3)Мыстың энергия алмасуындағы рөлін және дәрумендердің әсер ету механизмін көрсетіңіз. Энергия алмасу процесі 4 сатыдан тұрады,оның үшінші сатысы биологиялық тотығуда 2,6,9 және 10-реакцияларында АТФ түзіледі,ал қалған реакцияларында түзілген энергия АТФ синтезіне жетпегендіктен,жылу ретінде қорға жиналып дененің қалыпты температурасын сақтап тұрады.Бұл жердегі мыстың қатысына келсек,биологиялық тотығу процесінің негізгі реакцияларын цитохром жүйесінің ферменттері іске асырады,ал цитохром ферменттеріне мыс ионы кіреді.Сонымен қатар мыс тыныс алу комплексінің құрамына кіреді,тотығу-тотықсыздану үрдістеріне қатысады. Цитохромоксидаза-АТФ синтезі үшін қажетті тыныс алу тізбегінің терминалды ферменті. Тирозиназа меланиннің, ал дофамин β-гидроксилаза-катехоламиндердің түзілуін катализдейді. Лизилоксидаза коллаген мен серпімді талшықтардың көлденең тігістерін қалыптастыру үшін қажет. Гистаминаза және басқа амин оксидазалары биологиялық белсенді аминдерді белсенді етпейді.Мыс С дәруменімен бірге микробқа қарсы әсер етеді және ол В, А, Е, С, Р тобындағы дәрумендердің метаболизмін қалыпқа келтіреді.С витаминімен бірге коллаген синтезіне қатысады,Вс және В12 витаминдермен бірге қанжасам үрдістеріне қатысады.Ал В2 витаминімен бірге өсу процестеріне ықпал етеді.