Сұрақтар Даму мүмкіндіктері шектеулі балаларға психологиялық-педагогикалық қолдауды ұйымдастыру бойынша әдістемелік ұсынымдар


- сұрақ. Есту қабілеті бұзылған балалардың клиникалық – психологиялық ерекшелігі



бет14/15
Дата20.10.2022
өлшемі96 Kb.
#44433
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15
Байланысты:
Практикалық сабақтар

30- сұрақ. Есту қабілеті бұзылған балалардың клиникалық – психологиялық ерекшелігі
Есту кемістігі бар баланы психологиялық – педагогикалық тексеру оның даму ерекшеліктерін жан-жақты тексеруді қамтамасыз ететін психологиялық тексеруді қамтамасыз ететін психологиялық кешенінің бір бөлігі болып табылады.
Баланы психологиялық – педагогикалық тексерудің негізгі мақсаттары:баланың психикалық даму деңгейін анықтау,психикалық күйінің қалыптасу ерекшеліктерін жіктеу, психикалық дамудың бұзылу түрі мен деңгейін анықтау.
Психологиялық – педагогикалық тексеру міндеттері:
1. Баланың сезімдік және коммуникативті даму деңгейін анықтау және мінездеме беру.
2. Сенсорлық және қимыл- қозғалыс қызметтерінің даму деңгейін анықтау және мінездеме беру.
3. Ақыл-ой және сөйлеу тіл деңгейін (сөйлеу тілінің психологиялық қызметін зерттеу) анықтау және мінездеме беру.
4. оқужәне ойнау, манипулятивті, заттық қызметтерінің даму деңгейін анықтау және мінездеме беру,
5. Әлеуметтік – тұрмыстық бағдарлау деңгейін анықтау және мінездеме беру.
6. Бала мен ата-ана арасындағы қарым-қатынасқа мінездеме беру.
7. Психикалық дамуды бағалау, баланың өз мүмкіндіктерін, сол сияқты түзету көмегінің жағдайы мен жолдарын анықтау.
8. Балаға түзете көмек көрсететін ата-аналарға, мамандарға арналған нұсқауларды жетілдіру.
Психологиялық – педагогикалық тексерудің негізгі әдістеріне бала анасымен әңгіме (сұрау), баланың психологиялық жағдайын бақылау және зерттеу жатады.
Баланың анасымен әңгімелесу баланың психикалық және сөйлеу тілінің дамуы туралы нақты мәліметтерді алуға бағыттылған. Анасына қойылатын сұрақтар баланың дамуын анасының бағалауына емес, оның өмірінің нақты жағдайлары туралы мәліметтерді алуға негізделген. Баланың анасымен әңгіме барысында оның балаға деген көзқарасын, онымен сезімдік қарым-қатынасын ұғынуға мүмкіндік туады. Тексеруші баланың өз пікірін сөзбен білдіруді талап ететін вербальды нұсқауды орындаудың шектеулі болғандықтан, есту қызметі бұзылған баланы тексеруді бақылау әдісі негізгі әдістердің біріне жатады.Баланы бақылау тексеру барысында жүргізіледі. Психолог бақылау барысында баланың психикалық даму ерекшеліктерін білдіретін белгілі бір кезеңдерді анықтай алады: жаңа жерге, бөтен адамдарға реакциясын, қарым-қатынасқа түсу ерекшеліктерін, вербальды қатынас құралын пайдалану жалпы көңіл-күйін, баланың белсенділігін, қоршаған ортаға деген қызығушылығын, тапсырманы орындаудағы жетістік пен сәтсіздіктерге, ересектің ескертуі мен қолдауына, сезімдік реакциясы өз ісін сынауы, мінез-құлық реакциялары: гипо және гипербелсенділік, әсерлі лабильділік, қатты қозу, әлсіреу және т.б., сол сияқы анасының балаға деген сезімі, олардың арасындағы әсерлі өзара қарым-қатынас.
Баланың психикалық даму ерекшеліктерін терең зерттеу, оның бұзылу деңгейі мен түрін анықтау үшін « оқыту» тәжірибесі түрінде берілетін байқау зерттеу әдістерін қолдану қажет. Оқыту тәжірибесі әдістемесі баланың оқуға жарамдығын анықтау мақсатында әр түрлі көмек түрлерін енгізуге негізделген. Тексеру үдерісіндегі көмектің келесі түрлері пайдаланылады: іс-әрекетті еліктеу бойынша орындау, іс-әрекеті ишаратты пайдалану, еліктеу және сөздік нұсқау бойынша орындау.
Байқау зерттеулерін жүргізуде келесі қағидаларды басшылыққа алу қажет:
- баланың күнделікті орындайтын іс-әрекетін психикалық үлгілеу (заттық, ойынды, оқуды;)
- берілген тапсырманың бала мүмкіншілігі мен жасына сәйкес және оларға орындау жолын түсіндіру.
Есту қызметі бұзылған балалардың көпшілігі сөйлемейді немесе өте нашар сөйлейді, сондықтан тапсырмалар вербальды емес түрде берілу қажет. Мектеп жасындағы балаларды тексерген кезде қажет болған жағдайда сурдоаударманы пайдалануға болады:
- сапалы талдау деп берілген сынақтарды орындау нәтижесін есептеуді ғана емес, баланың барлық психикалық қызметін мұқият қарауды, оның ағымының жалпы қарқынын, сынақты орындау түрін, оқуға жарамдығын талдауды айтамыз.
Психологиялық – педагогикалық тексеруді медициналық тексеруден кейін жүргізген дұрыс, себебі есту қызметі бұзылған балада психикалық даму қызметінің диагностикасы үшін амнестикалық мәліметтер, соматикалық, неврологиялық, психикалық статустары, есту қызметі мен оның диапозон деңгейінің төмендеуі, қимыл және көру қызметтерінің сақталуы туралы мәліметтер өте маңызды.Ең алдымен бала қалдық есту қызметін тұрмыста қалай пайдаланатыны, қарым-қатынаста сөйлеу тілін пайдалануы, пайдаланса қандай көлемде екенін анықтау қажет. Психолог осы мәліметтерді талдауға, тексеруді қажетті бағытта жүргізуге, зерттеу әдісі, тәсілін мақсатты түрде қолдануына мүмкіндік береді.
Зерттеу әдісі мен тәсілін таңдау баланың жасын, оның моторлық, сенсорлық, ақыл-ой мүмкіншіліктерін есепке ала отырып, оған қажетті жайлы жағдайды ұйымдастырады. Зерттеуді балаға оңай және қызықты жеңіл тапсырмалардан бастап, баланың жас және мүмкіншіліктеріне қарай біртіндеп күрделендіру қажет. Баланы оның іс-әрекетін сөзбен, ишаратпен, ыммен оның тапсырманы қалай орындауына қарамай үнемі қолдау қажет. Ерте жастағы балаларды психологиялық – педагогикалық тексерудің өз ерекшеліктері бар. Балалар тексерушілермен бірден қатынасқа бармайды және берілген тапсырманы орындауға кірісіп кетпейді. Бұл біріншіден 8-9 айдан 2 жасқа дейін балаларда үйренбеген жерде, бөтен адамдарға деген қорқыныш, ұялу сезімдері, екіншіден өзіндік қорқыныш (ақ халат, жанасу, кеңістікке орын ауыстыру және т.б.) қырсықтық, негативизм, және т.б. көрінеді. Жағымсыз қарым-қатынаста немесе шаршағанда тексеру тоқтатылады. Алғашқы бірінші қабылдауда балаға оның жасына қарай 3-4 сынақтан артық беруге болмайды.
Тексеруді баланы алып келген анасымен әңгімелеуден бастаған дұрыс, осы кезде жаңа жағдайға, бейтаныс адамдарға үйренуге уақыт беріледі.
Жасқа толмаған, қимыл- қозғалысы ауыр бұзылған балаларды тексеру баланың көңілін ашық дыбыстарға аударып, мейірімді дауыспен, біртіндеп абайлап, тактильді қатынасты қолдану қажет. Ересек жастағы балаларды тексеруге қатыстыру үшін әр түрлі тапсырмаларды бір ойынға топтастыруды қолдану арқылы жүргізіледі.
Тексеруді баланың дербестігін бақылаудан оның белсенділігінің, адекваттылығын, ойын, заттың іс- әрекетінің сан алуандығын белгілеуден бастаған дұрыс. Егер бала ойыншықпен ойнай алмаса, онда ересек ойыншықпен ойнаудың әр түрлерін көрсетеді.Тексеруді жүргізу үшін заттар мен ойынщықтардың қажетті жиынтығы болуы керек.
Егер бала мүлдем қозғалмай, сөйлей алмайтын болса, онда ол ересек адамның ойын қимылын бақылайды. Тексеруші баланың ересек адамның іс-әрекетіне, қызығушылығының, белсенділігі мен тұрақтығын, болып жатқан іске сезімдік қатысын, эксперссивті- мимикалық реакциясын бақылайды.
Мектеп жасындағы баланы тексергенде, оны үстелдің екінші жағына отырғызбай, жеңіл және тікелей қатынас орнату үшін жанына отырғызған дұрыс.
Тексеру барысы, бала тәртібі, іс-әрекеті, эмоциялық реакциясы туралы мәліметтер хатталып жалпы қорытынды шығарғанда қолданылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет