сұрақ Ақуыздардың толық емес құрамын растау үшін қандай түсті реакцияларды қолдануға болады?


) Осы дәруменнің биологиялық әсерін сипаттаңыз



бет45/56
Дата01.02.2023
өлшемі167,17 Kb.
#64453
түріҚұрамы
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   56
2) Осы дәруменнің биологиялық әсерін сипаттаңыз.
1.Антиоксидант, мембрана құрамына кіріп, фосфолипидтер құрамындағы көп қанықпаған май қышқылдарын пероксидтік тотығудан қорғайды
2.Каротин мен А витаминінің қос байланысын тотығудан қорғайды
3.Убихинонның синтезін бақылайды,себебі ол митохондрияның негізгі антиоксиданты болып табылады.
4.Тікелей және тікелей емес гипоталамус, гипофиз арқылы жыныс бездеріне әсер етеді.
5. НҚның, гемнің, цитохромдардың синтезін бақылайы
6. организмнің иммундық, қорғаныстық күшін нығайтуға қабілетті иммуномодулятор.
3) Белгіленген белгілерге биохимиялық түсініктеме беріңіз.Е витамині бұлшық ет тонусын және бұлшықеттің жұмқа қабілеттілігін жақсартады, сол себептен Е витамині жеткіліксіздігі кезде жатыр бұлшықетінің әлсіздігінен қайталама түсіктер болады. Е витаминін емдік препарат ретінде қолдану арқылы осындай бедеулікті емдеуге болады.


33-сұрақ


10 жасар қыз жиі өткір респираторлық инфекциялармен ауырады, содан кейін киімнің үйкеліс орындарында бірнеше нүктелі қан кетулер байқалады.
1)Қандай витамин тапшылығы (сөзбе-сөз, химиялық және биологиялық атау) орын алады?
С витамині – химиялық атауы аскорбин қышқылы,биологиялық атауы цингаға қарсы витамин деп аталады.Аскорбин қышқылы өсімдіктерде галактозадан синтезделіп шығарылады.Сол секілді жануарлар тіндерінде глюкозадан синтезделеді.С витамині тотығу-тотықсыздану реакцияларында сутегі атомдарының доноры болады дәне тотығу кезінде дегидроаскорбин қышқылына айналады. С витамині өсімдіктерде галактозадан,ал жануарларда глюкозадан синтезделеді.Тәуліктік қажеттілігі ересектерге 90 мкг,балаларға 30-90 мкг
2)Осы дәруменнің биологиялық әсерін сипаттаңыз. Схемалық реакцияны жазыңыз.
Биологиялық рөлі:
1.Коллаген синтезі кезінде пролин мен лизин қалдықтарының гидроксильдену реакцияларына қатысады
2.Дегидроаскорбин қышқылымен тотығу-тотықсыздану жүйені түзеді.
3.Гидроксилдену реакцияларға қатысады. Бұл реакцияларда цхР450 құрамындағы Fe2+ тотықсызданған күйінде ұстап тұруға С витамин қажет.
3.Гексокиназа,амилаза,аргиназа ферменттерінің активтілігін арттырады
4.Фенилаланин,тирозин,липидтердің тотығу процесіне қатысады
5.Ферритин белогынан темірдің бөлініп шығуын тездетеді
6.С витамині антиоксиданттық роль атқарады- токоферолдың бос радикалдарын тотықсыздандырады
Авитаминозы :

  • Цинга немесе скорбут ауруы – капиллярлардың өткізгіштігінің жоғарылауы

  • Қызыл иектің қанауы, тістердің босауы, байламдардың ісінуі

  • Тез шаршау, жұқпалы ауруға төзімділіктің төмендеуі

  • Теріде көгерген аймақтар пайда болады, анемия болуы мүмкін.

  • Қызыл иектің көп қанауы,тістер босап түсе бастауы

  • Сүйектер морт сынғыш күйге енеді

  • Дәнекер ұлпалар,шеміршектер,созылмалы ұлпа,сүйек,тіс дентині зақымданады

  • Коллаген мен эластин сиинтезі бұзылады

  • Ауруға төзімділігі нашарлап,асқа тәбеті болмайды



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   56




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет