Сұрақтар тізімі Жүрек, дамуы, топографиясы, шекаралары, жүрек қақпақтарының алдыңғы кеуде қабырғасына проекциясы



бет80/115
Дата10.04.2023
өлшемі415,62 Kb.
#80944
1   ...   76   77   78   79   80   81   82   83   ...   115
80. V жұп ми нервтің екінші тармағы, тармақтары, нервтендіру
аймақтары және бастың вегетативтік түйіндермен байланысы.93%

Үшкіл нерв - nervus trigeminus V жұп басүйек нерві, аралас нерв болып саналады құрамында қозғалтқыш және сезімтал талшықтары болады. Сонымен қатар вегатиивтік түйіндердің келетін постганглийдік парасимпатикалық талщықтарында бірге жүретіндігін ескерген жөн:


Ядроларына келсек:
1-nucleus spinalis-сезімтал жұлында жатады.
2-nucleus pontinus-сезімтал көпірде орналасқан
3-nucleus mesencephalicus-сезімтал ортаңғы мида жатады
4 nucleusmototiusn.trigemini-көпірде орналасады
Мида орналасқан жеріне келсек: n.trigeminusсабауы- көпір мен мишақтың ортаңғы аяқшасының бір-бірімен қосылған жерінде немесе үшкіл бет сызығы бойында орналасқан.
Бас сүйектен өтетін жеріn.trigeminus бассүйек ішінде үш ірі тармаққа бөлінеді ж/е олардың өтетін жерлері:
1-Көз нерві - n. ophthalmicus ​
2- Жоғарғы жақсүйек нерві - n.maxillaris
3- Төменгі жақсүйек нерві - n.mandibularis

2.Жоғары жақсүйек нерві - n.maxillaris сезімтал нерв болып табылады. Үшкілдік түйіннен тармақталып үңгірлі қойнаудан өтіп бассүйек қуысынан дөңгелек тесік аркылы шығып, қанат-таңдай шұнкырына кіреді және де сол жерде негізгі тармактарға бөлініп кетеді. Олар мыналар:


1.Көзұяасты нерві - n.infraorbitalisсезімтал нерв - жоғарғы жаксүйек нерв тармақтарының ішіндегі ең ірісі болып табылады сонымен катар оның тікелей жалғасы болып саналады. Нерв көзұя қуысына көзұяның төменгі саңылауы аркылы кіреді.Алдымен көзұя астындағы жүлгеде жатады сосын көзұя астындағы өзек арқылы өтіп, ит шұңқыры аймағындағы беттің алдыңғы бетіне көзұя астындағы тесік арқылы шығып тармақтарға шашырайды олар мыналар
а) Төменгі кабақ тармақтары - rr.раіpebrales inferiores төменгі қабақ пен көз бұрышы аймағы терілерін нервтендіреді.
б) Мұрындыктармактар- rr.nasales мұрынның бүйір қабырғасы терісін нервтендіреді.
в) Жоғарғы еріндік тармақтар - rr.labiales superiores жоғарғы ерін, иек және мүрын қанаттарының шырышты кабықтарын сонымен катар терілеріне бағытталган болады.
Көзұя астындағы нервтен жоғарғы жақсүйектің тістеріне келесі тармақтар кетеді:
а) Жоғарғы арткы ұяшыктар тармактары - rr.alveolares superiores posteriors көзұя астындағы нерв сабауынан басталып, аттас тесіктер аркылы төменгі жақсүйек төмпесіне бағытталады.
б) Жоғарғы ортаңғы үяшықтар тармағы - г. Alveolaris superior medius, көзұя астындағы нервтен көзұя астындағы жүлгеге баратын ең ірі сабауы болып саналады. Нерв төмен бағытталып, жоғарғы жақсүйек қойнауының сыртқы қабырғасы қалыңдығында тармақталады жоғарғы арткы ж/е алдыңғы ұяшықтар нервтерімен анастанноз түзіп, жоғарғы жақсүйектің кіші азу тістеріне дейін барады.
В) Жоғаргы алдыңғы үяшықтар тармактары - rr.alveolares superiores anteriores Көзұя астындағы нервтен көзұя астындағы тесік арқылы шығар жеріне дейін тармакталады.
2. Қанат-таңдай нервтері - nn. pterygopalatini кысқа әрі жіңішке тармактар болып келеді сонымен катар олар ganglion pterygopalatinum құрылуына қатысады. Бұл тармактардың кейбір талшыктары түйін құрамына кіреді; ал калғандары қанаттаңдай түйінінен тараған тармактармен байланысады. Оларға rr.orbitales, nn.nasales posteriores superiores ж/е nn.palatini жатады.
Қанат-таңдай түйінінен (ganglion pterigopalatinum-нен) шығатын постганглилік секреторлық тармақтаргв келсек оларга мыналар кіреді
1) түйіншелік тармақтар rr.ganglionares – қанат-таңдай түйінін n.maxillaris-пен байланыстыратын парасимпатикалық нерв талшықтары осы байланыс нәтижесінде парасимпатикалық импульстар n.maxillaris-ке одан n.zygomaticus-ке, содан соң n.ophthalmicus-тің тармағы n.lacrimalis-ке беріліп кейін көзжас безін иннервацияланады яғни көзжас безінің қан тамырларын кеңейеді ж/е көз жасының бөлінуі күшейеді;
2) мұрынның артқы тармақтары rami nasales posteriores – сына-таңдай тесігі – foramen sphenopalatinum арқылы мұрын қуысына өтіп, оның сілемейлі қабығының бездерін нервтендіреді. олардың ең ірісі n.nasopalatinum күрек тіс каналы ягни – canalis incisivus арқылы ауыз қуысына кіріп, қатты таңдайдың сілемейлі қабығының бездерін иннервациялайды.
3) таңдай нервтері nn.palatini – canalis palatinus major арқылы төмен бағытталады foramen palatina majus et minus арқылы ауыз қуысына шығып, қатты ж/е жұмсақ таңдайлардың сілемейлі қабығының бездерін иннервациялайды.
3. Бетсүйек нерві - п.zygomaticus ол жоғарғы жақсүйек нервтен қанат-таңдай шұңкыры аймағында тармақталады ж/е көзұя астындағы нервпен бірге көзұясына көзұяның төменгі саңылауы аркылы кіріп, көзұяның сырткы кабырғасында жатады. Бетсүйек нервінің өз жольнда көзжас нервімен қосатын дәнекер тармақ бар ол оларganglion pterygopalatinum-нан тарайтын талшықтардан кұрылған. Кейін бетсүйек нерві foramen zygomatico orbitale-гe кіріп бетсүйектің ішінде екі тармакка бөлінеді:
а) Бетсүйек - бет тармағы r. zygomatico-facialis аттас тесіктен шығып, ұрт ж/е көздің латералді бүрышы терілерінде аяқталады.
б) Бетсүйек-самай тармағы - r.zygomatico temporalis ол да аттас тесіктен шығып, самай ж/е маңдайдың латералді бөлігінің терілерінде тармакталады. Екі нерв те өздерінің соңғы тармактарымен n. facialis пен кең байланысады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   76   77   78   79   80   81   82   83   ...   115




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет