Сұрақтар: Электр тізбегінің топологиясы, түйін ұғымы, тармақтар және контурлар


Электр тізбектері және оның бөліктері



бет2/5
Дата18.02.2023
өлшемі222,82 Kb.
#69009
1   2   3   4   5
Электр тізбектері және оның бөліктері
Электрлендіру өнеркәсібінің электр энергиясын оның көзінен электр қабылдағышарға жеткізу, тарату және басқару үшін әр түрлі қондырғылар мен құрылғыларды сым арқылы бірімен – бірін қосып электр тізбегін құрастырады.
Электр тізбегі деп электрлік үрдістері электр қозғаушы күш (ЭҚК), ток және кернеу ұғымдарымен түсіндірілетін, электр тогы жүретін жол түзетін қондырғылар мен құрылғылардың жиынтығын айтады. Электр тізбегі үлкен үш бөліктен тұрады: электр энергиясы көздерінен, электр энергиясын тасымалдайтын, тарататын және оны басқаратын қондырғылар мен құрылғылардан және электр қабылдағыштардан.
Электр энергиясының көзі деп басқа бір энергияны электр энегиясына түрлендіруге арналған қондырғыны немесе аспапты айтады. Мысалы, аккумулятор, электр генераторы (машина), термоэлектр генераторы, фотоэлемент т.б.
Электр энергиясын тасымалдайтын, тарататын құрылғылар мен қондырғыларға және басқаратын аспаптарға электр желілері, трансформаторлар, ажыратқыштар, сақтандырғыштар, релелер т.с.с жатады.
Электрлік қабылдағыш деп, әдетте, электр энергиясын басқа энергияға түрлендіруге арналған қондырғыны, құрылғыны немесе аспапты айтады. Мысалы, электрлік қоздырғыштарда электр энергиясы негізінен механикалық энергияға түрленсе, электролиз астауларында химиялық реакцияның энергиясына түрленеді.
Электр тізбектерін әр түрлі мақсаттағы жұмыстарды орындау үшін графикалық түрде кескіндейді. Электр тізбегінің шартты белгілер арқылы келтірілген графикалық кескіні электрлік сұлба деп аталады. (1- сурет)
Электрлік сұлбалар мақсатына қарай монтаждық, функциялық, парқылық, орынбасарлық т.с.с болып бөлінеді. Шартты белгілердің графикалық кескінін және мөлшерін халықаралық шартты белгілерге сәйкестендіре отырып Мемлекеттік Стандарт (МСт) қабылдаған. Сондықтан олардың кескінін және мөлшерін бұрмалауға болмайды.



1-сурет Электр тізбегінің сұлбасы мен (а) мен тізбек элементтердің шартты белгілері (б): 1- электр энергиясының көзі; 2- екі полюсті ажыратқыш; 3- сақтандырғыш; 4- электр қабылдағыш.

Электр тізбегіндегі әрбір қондырғы, құрылғы немесе аспап тізбектің элементі деп аталады. Тізбек элементтерін шартты графикалық белгілермен қатар, шартты әріптермен белгілеу де қабылданған. Мысалы электр энергиясын әрпімен белгілеу қабылданған, ал графикалық белгілеудегі тілсызық (стрелка) әрқашанда қорек көзінің потенциалы жоғары нүктесін көрсетіп тұруы керек.


Тізбектің бір ток жүретін бөлігі тармақ деп аталады.Қарастырылып отырған тізбекте үш тармақ бар: және .
Үш не одан да көп тармақтардың қосылған нүктесі түйін деп аталады (суретте а және с). Электрлік сұлбада түйінді нүкте қойып белгілейді. Егер нүкте қойылмаса, онда сымдар электрлік байланыспаған, айқасып қана жатыр деп есептелінеді.
Тізбектің ток жүретін кез- келген бөлігі өнбой (контур) деп аталады.Келтірілген тізбекте үш контур бар: және сыртқы контур . Ең болмаса бір тармағы бойынша ерекшеленетін контурларды өзара тәуелсіз контурлар деп атайды.
Электр тізбегінде элементтер тіркес (бірізді), паралель және аралас түрде жалғанады. Егер тізбек элементтері олармен бір ток өтетіндей етіп, яғни бірінің аяғы екіншінің басымен, екіншінің аяғы үшіншінің басымен т.с.с жалғанса онда мұндай жалғануды тіркес жалғау деп атайды. Суретте мен электр қабылдағыштары тіркес, ал пен электр қабылдағыштары параллель жалғанған. Егер тізбекте элементтер тіркес пен параллель жалғанған болса, онда мұндай жалғау аралас жалғау деп аталады. Қарастырылып отырған тізбекте тізбек элементтері аралас жалғанған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет