Сұрақтар Даму мүмкіндіктері шектеулі балаларға психологиялық-педагогикалық қолдауды ұйымдастыру бойынша әдістемелік ұсынымдар


Мүмкіндіктері шектеулі балаларды тәрбиелеу мен оқытуға арналған психологиялық-педагогикалық қолдау жағдайлары



бет3/15
Дата20.10.2022
өлшемі96 Kb.
#44433
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15
3. Мүмкіндіктері шектеулі балаларды тәрбиелеу мен оқытуға арналған психологиялық-педагогикалық қолдау жағдайлары
19. Психологиялық-педагогикалық қолдаудың негізгі талаптары:
1) білім беру ұйымында балалардың толыққанды жеке тұлға болып дамуын қамтамасыз етуге және жалпы білім беру және арнайы білім беру бағдарламаларын толық меңгеруге мүмкіндік беретін бейімдеу және түзете дамыту ортасын құру;
2) мүмкіншіліктері шектеулі балаларға білім беруді ұйымдастыруды қамтамасыз етуге және оқу-әдістемемен және материалдық-техникалық жабдықтауға қойылатын нормативтік талаптарға сәйкес даму мүмкіндіктері шектеулі балаларды оқытуға қажетті және олар үшін қолжетімді материалдық-техникалық жағдайларды жасау (арнайы құралдар, құрылғылар, көмекші және техникалық құралдар, қазіргі заманғы көрнекі дидактикалық материалдар);
3) балаларға психологиялық-педагогикалық қолдау жұмысын жүргізетін дефектолог мұғалім, педагог-психолог, логопед мұғалім және басқа да мамандардың кабинеттерін түзете дамыту құралдарымен, оқыту құралдарымен (соның ішінде техникалық), арнайы оқу-әдістемелік және дидактикалық әдебиеттермен жабдықтау;
4) білім беру ұйымының кітапханасын арнайы білім беру және түзете дамыту бағдарламаларымен, арнайы әдістемелік және оқу әдебиеттерімен қамту.
20. Психологиялық-педагогикалық қолдаудың тиімділігі психологиялық, педагогикалық, медициналық диагностиканың және жалпы көрсеткіштердің мәліметтері бойынша анықталады:
1) білім беру ұйымында болған бала мен ананың жағымды әсері;
2) баланың сенімділігі (позитивті, тең Мен тұжырымдамасын қалыптастыру үрдісі);
3) баланың өзге балалармен ынтымақтастыққа бейімділігі (топтардың, сыныптардың, балабақшаның, мектептің), ересектермен;
4) тиісті жас кезеңін меңгеру жетістігі және баланың қызмет түрлеріне қарай ерекшеліктері.
21. Психологиялық-педагогикалық қолдаудың тиімділігін анықтау үшін катамнеза әдісін қолдануға болады. Мәліметтерді жинау баланы психологиялық-педагогикалық қолдаудан кейін жарты жылдан соң, одан кейін жылына бір рет ұйымдастырылады.
22. Катамнез жинаудың үлгі кестесі:

      1. баланың аты, жөні;

      2. жасы;

      3. соматикалық деңгейі;

      4. психикалық деңгейі;

      5. қызметтің әрбір түріне қатысты басымдық қызығушылықтары;

      6. мамандардың пікірі бойынша бейімделу мінезі;

      7. ата-аналардың пікірі бойынша баланың бейімделу мінезі;

23. Даму мүмкіндігі шектеулі балалар түзету сабақтарындағы уақытты есептемегенде, үнемі күні бойы дамуы қалыпты балалармен бірге болады. Олар кемшіліктерінің деңгейіне қарамастан даму қалыпты балалармен бірге тәрбие, мәдени-ойын сауық, спорттық-сауықтыру және өзге де бос уақытты тиімді ұйымдастыру шараларына қатысады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет