Сұрақтар: Электр тізбегінің топологиясы, түйін ұғымы, тармақтар және контурлар



бет1/5
Дата18.02.2023
өлшемі222,82 Kb.
#69009
  1   2   3   4   5
Байланысты:
электротехника 1


1-тапсырма
Электр тізбегі туралы түсінік және оның элементтері
Сұрақтар:
1. Электр тізбегінің топологиясы, түйін ұғымы, тармақтар және контурлар;
2. Ом және Кирхгоф заңдары;
3. Электр тізбегінің орын басу эквивалентті сұлбалары;

Қоғамымыздың материалдық және техникалық базасын жасаудың басты бағыты өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығындағы техникалық прогрестің негізі – болып отырған электрлендіруді интенсивті қарқынмен дамыту болып табылады.


Электротехника – электр және магнит құбылыстарын практикалық мақсатқа қолдану тәсілдерін зерттейтін ғылым.
Электротехниканың ең маңызды салаларының бірі - электроэнергетика. Электроэнергетика электр энергиясын (басқа энергия түрлерінен) өндіру энергияны алыс қашықтықтарға жеткізу, оны тұтынушылар арасында үлестіру және электр энергиясын басқа энергия түрлеріне – механикалық, жылулық, химиялық т.б. айналдыру мәселелерін қарайды.
Электроника – вакуум, газ, тағы басқа орталардағы электр құбылыстарын пайдалануға негізделген электротехника тарауы. Электроника электр энергиясын түрлендіру, станоктар мен үздіксіз линияларды басқару және оларды бақылау жұмыстарын атқаратын аппаратурада электрондық шамдардың шала өткізгіш және иондық аспаптардың, фотоэлементтердің, күн батареяларының т.б. құрылғылардың техникалық пайдалану мәселелерін қарастырады.
Егер электрониканың пайда болғанына ондаған жылдар ғана өтсе, ал электр техникасы мен электр энергетикасының пайда болғанына едәуір мерзім өтіп отыр.
Қазіргі уақытта электрлендіру негізінде өндіріс процестерін көмплексті механикаландыру мен автоматтандыру кеңінен енгізіліп отыр. Электр технология саласы, электржылулық және электролиздік жолмен металдарды алу және оларды өңдеу қарқынды дамуда. Әр жыл сайы жаңадан әр түрлі машиналардың автоматтық линиялары, цехтар мен завод-автоматтар іске қосылуда. Электр энергиясы көмегімен металдар пісіріліп, жоғары жиілікті токтар мен болаттар шыңдалуда.
Қазіргі электроника есептеуіш машиналарына, әр түрлі автоматтарға, өндіріс процестерін автоматтандыратын және оларды бақылайтын жүйелерге қажетті шағын (миниатюралық) құрылғылар (микросхемалар) алуға мүмкіндік туғызып отыр.
Өндірістік және технологиялық процестерді автоматтандыру электрондық, шала өткізгіштік және иондық аспаптарды кеңінен қолдану арқылы жүргізіледі. Олар осы процестерді реттеуге бақылау және басқаруға арналған.
Электронды есептегіш машиналарының қарқынды дамуы автоматтық басқару жүйелерін жетілдіруге және халық шаруашылығына аса қажетті ғылыми экономикалық т.б. есептерді шешуге мүмкіндік береді. Информацияны алуға, өңдеуге, жеткізіп беруге және кескіндеуге арналған электр техникасы құрылары автоматтың басқару жүйелері техникалық құралдарының маңызды элементтері болып табылады.
Халық шаруашылығының әр түрлі салаларында электр техникалық және электрондық құрылғылардың кеңінен қолдану білікті мамандарсыз мүмкін болмас еді.
Мамандар электр техникасының негізгі заңдарын, тұрақты және айнымалы ток қозғалтқыштарының трансформаторлардың, электр өлшеуіш аспаптардың, электр вакуумдік және шала өткізгіштік аспаптардың құрылысы мен жұмыс жасау принциптерін біліп, оларды практикада шебер пайдалана алуы керек.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет