сұрақ Ақуыздардың толық емес құрамын растау үшін қандай түсті реакцияларды қолдануға болады?


)Белгіленген белгілерге биохимиялық түсініктеме беріңіз



бет52/56
Дата05.01.2023
өлшемі106,84 Kb.
#60417
түріҚұрамы
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   56
3)Белгіленген белгілерге биохимиялық түсініктеме беріңіз.
Науқаста гастромукопротеиннің төмен концентрацисынан бірден В12 авитаминозына дигноз қоюға болады.Себебі асқазандағы Касл факторы немесе гастромукопротеин В12 витминінің ащы ішекке сіңуіне жағдай жасайды.Егер Касл факторы жетіспеушілігі орын алса асқазанның шырыш қабаты мен В12+Касл фактор комплексі бүлінеді де ,В12 витамині сіңірілмей тапшылығы орын ала бастайды.
39-сұрақ


67 жастағы науқас шаршаудың жоғарылауына, тітіркенуге, әлсіздікке, терінің бозаруына, бас ауруына, диареяға, жүктеме кезінде ентігуге, салмақ жоғалтуға шағымданады. Әйелде анемия диагнозы қойылған.
1)Терапия курсы дәрігер қандай микроэлементтерді (ауызша) тағайындады?Бұл микроэлементтің асқазан-ішек жолынан жақсы сіңуіне қандай факторлар ықпал етеді?
Науқастағы диагноз анемия болғандықтан оған дәрігер Ғе және Cu микроэлементтерін тағайындайды.Себебі темір эритроциттерде – 18,5 мМоль/л болса,гемоглобиндердің 70% -н темір иондары алады.Темір мен мыс гемоглобин мен миоглобиннің синтезіне қатысады және организмдені қан жасау үрдістерін қамтамасыз етеді. Барлық биологиялық жүйелердің қалыпты жұмыс істеуін қамтамасыз етудегі рөлі бойынша темір маңызды элемент болып табылады. Жасушаларға оттегінің түсуі, тотығу процестерінің ағымы, антиоксидантты қорғаныс, иммундық және жүйке жүйелерінің жұмысы және т.б. темір деңгейіне байланысты. Орташа алғанда, организмдегі темірдің мөлшері 3-4 г деңгейінде болады. Темірдің 70%-дан астамы гемоглобиннің,10% - миоглобиннің бөлігіне кірсе, қалған темір ферритин түрінде бауыр,көкбауыр,сүйек кемігінде қорға жиналады.Шамамен 30 мг темір плазмада үздіксіз айналады, бұл плазманың негізгі темір байланыстыратын ақуызы – трансферрин болып табылады.Темірдің теріс тепе-теңдігі орын алған кезде тіндік қоймалардағы микроэлементтердің қорлары жұмылдырылып, жұмсалады.Басында бұл гемоглобин мен миоглобинте темірдің тиісті деңгейін ұстап тұру үшін жеткілікті болады. Алайда тіндік резервтер таусылған сайын сүйек кемігінің эритроидтық белсенділігі компенсаторлық түрде артады. Эндогендік тіндік темірдің толық сарқылуымен оның концентрациясы қанда төмендей бастайды, эритроциттердің морфологиясы бұзылады, гемоглобин мен құрамында темір бар ферменттердегі гем синтезі төмендейді. Қанның оттегі тасымалдау функциясы зардап шегеді, бұл тіндік гипоксиямен және ішкі мүшелердегі дистрофиялық процестермен анемия арқылы көрініс береді.
Темірдің сіңірілуіне әсер ететін факторлар:
1)Асқорыту ағзаларының қызметтік белсенділігі
2)Ағзаға келіп түсетін тағамдардың құрамдық ерекшеліктері
3)Темірді транспорттайтын ақуыдардың белсенділігі
4) Асқазан сөлінің рН-ы
5)Темірдің сіңірілуіне жағдай жасайтын микроэоементтер мен витаминдердің болуы
6)Ағзаның метаболизмінің қалыпты болуы және патологиялық жағдайлардан сау болуы


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   56




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет