұмыртқа салады. 

Жыл құсы.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет