1)ҮКЦ-ның 4-реакциясы: изоцитрат + НАД = оксалатцукцинат + НАДН2
2)ҮКЦ-ның 6-реакциясы: Альфа-кетоглутарат + HSKoA = суцинилКоА+ СО2 реакцияда сукцинил кофермент А-мен макроэргиялық байланыс арқылы байланысқан және НАД НАДН2-ге тотықсызданады
3)ҮКЦ-ның 10-реакциясы:Малат + НАД = оксалоацетат + НАДН2
4)БТ-ның 1-реакциясы: ПФ (НАД) = НАДН2 +АпоЕ реакция барысында SH2 ---S-ке айналады
Авитаминозы:
Пеллагра ауруы,терінің жарылып,түлеуі
3Д ауруы,дерматит,деменция,диарея
Терінің ашық жерлерінің қабынуы
Ауыз ойылып,стоматит пайда болуы
Дененің симметриялы аймақтарының дерматит болуы
Терінің ісініп,қарайып,тұрпайы сипатқа келуі
Асқазан мен ішектің кілегей қабаттарының атрофиясы
Тері мен кілегей қабаттарының зақымдануы ДНҚ-лигазалық реакцияның бұзылуы
Галлюцинация,сандырақ
36-сұрақ
9 айлық нәресте синтетикалық қоспалармен қоректенеді. Балада пеллагроид тәрізді дерматит, құрысулар және анемия бар. 1)Ұстаманың даму себебі неде? Себебі синтетикалық қоспаларда гамма аминомай қышқылы ГАМҚ болмайды.ГАМҚ орталық жүйке жүйесіне тежеуші қызмет атқарады.ГАМҚ жетіспеушілігінен шеткері жүйке жүйесінде тырысулар болады,бұл әсіресе кішкентай балаларда көп байқалады.Нәрестеде жүйке жүйесінде қозу үрдісі болған кезде оны тежеп отыратын ГАМҚ жетіспеушілігі болғандықтан ұстамалар дамыған.
2)Бұл процесс қандай витамин тапшылығымен байланысты (сөзбе-сөз, химиялық және биологиялық атау)? В6 витамині – химиялық атауы пиридоксин,биологиялық атауы адермин немесе антидерматиттік витамин.Классификациясы бойынша В6 витамині суда еритін витаминдер тобына жатады.Оның негізгі үш витамері белгілі – пиридоксол,пиридоксаль және пиридоксамин.В6 витаминінің молекуласы пиридин сақинасынан тұрады,онда сутегінің үш атомының әр орнын әр түрлі үш топ басқан.Олар – метильдік топ,гидроксильдік топ және гидроксиметильдік топ.Бұдан басқа азот атомының пара жағдайында пиридоксолда біріншілік спирт тобы,пиридоксальде альдегид тобы,ал пиридоксаминде амин тобы бар. В6 витаминін өсімдіктер мен микроорганизмдерде синтезделеді.Жұмыртқа сарысында,бидайда,қара бидайда,ашытқыда көп.Оның тәуліктік дозасы ересектерде 1,5-2 мг,балаларда 0,4 мг.