«Мен жастарға сенемін »



Дата11.12.2023
өлшемі15,1 Kb.
#137417
Байланысты:
Мағжан Жұмабаев мақала


«Мен жастарға сенемін...»
Мағжан Жұмабаев Алаш қозғалысының қайраткері, қазақ әдебиетінің жарық жұлдызы атанған ақын, ұстаздықтың ұлылығы мен құдіретін көрсете білген педагог ретінде танылған. Мағжан Жұмабаев қазақ поэзиясында Абайдан кейінгі ақындардың ішіндегі алыптарының бірі де бірегейі болып саналады. Абайдан кейінгі қазақ әдебиетіне жаңа мән, жаңа түр енгізе білген, сол жаңалықтарды ғана енгізе салмай соңынан шәкірттерді ерте білген, ақындыққа жол бастаған қазақ ақыны болып саналады. Мағжанның мінезі мен ұстамына назар салатын болсақ, ол-санашыл, түрікшіл, дарашыл, уайымшыл да ,өзімшіл ақындардың бірі.
Ақын ұлы ақын Абайдың шығармаларын оқып ғана қоймай ақынның үлгісімен өзінің шығармашылығына жаңа екпін ғана әкеп қоймай екі шығармашылықтың ортасында ақындық қабілеті мен шығармашылығын шыңдады. Ақындық өнері мен бірге азаматтық өмірін де тек қана өзінің туған халқының азаттық туының астына өрбіте отырып, еркіндік пен теңдікке жете білуге арнайды. Бұл жерден Мағжанның талғамай талпына білуге, оқу, үйрену арқылы өзі жеткен білім деңгейіне , кеңінен ой-өрісі, сезім, сыр қалыптастырған көзқарас жиегі бола білгенін аңғаруға болады. Өзі өскен ортасынан алға оза шабуы да білімдарлығы мен ізденімпаздығына байланысты. Тіл өнері мен сөз өнері арқылы ұрпағына рухани мұра қалдырған Мағжан Жұмабаевтің шығармашылық мұраларын зерттеу, оны санасына зерделеу дәл қазіргі қазақ әдебиетіне, әдебиетті тану ғылымының өзекті мәселелерінің бірі болып табылады.
Мағжан Жұмабаев - поэзия әлемінің жарық жұлдызы ғана емес қазақ поэзиясындағы қайталанбас құбылыс екендігін айтуға тура келеді. Өйткені оның қуатты, рухты , бойға жігер берер жүрекке от беретін жалынды үні, ізденістері мен жаңашылдығы қазақ әдебиетін шыңға жетеледі. Ақынның шығармасынан оның құдіретін ең алдымен байқағандардың бірі де алғашқысы да Мұхтар Әуезов еді. Ол осы өзі білген, ұғынған сырларын былай деп жеткізеді:
«Абайдан кейін Мағжанды сүйемін.. Мағжан - мәдениеті зор ақын. Өлеңді музыкаға айналдырған , дыбыстан сурет тұрғызған, сөзге жан бітірген, жаңа өлшеулер шығарған. Бұл бір заманның тегінен асқандай , сезімі жетілмеген қазақ қауымынан ертерек шыққандай... Сондықтан келешекке бой ұрып , артқы күнге анық қалуға жарайтын сөз - Мағжанның сөзі». Осындай қазақты бүкіл әлемге танытқан жазушыдан осындай ерекше , өте жоғары деңгейдегі бағаға ие болу үшін қазақ сөзінің шын сраманы болу керек. Демек, Мағжан ақынды келешекте ұрпақты оқытып ғана қоймай оның сөздерін өздеріне кеңес ретінде де пайдалана алуға тұрарлық екендігі айқындалды. Қазақ даласына зор мақтанышпен аты қалған ақынның кез келген шығармасын зерттеп ғана қоймай оның керектісін бала санасына ұғындыра білу де үлкен жауапкершілік болып тұр.
Мағжанның алғаш жарыққа шыққан өлеңінің өзінен ақынның келер күнге деген ұлы мақсаттары айқындалып тұр. Тұтастай алар болсақ Мағжан өлеңдері Қазақтың сөз өнері үшін жап-жаңа дүние еді. Ақынның өлеңдерін оқи отырып, оның түйсіну , қабылдау қабілетінің айрықша мол әрқилы екенін аңғарасың , терең эстетикалық талғамның жоғары екендігі көрініп тұр. Ақынымыздың шығармалары арқылы бойға қуат , ойға серпін береді. Мағжан - қазақ поэзиясының саздылығын, әуезділігін арттырған , арғысы француз, бергі жақта орыс символистерінің өлеңдерінен дәстүр тапқан ақын. Еуропа ақындарының шығармашылығындағы мөлдір бұлақтан сусындай отырып, оны қазақ поэзиясының сұлулығымен үндестіре алған ақын екені баршаға мәлім. Қазақтың ұлы ақыны Абайға еліктеп , ұстаз жолын ұстанғанымен , өзінше жол табудан жалықпай , өте көп іздене білген ақын. Өлеңдеріндегі табиғат суреттері ,тылсым шақтар мен көңіл-күйлер де астасып отырады.
Ақынның кез келген шығармасын алып қарасаң да бір ел, бір тарихтың жолдарын тауға болады. Мағжанның барлық өмірі - поэзиясында . Ақын ел ішіндегі қоғамдық, әлеуметтік өмірге белсене араласа білді. Соларға ақындық үн қосып, өз шығармаларында айтылып, мақалалары баспасөз беттерінде басылып тұрды. Елдің жағдайына араласып ғана қоймай , елін, жерін мақтанып өз шығармасына қоса білді. Мағжан ақын қиын кезеңде ғұмыр кешсе де, ол бүгінгі жарық сәулелі күн шығатынына сенімі мол болды. Қазақ жастарына үкілі үміт артты. Олардың һәм білімді болғанын, саналы, зерек болғанын шын қалады. Оған дәлел күні бүгінге дейін әр қазаққа рух беретін, жастарға күш беретін «Мен жастарға сенемін» өлеңі. Ақын өлеңінен, төл мәдениеттен нәр алып, жігері жалын, рухы мықты, өр мінезді, ар-намысы биік болып, ортақ Отанымыз – Қазақстан Республикасына деген перзенттік сезімдері ұшталады. Сондықтан «Мен жастарға сенемін» өлеңі жастар тәрбиесі үшін бірден-бір өнеге мектебі деуге болады.
Сонымен поэзия руханиятымызды көркемдік кеңістікпен байытуымен қатар, тәрбиелік-тағылымдық жағын да толықтырып отырған әдебиет әлемінің үлкен бір қанаты десек, Мағжанның «Мен жастарға сенемін» атты азаматтық лирикасы ұлттық болмыс пен қайсар мінезге жетелеп, осы екеуін басты негізге ала отырып, туған жерге деген шексіз махаббат пен ұлтжандылыққа тәрбиелеуге қызмет етеді. Бүгінгі күн тұрғысынан елді, ұлт болашағы жастардың тәлім-тәрбиесі мен өнегелі өмір сүру жолдарын шешуге жауап береді.

Ы.Алтынсарин атындағы №63 жалпы білім беретін мектебінің


қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі
Джамантаева Жумагуль Сыдыковна

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет